Сәрсенбі, 26 Қараша 2025 17:00

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге үндейді. Осы орайда «Чемпиондық рух» жобасының аясында Есік қаласындағы спорт кешенінде жастармен жүздесу өтті. Шараның басты мақсаты – жастар ды есірткі мен ішімдіктен аулақ жүріп, спортты серік етуге, елге адал қызмет көрсетуге шақыру. Ауқымды шара барысында жүздеген жас спортқа деген қызығушылығын артты рып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді

 

Ауқымды шараға Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ақылбек Төлеуов, облыстық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Орынбасаров, Сергей Гориной, самбо және дзюдо күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айсара Керімбекова, бодибилдинг спортынан Азия және Қазақстан чемпионы блогер Алексей Слесаренко, джиу джитсу және греплинг күрестерінен әлем чемпионы Любовь Темнокова, кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері Дуглас Хейбейро, әлем марафондарының бірнеше дүркін чемпионы Алпыс Ермағамбетов сынды спорт саңлақтары және аудан жастары қатысты. Мейіржан Тәттімбет, Арман Ыдырыс орындаған патриоттық әндермен кездесу шымылдығы ашылды.

Құрметті қонақтар құттықтау сөздерінде «Чемпиондық рух» жобасының мақсатына, саламатты өмір салтының маңызына тоқталып, жастардың өміріне қажетті келелі кеңестерін беріп, тілектерін білдірді. Басты рәсім таңғы жаттығуға кезек беріліп, спорт майталмандары барлық қатысушылармен бірге спорттық жаттығулар жасады. Сонымен қатар, облыстық жедел әрекет ететін арнайы жасақ ұжымы қоян-қолтық ұрыстан жаттығу көрсетті. Сондай-ақ, кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлері арнайы үйретілген ақылды иттердің жұмысын көрсетті. Қорытынды сәтте Ақылбек Төлеуов айтулы шараға атсалысқан жандарға облыстық полиция департаментінің алғыс хаттарын табыс етті.

Облыстық мәслихат депутаты, «Чемпиондық рух» жобасының амбассадоры Нұрсұлтан Орынбасаров өз сөзінде:

– Бұл бастама «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен жүзеге асып отыр. Жоба жастардың өз әлеуетін спорт арқылы ашуына, саламатты өмір салтына бет бұруына нақты серпін беруде. Алдағы уақытта «Жастар Рухы» барлық өңірлерде «Чемпиондық рух» жобасын тұрақты форматқа айналдырып, спорттық белсенділік пен қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырады. Себебі, «Чемпиондық рух» бұл жай ғана жоба емес, бұл ұлттық деңгейде көтерілуге тиіс бастама. Егер жастар мен ересектер күн сайын таңғы жаттығуды өмір салтына айналдырса, онда дені сау ұлт, мықты қоғам және берік мемлекет қалыптасады – деді.

Жалынды энергияға толы шара соңында жастар қонақтармен суретке түсіп тарқасты.

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 207 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ащысайлықтар – жеңімпаз

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет