Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025 15:29

Жаңа туған кездегі профилактикалық екпенің маңыздылығы туралы

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және инфекциялық (бактериальды, вирустық) аурулардан өлім  жағдайын төмендету мақсатында жүргізілетін тиімді әдіс.

       Жалпы инфекциялық аурулардан қорғау үшін алдын-ала егу - инфекциялық ауруларға қарсы төзімділікті туындатып, біздің иммундық жүйемізді нығайтып, ауруларға қарсы қорғаныс факторлары (антиденелер) пайда болады. Ал бұл қорғаныс факторлары біздің ағзамызға сол инфекциямен ауырғанда немесе оған қарсы екпе жасатқанда пайда болады. Әртүрлі жұқпалармен ауырып, ағзамызда әртүрлі асқынуларға жол бергенше оған қарсы екпе алған тиімді.

        Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін елімізде  тіркелген және қолдануға рұқсат берілген вакциналар пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №612 қаулысымен бекітілген егу жұмыстары Ұлттық күнтізбеге сай 11 жоспарлы егу, 9 жоспардан тыс профилактикалық екпелер жүргізіледі. Барлық екпелер  егілетін адамнан немесе баланың ата-анасынан  (заңды уәкілінен) вакцинация жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

       Жалпы  вакциналардың сол қоздырғышқа (вирус немесе бактерия)  қарсы әсер ететін екі түрі бар, өлі және белсенділігі төмендетілген вакциналар бар. Бұл вакциналар аурудың пайда болуына және әртүрлі асқынуларға жол бермеуге әсерін тигізеді. Вакциналардың көбісі инъекция түрінде және пероральды, яғни ауыз арқылы жүргізіледі.

       Нәресте дүниеге келісімен өмірінің алғашқы 12 сағатында бауырдың зақымдауымен жүретін «В» вирусты гепатиттің алдын-алу мақсатында осы ауруға қарсы моновакцинамен жүргізіледі. Вакцина ауру шақыратын вирустың анасынан (тікелей) не болмаса медициналық манипуляциалырды жүргізу кезіндегі (парентералды) жұқтыруға қарсы тұруға көмектеседі.

       «В» вирустық гепатитінің жіті түрін емдеуге арналған дәрі-дәрмек жоқ. Тек демеуші терапия ұсынылады. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде вакцинация арқылы балалардың «В» вирустық гепатиті сияқты қауіпті инфекцияны жұқтыруын болдырмауды жөн көреді.

       «В» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация 1 жасқа дейінгі балалар алатын 3 екпеден тұрады. Бұл баланы ауыр вирустық аурудан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстанда тұратын балалар келесі 2 екпені туған күнінен бастап 2 және 4 айда алады.  

        Сонымен қатар, нәрестеге перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ – вакцинасы жасалады, ол дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 0-4 күні аралығында жүргізіледі. БЦЖ вакцинасы туберкулездің ауыр түрлерінен қорғай алады.

        БЦЖ вакцинасының басты рөлі – балаларды туберкулездің қауіпті асқынулары: туберкулез менингиті және туберкулездің таралған түрлерінен қорғау, олар әрдайым дерлік жас балаларда өліммен аяқталады.   

  Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қажетті профилактикалық егулерін жасатып отырыңыздар.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 500 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет