Жұма, 09 Қаңтар 2026 13:18

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл,

Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір замандасымның, әріптесімнің мінез-құлқы, атқарып жатқан жұмысы сәйкес келе ме деймін.

Кеңес кезінде тілші, мәдениет қызметкері болып, мәдениет бөлімінің, оқу бөлімінің басшысы, ауатком төрағасының, әкімнің орынбасары болып, бай тәжірибе жинақтаған сол жолдасымның үйренуге тұрарлық Абай айтқан екі қасиеті бар. Көп жылдар бойы туған ауданында тапжылмай қызмет еткендіктен болар, сол Әділбай жолдасымның танымайтын адамы жоқ десе болады. Бұны да бүкіл елі біледі. Шелек ауылында елге сыйлы көп жыл басшылық қызмет атқарған соғыс ардагері қайтыс болды. Марқұм ақсақалды ақтық сапарға шығарып салуға қатысу үшін аудан басшыларынан ешкім табылмады: әкім Астанада іссапарда, бір орынбасары демалыста, екіншісі төтенше оқиға болған жер асты сулары шыққан аумақта басқару «пультінде», қалғаны Петрович қана. Ал Әділбай бабаларының басына барып ас беруге кеткен. Аудан басшылығында қалған жалғыз орынбасар әкімият маңынан шығуға құқы жоқ. «Касымыч, марқұм ақсақалды жөнелтуге барып келіңіз. Сізді де ел таниды ғой», – деген соң Шелекке келдім. Қаралы жиында аудан басшылығы атынан сөйлеп, көңіл айттым. Бәрі дұрыс, бәрі орынды. Марқұмның туыстары да, ауыл басшылары да дән риза. Бірақ бәрінің маған қойған бір-ақ сұрағы болды: «Әділбай қайда?». Өлім жолы – ауыр. Ондайда елдің Әдекеңді іздейтіні: жөн біледі, қара жамылған жандарға көңіл білдіріп, қайғысына ортақтаса біледі. Үйлену тойлары, халықтық, мемлекеттік мерекелер, мерейлі тойлар Әдекеңсіз өтуі мүмкін емес сияқты. Ауданның сайланбалы аталатын билігін басқаратын бастық болып бір отырсайшы. Отырмайды. Дөңгелетіп ұйымдастырып, қыза келе тойды өзі басқарып кететіні бар. Бір ауылдың мерейтойында жергілікті әкім мен той ұйымдастырушылары төрде президиумда отырған Әдекеңнің иығына шапан жапты. Әділбайдың өзін ғана емес, оның лауазымын, ауданда қалған әкімнің атынан келгенін ескеріп сый көрсетті. Бірақ шапанды қабылдап, рахметін айтқан Әділбай сахнадан секіріп түсіп, бірінші қатарда отырған ауыл ақсақалы Еңбек ерінің иығына әлгіде алған шапанын жауып тұрып:

– Бұл сый осы ардагер ағамызға лайық, – деп елдің ризашылығына бөленді.

Елмен көп араласып, көптің көзіне түсіп жүрген адамның артынан көбірек сөз еретіні де ақиқат. Менің осы замандасымды «суға салса батпайды, отқа салса күймейді, қандай басшы  келсе де ыңғайын тауып, қызметінен кетпеудің ретін табады» – деп мысқылдамақ болады. Орысшалап «непотопляемый кадр»   деген ат береді. Ал мен басқаша айтар едім. Ауданға келген ақылды басшы елмен таныстықты осындай жөн білетін беделді адамдардан бастайды.

Еліне іздеткен Әділбай тірі болса, бұл күндері сексен жасын тойлап жатар еді...

Х.АХМЕТЖАНОВ. Болмашы кекшіл,

Х.АХМЕТЖАНОВ.

Оқылды 395 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бірлік бар жерде Үздіктер Марапатталды »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет