Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025 15:27

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді таңдау бойынша ұсынымдар

 

       Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар сатып алу — ата-аналар үшін ең жауапты сәттердің бірі. Барлығы, әсіресе балалар сыйлықтарды асыға күтеді. Сырт көзге тартымды көрінгенмен, құрамында сапасыз қоспалар, аллергендер немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдер болуы мүмкін.

Сондықтан тәттілерді таңдау кезінде бірнеше ережені есте ұстау қажет.

Алдымен тәттілерді, сыйлықтарды ұйымдастырылған сауда орындарынан (дүкендерден, супермаркеттер, ресми базарлар) сатып алған жөн.

Сатып алған уақытта қаптаманы міндетті түрде тексеру қажет: әрбір тағамдық өнімнің қаптамасында өнім атауы, өндіруші, құрамы, қоспалары, сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі, сертификаттау және қоректік құндылық туралы ақпарат толық көрсетілуі қажет.

Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын мұқият қарау қажет.      

Өнімнің сақтау температурасы мен ылғалдылығы белгіленген нормаға сәйкес болуы тиіс.

Құрамына аса мән беріңіз, жасанды бояғыштар, пальма майы, аспартам сияқты тәттілендіргіштер, жасанды хош иістендіргіштер бар өнімдерден бас тартқан жөн.

Дайын тәттілер жиынтықтарын таңдауда әр өнімнің жарамдылық мерзімі үйлесімді болуы керек, қаптамасы зақымданбаған болуы қажет. Жиынтық құрамының толық тізімі көрсетілмесе — сатып алмау ұсынылады.

Баланың жасына қарай тәтті таңдау қажет, мысалы: 3 жасқа дейін — қатты карамель, жаңғақ, қышқыл кәмпиттер беруге болмайды. 3–6 жас — жұмсақ мармелад, пастила және сапалы сүтті шоколад. 6 жастан бастап — қара шоколад пен салмалы кәмпиттерді шектеулі түрде қолдануға болады.

Аллергияны ескеріңіз: жаңғақ, бал, цитрус, жұмыртқа ақуызы сияқты аллергендерге мән беріңіз. Оларды балалар тағамында қолданбаған жөн. Айта кететіні, карамель, оның ішінде мұз карамелді, балаларға арналған тәтті жиынтыққа салмаған дұрыс болады.

Балаға берілетін тәттілер мөлшерін күніне 30–50 г-нан артық бермеу ұсынылады, мереке кезінде де нормадан асып кетпеу қажет.

Сатушы сіздің талабыңыз бойынша өнімнің барлық  құрамдас бөліктерінің сапасы мен қауіпсіздік растайтын сәйкестік туралы декларацияды ұсынуға міндетті.

Өнімнің қаптамасы, мерзімі мен құрамы дұрыс таңдалған жағдайда ғана бала денсаулығына қауіпсіз.

Мереке балалар үшін қуанышты, ал ата-аналар үшін алаңсыз болуы үшін тәттілерді таңдауға қарапайым алдын алу шараларын орындауға жауапкершілікпен қарау қажет, бұл сіздің  сонымен қатар туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

 

Еңбекшіқазақ адуандық СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 476 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет