Жұма, 16 Қаңтар 2026 00:13

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл жыл ресми түрде «Цифр-ландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – жаһандық үдерістерге сай қабылданған стратегиялық қадам. Бүгінде әлем елдері экономикалық қуаты мен саяси ықпалын табиғи ресурстармен емес, технологиялық әлеуетімен өлшей бастады. Осындай жағдайда Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектке ерекше басымдық беруі елдің болашағын айқындайтын маңызды бағыт ретінде көрініс табуда.

 

Мемлекет басшысы өз сөздерінде технологиялық даму мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер тек экономиканың жекелеген салаларын ғана емес, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгертуі тиіс. Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің өзегі. Бұл салада артта қалған елдер ұзақ жылдарға тәуелді болып қалуы мүмкін» деп атап өткен болатын. Осы ой 2026 жылды арнайы цифрландыруға арнаудың идеологиялық негізін құрайды.

Соңғы жылдары Қазақстанда цифрлық трансформация бағытында нақты нәтижелер байқалуда. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіріліп, азаматтар көптеген анықтама мен қызметті онлайн түрде ала бастады. «eGov», «eGov Mobile» платформалары халықтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Денсаулық сақтау, білім беру, салық, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында да цифрлық шешімдер енгізіліп, қызмет көрсету жылдамдығы мен ашықтығы артты. Бұл бастамалар 2026 жылы жаңа деңгейге көтеріліп, жасанды интеллект элементтерімен толықтырылуы тиіс.

Цифрландырудың табысты болуы ең алдымен инфрақұрылымға байланысты. Осы тұрғыда интернет желісін кеңейту, ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты байланыспен қамтамасыз ету – мемлекеттің бас-ты міндеттерінің бірі. Президент бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, цифрлық теңсіздікке жол бермеу қажеттігін айтқан. Себебі цифрлық даму тек ірі қалалармен шектелмеуі керек, ол әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс.

Жасанды интеллект саласында да Қазақстан алғашқы қадамдарын жасап үлгерді. Ұлттық AI орталықтарының құрылуы, суперкомпьютерлік қуаттардың іске қосылуы, деректерді өңдеу және талдау жүйелерінің дамуы – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Білім беру саласында IT, бағдарламалау, деректер ғылымы, робототехника бағыттарына басымдық беріліп, болашақ мамандарды жаңа технологияларға бейімдеу көзделіп отыр. Бұл – Президент айтқан «білімге негізделген экономикаға» өтудің нақты тетігі.

Осы цифрлық және инновациялық бағыттың жарқын көріністерінің бірі – Алатау қаласының құрылуы. Алатау қаласы Қазақстанда алғаш рет басынан бастап инновацияға, ғылымға және жоғары технологияға негізделіп жоспарланып отырған жаңа буын қаласы ретінде қарастырылады. Мемлекет басшысы бұл қаланы қарапайым әкімшілік аумақ емес, жасанды интеллект, цифрландыру, ғылыми зерттеу-лер мен технологиялық кәсіпкерлік шоғырланатын орталық ретінде дамыту қажеттігін атап өткен. Бұл тұрғыдан алғанда, Алатау қаласы 2026 жылғы цифрландыру және жасанды интеллект жылының нақты институционалдық жалғасы болып табылады.

Алатау қаласы «smart city» қағидаттары негізінде дамытылмақ. Қалалық басқару жүйесі, көлік қозғалысы, энергия тұтыну, қауіпсіздік және коммуналдық қызметтер цифрлық платформалар арқылы басқарылып, жасанды интеллект элементтері кеңінен қолданылуы жоспарлануда. Мұндай тәсіл қаланың тиімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстан үшін жаңа технологияларды сынақтан өткізетін тәжірибелік алаңға айналуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Алатау қаласы елдегі инновациялық экожүйенің локомотивіне айналу әлеуетіне ие.

Сонымен қатар бұл жоба экономикалық тұрғыдан да маңызды. Алатау қаласы шетелдік және отандық инвесторларды тартуға, стартаптарды дамытуға, IT экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақстан шикізатқа тәуелділіктен арылып, жоғары қосылған құны бар өнімдерге негізделген экономика құруы тиіс. Алатау қаласы осы мақсатқа жетудің бір құралы бола алады.

Әрине, қоғамда түрлі пікірлер де бар. Бірі бұл бастамаларды уақыт талабына сай батыл қадам деп бағаласа, енді бірі цифрландырудың әлеуметтік және этикалық қырларына назар аудару қажеттігін алға тартады. Жасанды интеллекттің адам еңбегін алмастыруы, дербес деректердің қауіпсіздігі, цифрлық сауаттылық деңгейі – бұл алдағы уақытта ерекше мән беруді талап ететін мәселелер. Президент те өз сөздерінде технология адамға қызмет етуі тиіс екенін, ал мемлекет бұл үдерісті қатаң бақылауда ұстауы керектігін атап өткен.

2026 жыл – Қазақстанның цифрлық даму жолындағы шешуші кезең. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы елдің тек технологиялық емес, ойлау жүйесін, басқару мәдениетін және даму философиясын жаңғыртуға бағытталған. Алатау қаласының құрылуы осы бағыттағы нақты, ұзақ мерзімді қадамдардың бірі ретінде ерекше маңызға ие. Бұл бастамалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды заманауи, бәсекеге қабілетті және инновациялық мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық көзқарасының айқын көрінісі.

 

С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 42 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мәселелер депутаттар Назарында Елі сүйген ұлы тұлға »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет