Жұма, 09 Қаңтар 2026 16:51

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Надырбаев жүргізіп, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Отырыстың басты мақсаты – ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын талқылап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен қаржылық бағыттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков баяндама жасады. Ол өз сөзінде ауданымыздың 2025 жылы атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталып, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында жүзеге асқан бірқатар маңызды жобаларды атап өтті. Сонымен қатар, аудан бюджетінің орындалу барысы, бюджет қаражатының тиімді игерілуі мен мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар жөнінде нақты мәліметтер келтірді.

Баяндамашы 2026 жылға жоспарланған бюджеттік есепке де жеке тоқталып, алдағы жылы жүзеге асырылатын басым бағыттарды таныстырды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол инфрақұрылымын жақсарту, ауылдық елді мекендерді абаттандыру және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларға басымдық берілетіні айтылды. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамаға қатысты өз пікірлерін білдіріп, халықты толғандырып жүрген өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды

Отырысты қорытындылаған қоғамдық кеңес төрағасы Серік Дүйсебайұлы көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қоғамдық бақылаудың күшейтілуі мен ашықтық қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті. Ол алдағы уақытта да осындай кездесулер арқылы халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайту маңызды екенін жеткізді.

 

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 191 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үздіктер Марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет