Жұма, 26 Желтоқсан 2025 00:44

Үлкендер салған сара жол – ұрпаққа үлгі

Халқымызда «Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейтін қанатты сөз бар. Қариялар елдің ұйытқысы, қоғамның рухани тірегі, елдік пен бірліктің алтын діңгегі болып қала бермек. Бүгінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, жол көрсететін ұлт болашағының темірқазығы да – үлкендеріміз екені даусыз. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестері – ел ішіндегі ынтымақ пен келісімді нығайтуда, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухты жастарды тәрбиелеуде аса маңызды қоғамдық институтқа айналып отыр.

Жуырда Есік қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепте Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің 2025 жылы атқарған жұмысының жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ауданымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің 2025 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау, қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту, отбасы құндылықтарын дамыту, жастар тәрбиесін қолдау, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы қалыптастыру бағытындағы қызметтердің тиімділігін бағалау болды. Ауқымды жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов төрағалық етті. Сонымен қатар, аталған шараға қала және округ әкімдері,  Еңбекшіқазақ ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және мүшелері қатысты.

Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің 2025 жылы атқарған жұмыстары талқыланды. Кеңестердің қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, жастар тәрбиесін қолдау, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы қалыптастыру бағыттарындағы қызметтерінің нәтижелері қаралды.

Сондай-ақ, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі, этносаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыру, жастармен жүргізілетін тәрбиелік және алдын алу жұмыстарының тиімділігі аталып өтті. Осыған байланысты, алдағы кезеңде кеңестердің жұмысын жетілдіру, жастар арасындағы тәрбиелік іс-шараларды күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған жобаларды кеңейту, сондай-ақ қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылды.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Мұқашев өз сөзінде кеңестің 2025 жылы атқарған жұмыстарына тоқталды. Кеңес мүшелерінің қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінгенін кеңінен баяндады. Ауылдық округтерде өткізілген кездесулер, түсіндіру жұмыстары және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Алдағы уақытта да Ақсақалдар кеңесінің қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бағытындағы жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Роза Исатаева, Аналар кеңесінің 2025 жылғы жұмысы отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге, ананың қоғамдағы рөлін арттыруға және жастар тәрбиесіне бағытталғанын атап өтті. Кеңестің қызметі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары аясында жүзеге асырылып, жыл ішінде бірқатар мәдени, тәрбиелік және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізілгенін жеткізді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін назарға алды.

Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева, биылғы жылы облыс бойынша Аналар кеңесі жүргізген жұмыстарға тоқталды. Ол кеңестің отбасы мен ананың рөлін қолдау, жастардың тәрбиесіне үлес қосу, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайту бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырғанын баяндады. Кеңес жұмысы негізінен «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары аясында жүргізіліп, мәдени, тәрбиелік және әлеуметтік мәні бар шаралар өткізілген. Г.Жошыбаева алдағы кезеңде де осы бастамаларды дамытуға және кең ауқымды іс-шараларды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие бойынша пікірін ортаға салды. Яғни қоғамдағы жастардың үлкендерге құрметі, ажырасу оқиғаларының көптігі, жаман әдеттерге бейім жастардың көптігі сынды бірқатар мәселелерді көтеріп, бұның барлығына «ұят» деген қасиеттің жойылғаны себеп екенін ескеріп, «ұялуды үйренейік» деп кесек ойын жеткізді.

Отырыс барысында Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары тыңдалып, жақсы деңгейде бағаланды. Қабылданған шешімдер бойынша алдағы уақытта кеңестер өз қызметін жалғастырып, мәдени, тәрбиелік және әлеуметтік мәні бар жобаларды дамытуға, жастармен және қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуге міндеттелді. Жиын соңында аудан әкімі Талғат Ескендірұлы аудан көлемінде атқарылған игі істер мен алға қойған мақсаттармен бөлісіп, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің ұжымына зор алғысын білдірді.

 

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 32 рет

Кескіндер галлереясы

Осы категориядағы басқа материалдар: « Күймен өрілген ғұмыр Үздік оқырман анықталды »

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет