Сәрсенбі, 26 Қараша 2025 17:25

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып, қандай да бір жетістікке жете ме, әлде мәнсіз, мағынасыз өмір сүре ме – ол өз таңдауы. Өмірдің тарам-тарам жолдарында өзің сүйетін іспен айналысып, күнделікті сол ісіңнен ләззат ала білсең – сен нағыз бақытты жансың! Себебі бұл дүниеде өмірден орнын таппай, кім боларын, не іспен айналысарын білмей жүргендер қаншама?! Ал бүгін – жаңа заманның қарыштаған уақыты. Ағылшын тілі – осы замандағы міндетті түрде мегеру керек тілге айналды. Әлемдік тілге айналған ағылшын тілі – қазіргі таңда көп жасқа үлкен мүмкіндіктер ашуда. Ағылшын  тілін меңгеріп, сол тілді өзгеге үйрету  –  кез келген адамның қолынан келе бермейтін, үнемі ізденіс пен шыдамдылықты өзге салаларға қарағанда көбірек талап ететін  дара жол. Осы бір дара жолды таңдағандардың  бірі – Балжан Бекмахаметова. Анасының жолын қуып, артынан ерген жас тәлімгермен тілдескен едік.

 

– Балжан Бекмахаметова алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз? Қанша дегенмен өзге тілді меңгеру  – күнделікті ізденіс пен уақытты, төзімділікті талап етеді. Неліктен білім жолын  таңдадыңыз?

– Мен 2002 жылы 25 наурызда Есік қаласында дүниеге келдім. Кішкентайымнан кітапқа құмар болдым. Өйткені анам Салтанат Сыздықова – тарих пәнінің мұғалімі еді. Анам маған өз елімнің тарихы туралы үнемі айтып отырады. Оның үстіне анам ұстаз болған соң, күнде кешке жұмыс жасап, оқушылардың дәптерін тексеруден қолы босамайтын. Кейде тіпті менің сабағымды тексеруге үлгермейтін. Сонда мен ешқашан ұстаз болмаймын деп ойлаушы едім. Бірақ уақыт өте келе, менде анамның ізін жалғадым. «Ат бас-паймын деген жерін екі рет басады» демекші, ешқашан деп айтуға болмайтынына көзім жетті.

Анам менің білімді әрі жан-жақты  болғанымды қалаған соң, түрлі үйірмелерге апаратын. Сөйтіп, мен 5-ші сынып оқып жүргенімде, ағылшын тілінен жеке сабақ алдым. Таңертең сабаққа, одан кейін ағылшын тілін оқуға барып, үйге шаршап келетін едім. Кейін ағылшын тілі – менің ең сүйікті пәніме айналды. Енді міне, қазір ағылшын тілінен сабақ беріп жүрмін.

– Ағылшын тілі – болашақтың тілі екені белгілі. Өз курсыңызды ашар алдында қандай дайындықтан өттіңіз? Қандай білім алдыңыз? Толығырақ бөліссеңіз.

– Менің өмірімдегі ең қызық дүние – ол менің 3 мектепте білім алғаным. Бастауыш сыныпта мен Абылай хан атындағы орта мектепте білім алдым. Кейін жоғарғы сыныпта Қ.Сәтпаев атындағы мектепте оқыдым. Ал 11 сыныпты Америка Құрама Штатында тәмамдадым. Америкадағы мектепте оқитынымды кішкентайымнан білгенмін. Бала кезімнен шетелдік фильмдерді көп қарайтынмын. Байқасаңыздар, Америкадағы мектептерде таңертең оқушыларды сары автобус алып кетеді. Белгіленген мектеп формасы жоқ, бәрі өзіне ұнаған киімін киеді. Ұстаздан қаймығу байқалмайды. Маған сол шақтан бастап, Америкада білім алу – ол еркіндік болып көрінетін. Солай мен Америкадағы «Cedarville hidh school»мектебінде білім алдым. 1 жыл бойы Отанымнан жырақта жүріп, өзге елдің мәдениеті мен тұрмысын байқадым. Арнайы бағдарлама бойынша барған соң, мен  шетелдік отбсымен бірге бір шаңырақ астында тұрдым. Бағыма орай, маған ең керемет отбасымен бірге тұру бұйырған екен. Ол кісілер өзге елден келген мені еш жатсынбады. Тіпті, әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз. Міне осылай мен Америкада бір жыл оқып келдім. Өз еліме келіп, бірнеше тіл үйрететін мекемелерде сабақ бердім. Сосын ұстаздық – менің өмірлік жолым екенін түсініп, өз мектебімді ашуға бел будым. Қазір Америкада алған білімімді өз оқушыларыма үйретудемін.

– Осы тұста ағылшын тілін меңгерудің  тиімді тәсілдерін айта аласыз ба?

– Негізі  кез келген тілді меңгеру үшін ең алдымен адамда ниет болуы керек. Ниеті бар адам алдына мақсат қояды. Нақты мақсат болса, тілді үйрену аса қиын емес. Мәселен, сіз ағылшын тілін үйренгіңіз келеді делік. Ал ағылшын тілі не үшін керек сізге? Алдымен осы сұраққа жауап беріп, кейін тілді меңгеруді бастаған жөн. Ниет қойылып, мақсат айқындалғаннан соң, күнделікті 2-3 сағат тілді үйренуге уақыт арнаған абзал. Ағылшын тілін меңгеру оңай. Тек күнделікті практика қажет. Ағылшын тілінде мультфильмдер көру, подкасттар мен  әуен тыңдау – тілдік барьердің азаюына өз септігін тигізеді. Шамамен 6 ай көлемінде, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге болады. Ал егер жоғарғы оқу орнына шетелге тапсырам деген оқушылар болса, онда тілді меңгеру  12 айға дейін созылады.

–  Ал сіздің білім беру ерекшелігіңіз қандай? Ағылшын тілін оқыту барысында қандай тәсілдерді қолданасыз?

– Жоғарыда атап өткенімдей, мен Америкада 1 жыл тұрдым. Сол бір жылдың ішінде мен ағылшын тілінің жан-жақтылығын ұғындым. Мен білім алған мектепте профессорлар белгілі бір заңдылыққа сай сабақ өтпейтін. Керісінше оқушыға толық еркіндік береді. Оқушы мұғалімнен еш сескенбей ойын ашық айта алады. Маған осы дүние қатты ұнады. Сол себепті өз курсымда мен балаларға ой еркіндігін беремін. Біздің мектептерде көбінде  оқушы мұғалімнен қорқады. Ойын ашық жеткізе алмаған соң, оқушының сабаққа ынтасы да болмайды.

– Сіз оқушыларыңызды тіл үйренуге қалай қызықтырасыз?

– Менен білім алуға келген оқушының – ағылшын тілін үйренуге ниетті екені белгілі. Осы тұста мен баланың қызығушылығын сөндіріп алмауым керек. Егер мен сабақты тек ереже түсіндірумен өткізсем, бала шаршап кетері анық. Сол үшін мен 1-1,5 сағатты барынша қызықты етуге тырысамын. Оқушыларды командаға бөліп, өзара жарыс ұйымдастырамын. Кейде сабақ үстінде фильм көреміз. Барынша сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын.

–23 жасыңызда өз курсыңызды ашуға не түрткі болды? Бұн-дай жауапкершіліктен қорықпадыңыз ба?

– Қорқыныш болды, әрине. Алайда, мен өзім білетін дүниені айналаммен  бөліскім келді. Мүмкін менің, тәуекелден қорықпауым, атам мен апамның тәрбиесін алғандықтан болар. Атам мені еркелетіп өсірді. Менің өмірімнің ең маңызды сәттерінде атам қасымда болды. Менің атам отбасын асырау үшін көп тәуекел етті. Соның арқасында жетістікке жете білді.  Содан болар, мен тәуекел етуден еш қорықпаймын. Қандай да бір іс мен ойлағандай, қалағанымдай болмай жатса, налымаймын. Керісінше алған тәжірибем үшін қуанып, келесі жолы ол қателіктерді жасамауға тырысамын.

– Ағылшын тілін меңгеру сізге қандай мүмкіндіктерге жол ашты?

–  Кез келген тіл – адамның ойлау жүйесін дамытады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, мен үшін қазақ тілі – ең алғашқы орында. Қазақ болғаныма мақтанамын! Ал ағылшын тілін білу маған көп мүмкіндіктер сыйлады. Тілді меңгергенімнің арқасында Америкада оқу мүмкіндігіне ие болдым. Шетелде еркін саяхаттап, жаңа достар таба алдым. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі маңызды ақпараттарды ағылшын тілінде оқи аламын. Қазір мен тіл білгенімнің арқасында, өз  табысымды тауып отырмын. Әрине, бұл жетістік маған оңай келген жоқ. Осындай әдемі әңгіменің ар жағында, менің қаншама еңбегім, ұйқысыз өткен түндерім, ішкі уайымым жатыр. Бірақ соның арқасында мен дегеніме жеттім.

–  Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

 

Тілдескен Жанерке САТЫБАЛДЫ.

 

Оқылды 439 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет