Бейсенбі, 15 Қаңтар 2026 00:10

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған мәселелерге назар аудару мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров пен Максим Рожин ауданымызға жұмыс сапарымен ат басын тіреді. Сапар аясында халық қалаулылары медицина және білім беру мекемелерінің қызметімен танысып, сала өкілдерімен ашық форматта пікір

 алмасты.

Ең әуелі халыққа көрсетілетін қызметтердің жай-күйін бағамдау үшін депутаттар алдымен Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына барды. Медициналық мекемеде ауданның бас дәрігері Жәмилә Әбеуова қонақтарға аурухана-ның материалдық-техникалық базасы мен соңғы жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Айтуынша, тұрғындарға, әсіресе шалғай ауылдарда тұратын азаматтарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында бірқатар жаңашыл бастамалар іске асырылып келеді. Ауданда артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек-қан тамыр сырқаттары жиі тіркелетіндіктен, бұл бағытта заманауи құрал-жабдықтармен қамтуға басымдық берілген.

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында ауруханаға ангиограф, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография аппараттары алынды. Сонымен қатар кардиохирургтер мен инвазивті кардиология бағытындағы білікті мамандар жұмысқа тартылып, кардиология бөлімшесінен қосымша 40 төсек-орын ашылды. Қазіргі таңда кесусіз, аз инвазивті оталар аудан деңгейінде жасалып келеді. Бас дәрігер микрохирургия орталығының жұмысы тұрғындар тарапынан оң бағаланып отырғанын да атап өтті.

Депутаттар ауруханада ем қабылдап жатқан тұрғындармен де тілдесіп, мекеме жанынан құрылған «Халық кеңесінің» қызметімен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үнін естуші мемлекет» тұжырымдамасы негізінде құрылған бұл кеңестер бүгінде аудан аумағындағы 35 ауылдық дәрігерлік амбулаторияда тұрақты жұмыс істеп келеді. Бас дәрігердің орынбасары Гүлмира Отынбекованың сөзінше, ауылдардағы кеңес төрағалары тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жинақтап, аурухана әкімшілігімен және дәрігерлермен бірлесе отырып, мәселелерді жедел қарастырады. Соның нәтижесінде соңғы төрт жылда арыз-шағымдар саны шамамен 70 пайызға азайған.

Жұмыс сапары барысында мәжілісмендер аурухана ұжымымен арнайы кездесу өткізіп, медицина қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде ауыр халдегі науқастарды тасымалдауға арналған көлік мәселесі, дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік сала мамандарының жалақысын арттыру, ауылдық жерлерде кадрларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік жағдай жасау, жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру секілді түйіткілді мәселелер көтерілді. Депутаттар айтылған ұсыныстарды назарға алып, оларды Парламент қабырғасында көтеруге уәде берді.

Сондай-ақ кездесуде депутаттар медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған, жуырда қабылданған заң нормалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл заң алдағы уақытта ақ халатты жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етпек.

Іссапар аясында халық қалаулылары Есік қаласындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің жаңадан салынған 200 орындық жатақханасын да аралап көрді. Құрылыс толық аяқталып, студенттер үйі барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр секцияда екі және үш орындық бөлмелер орналасып, асхана мен жуыну бөлмелері ортақ пайдалануға берілген. Жатақханада оқу залдары, кір жуу және тұрмыстық бөлмелер, жаттығу залы, медициналық кабинет толық қарастырылған. Көгілдір отынмен жылытылатын ғимарат қысқы демалыс-тан оралатын студенттерді қабылдауға дайын.

Жатақхананың жағ-дайын жоғары бағалаған депутаттарға аудан әкімі Талғат Байеділов колледждің 1980 жылдары салынған ескі жатақханасының қазіргі жай-күйін таныстырып, оны күрделі жөндеуден өткізуге қолдау көрсетуді сұрады.

Сонымен қатар мәжіліс депутаттары, аудан басшылығы және мәслихат өкілдерімен бірге құрылысы кешеуілдеп жатқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің жағдайымен танысты. 2024 жылы басталған жөндеу жұмыстары екі кезеңге жоспарланған. Қазіргі таңда мектептің ішкі жұмыстары аяқталғанымен, материалдық базаны жаңарту жобада қарастырылмағандықтан жаңа кабинеттерге ескі жабдықтар қойылуда. Ал сыртқы абаттандыру, кәріз және су жүйелерін қосу жұмыстары әлі толық тәмамдалмаған. Дегенмен, қазіргі уақытта өзге мектептерде тасымалмен оқып жүрген 1054 оқушы алдағы төртінші тоқсанда өз білім ордасына оралады деп жоспарлануда.

 

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 332 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет