Сәрсенбі, 26 Қараша 2025 17:43

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің  күйшісі Омархан Әубәкірұлы Керімқұловтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Күймен өрілген ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Бұл рухани тағылымға толы кешке аудан және ауыл тұрғындары, мәдениет саласының қызметкерлері мен жас өнерпаздар қатысып, күйші мұрасын дәріптеді. Шараның шымылдығын Сөгеті ауылдық округінің әкімі Құдайберген Мұхадиев ашып, Омархан Керімқұловтың өмірі мен өнер жолының ұрпаққа өнеге боларлық маңызын атап өтті.

Кешке Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының директоры Дариға Жанбилова, әдіскер Гүлия Саурықова, ақсақалдар алқасының төрағасы Мәлік Байұзақов, О.Жандосов атындағы мектеп директоры Гүлмира Ашметова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулет Бейсебаев, жұбайы Зейнехан және мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты.

Омархан Керімқұлов 1935 жылы қараша айында Хантәңірінің шығыс жағындағы Мұздауан тауларынан                 бастау алатын Шоңқұштай өзені бойында дүниеге келген. Алты жасынан күйшілікке баулыған ұстазы – кемел күйші Қожекенің баласы Рақыш күйші еді.

Омарханның дарындылығы ерте танылып, небәрі 16 жасында Құлжа қаласында өткен үлкен «Күй жарыс-та» 120 күйді мүдірмей орындап, бірінші жүлдеге ие болған. 1962 жылы желтоқсан айында Шыңжан өлкесінен атамекенге көшіп келгеннен кейін 1964 жылы Алматыда Құрманғазы атындағы консерватория ұйымдастырған «Жетісу халық таланттарын жинау» экспедициясында ең таңдаулы күйші атанып, өнер әлемінде үлкен үміт артылған еді. Алайда өмірдің тұрмыс тауқыметі оны өнерден уақытша алыстатып, 1965-1985 жылдар арасында Балқаш ауданындағы «Құйған» кеңшарында озат шопан болып еңбек етті. Дегенмен, ел тәуелсіздігін алған тоқсаныншы жылдары күйші өнерге қайта оралып, Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкесіндегі күйшілік дәстүрге тән ұлттық сарындардың қайталанбас ирім-ырғақтарын қаз-қалпында қайта түлеткен саңлақ күйші, дәулескер домбырашы атанды. Омархан Керімқұловтың репертуарында ұзақ жылдар халқымыздан жасырын ұстап келген ХІХ ғасырдағы әйгілі Қожеке, Сыбанқұл, Шіде, Қосдәулет, Түсіпхан, Бестібай сияқты күйші бабалардың туындылары бар. Сонымен қатар халықтық жыр-аңызға құрылған «Жиренше шешен», «Мұңлық-Зарлық», «Қамбархан» секілді шығармалар да оның орындауында тың жаңғырық тапқан.

Омархан Керімқұловтың өнері 1994 жылдары теледидар мен радио арқылы қайта жаңғырып, белгілі зерттеуші Жарқын Шәкерім «Қайта оралған Жетісу күйлері» атты алты телетүсірілім жасады. Ал журналист Құдиярбек Ағыбаев оның жиырмаға жуық күйін Қазақ радиосының «Алтын қорына» енгізді. Күйшінің алпыстан астам туындысы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның фольклорлық қорында сақтаулы. Бүгінде оның орындауындағы 35 күй «Мәңгілік сарын», «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиялық жинақтарына енген.

Еске алу кеші барысында жас өнерпаздар ұлы күйшінің рухына тағзым етіп, күмбірлеген күйлерін орындады, дәстүрлі ән айтып, би билеп, Омархан Керімқұловқа арналған арнау өлеңдер оқыды. Көрермендер назарына халық даналығына толы «Ұр-тоқпақ» атты күлкі мен ғибратқа бай ертегі қойылымы ұсынылды.

Кеш соңында Омархан Керімқұловтың 90 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға, еске алу кешін жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан бірқатар азаматтар мен белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

2004 жылы дүниеден өткен Омархан Әубәкірұлы Нұра ауылының іргесіндегі қорымға жерленген. Артында ұрпақтары Қанапия, Өркен (марқұм), Олжас есімді ұлдары мен Кәдірқыз, Клара атты қыздары қалды.

Бұл кеш – жай ғана естелік емес, ұлттың рухын, дәстүрдің үзілмес желісін жалғаған рухани мереке болды. Омархан Керімқұловтың күйі – халқымыздың тарихы мен тағдыры, көңіл мен жүректің үні. Осы бір сазды кеш арқылы біз өнердің мәңгілік екенін тағы бір мәрте сезіндік. Ұлттық мұраға деген құрмет, күйге деген сүйіспеншілік бәріміздің ортақ байлығымыз.

 

Жайна ЕПТІБЕКҚЫЗЫ.

 

Оқылды 436 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет