Жұма, 09 Қаңтар 2026 16:50

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген жас мамандар марапатталды. «Жыл үздігі» номинациясын аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков табыстап, үздіктерге жылы лебізін білдірді.

– Жастар – кез келген елдің ең басты байлығы әрі ертеңгі күнге бастар күші. Олардың білімі, тәрбиесі мен белсенділігі мемлекеттің даму бағытын айқындайды. Қай қоғамда болмасын жаңашыл ой, тың бастама мен серпінді қадам ең алдымен жастардың еншісінде. Бүгінгі жастар – білімге құштар, технологияны меңгерген, өз ойын еркін жеткізе алатын буын. Олар ел дамуына тек арманмен емес, нақты іспен үлес қосуға дайын. Сондықтан жастарға сенім арту, олардың қабілетін дамыту – мемлекет үшін маңызды міндет. Ел болашағының жарқын болуы – саналы, отансүйгіш, жауапкершілігі жоғары жастардың қолында. Жастарға жасалған әр мүмкіндік – елдің ертеңіне салынған инвестиция, – деген Ерболат Сарабекұлы сала үздіктерін марапаттап, сый-сияпаттарын табыс етті.

«Жас дәрігер» номинациясына Алтынай Ахметова, «Жас журналист» аталымына Сардарбек Нұрадин, «Жас спортшы» атағына Мағжан Серік, «Жас ұстаз» номинациясына Айгерім Серікбай, «Жас кәсіптік маман» атағына Нұржан Нұрмұхан, «Жас өнерпаз» номинациясына Есендос Асубай лайық деп танылды.

Шара барысында ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы сала үздіктерін құттықтап, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы рөлі, олардың ел болашағын қалыптастырудағы маңызы кеңінен айтылды. Мемлекет басшысының жастарды елдің стратегиялық ресурсы ретінде бағалауы – бүгінгі буынға артылған үлкен сенімнің айғағы екені атап өтілді. Шараның басты мақсаты – жас мамандардың жетістігін мойындау ғана емес, сонымен қатар олардың болашаққа деген сенімін арттыру, үздік тәжірибені насихаттау және жаңа бастамаларға серпін беру болды.

Марапат иегерлерінің әрқайсысы өз саласында жоғары жауапкершілік танытып, қоғамға үлгі боларлық еңбек етіп жүрген білікті мамандар. Олардың жетістігі – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосылған нақты үлес.

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 194 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Әдекең қайда..?» Жоспар жүйелі, мақсат айқын »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет