Бейсенбі, 04 Желтоқсан 2025 15:15

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына қарсы күрес күні»

         АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйені әлсірететін  - адамның иммунитет тапшылық вирусы.

         Вирус  жұққан адам — вирус тасымалдаушы.

        ЖИТС/жұқтырылған иммунтапшылығының синдромымен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады.

       Вирус жұқтырған адамда алғашында ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, әсіресе вирус тасымалдаушылар эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіпті саналады.

       Вирус көп мөлшерде адамның  қанында, ұрық пен қынап сұйықтығында, емшек сүтінде болады.  

       ЖИТС-тің қазіргі кезге белгілі негізгі жұғу жолдары мынадай: 

-жыныстық қатынас арқылы;

-парентеральды, ол вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);            

-анасының сүті арқылы нәрестеге.

         ЖИТС-тың адамнан адамға жиі жағдайда жұғу жолы болып жыныстық жол табылады, ол 80% -дан жоғары  жағдайында осы жолмен жұғады.        Жыныстық серіктестерді жиі ауысуы, жыныстық қатынас кезінде қорғаныш құралдарын пайдаланбау ЖИТС-ты жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. Сонымен қатар, инъекциялық жолмен наша қолданушалар арасында вирусты жұқтырып алу қауіпі өте жоғары болып келеді.

        ЖИТС — бүгінгі күнге емі табылмаған, аяғы өлімге соқтыратын аса қатерлі  дерт. 

       Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес  ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден жалтарушы, ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

          АИТВ/ЖИТС жұқтырған азаматтарды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы:түрлі косметикалық-емдік сала мен шаштараз қызметін көрсетушілер т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Осы аталған контингенттер үшін  ЖИТС-пен ауру не вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тіндер) беретін донор бола алмайды.

     АИТВ  статусын білу мақсатында сіздер мамандар тарапынан кеңес алып,  тегін АИТВ-ға тексеріле аласыздар.

       Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды, дұрыс мінез қалыптастыруға, өнегелілікке, жыныстық қатынас туралы тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресудің нәтижесі мардымсыз болары анық.

       Азаматтарымызға жеке бас профилактикасының қарапайым шарттарын ұстану денсаулық үшін ұтымды екенін жектізу қажет, атап айтсақ:

 -салауатты, әдепті өмір салтын ұстану;

 -кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу (гомосексуалды, жезөкшелермен жақындасу), жыныстық серіктер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түсетінді;

 - стерильді емес немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбауды;

-тері бүтіндігі мен шырышты қабаттары зақымдалған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;

- жыныстық қатынас кезінде қорғаныш құралдарын (мүшеқап) дұрыс пайдалану;

-қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың қауыпсіздігіне, тексерілгеніне көз жеткізу;

- маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

-ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті   түрде дәрігерге көріну;

       Кез-келген азамат АИТВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін  ірі қалалар мен облыс, аудан орталықтарындағы зертханаларға барып тексерілуіне болады.

      Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, салауатты өмір салтын ұстанар болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.

 

     Еңбекшіқазақ аудандық

    СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 18 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет