Бейсенбі, 22 Қаңтар 2026 11:59

Рух пен сөз күші

Алланың  маған  берген  ерекше  дарыны  мені  шығармашылыққа ерте  жастан жетеледі.  Бала күнімнен кітап оқуға, ойымды қағаз бетіне түсіруге құштар болдым.  8 жасымда алғашқы өлеңімді жазсам, 12-13 жасымда ертегі жазуға деген қызығушылығым оянды. Қазіргі таңда менің 4 толыққанды ертегім мен 20-30-ға жуық өлеңім бар. Сол шығармаларымның кейбірі баспасөз беттерінде жарияланып, оқырман жүрегінен орын тапты.

Шығармашылық мен үшін тек әуестік емес, жан дүниемнің тынысы, өзімді танытудың, ойым мен сезімімді жеткізудің бір жолы. Өмір жолында әр адам әртүрлі сынақтарға тап болады. Сол сынақтар мені мойытпай, керісінше, рухани тұрғыда шыңдап, білімге, ізденіске жетеледі. Табандылық пен еңбек – менің өмірлік ұстанымым.

Қазақ тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігім – шығармашылығымның басты тірегі. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтардың маңызы әлсіреп бара жатқандай. Жаңа технологиялар мен әлеуметтік желілер жастардың кітап оқуға деген ынтасын төмендетіп, ана тілімізді екінші орынға ысырып жатқаны жасырын емес. Бұл жағдай мені бейжай қалдырмайды.

Осы ойлар менің болашақ мамандығымды таңдауыма себеп болды. Мен қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына үлес қосып, оның қадір-қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етемін. Ұлттың болашағы – рухани бай, тілін қадірлей білетін саналы ұрпақ деп білемін.

Арманым – қазақ әдебиетін әлемге танытып, руханият жолында еңбек ететін тұлға болу. Мен үшін бұл асқақ арман табандылық пен білім арқылы қол жеткізетін нақты мақсат.

 

Айзере ЕРКІНҚЫЗЫ,

Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы.

Оқылды 201 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет