Бейсенбі, 30 Қараша 2023 10:05

Патриоттардың жаңа буыны тәрбиеленуде

Қазақстандағы Аналар кеңесі әртүрлі бағыттар мен салаларды қамтитын ауқымды жұмыстарды атқаруда. Осылайша, жыл басынан бері Алматы облысының Аналар кеңесіне 60-тан астам отбасы өтініш білдіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жүздеген әйелге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.

Өткен демалыста Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында «Мәдениетті ана –  Мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға арналған басым бағыттар талқыланды.

Есеп беру бойынша кездесу Түргендегі Абыхан Жексембеков атындағы орта мектебінде өтті. Шараның құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, облыстық «Қоғамдық келісім» орталығының директоры Елбосын Абай, Алматы облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Забира Сайдильдина, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова, Алматы облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Ләззат Қобланова, облыстың аудандық және ауылдық Аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.

Бүгінде өз қатарларында түрлі этностар мен кәсіптердің өкілдерін біріктірген мұндай мекемелер ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, балалардың рухани тәрбиесіне, көпбалалы аналардың әлеуметтік дамуына және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосып жатқан өзіндік мектепке айналғаны сөзсіз. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларына белсене қатысады, осы арқылы өскелең ұрпақ қазақтың салт-дәстүрін зерттейді. Рухани әлеует пен ұлттық сананы арттыру дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту, халық мұрасын бағалай білу. Ал мұны оның мәдениетіне, салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне қаныққанда ғана сезінуге болады. «Қазақтану», «Төркіндеу» және тағы басқа жобалардың өскелең ұрпақтың көңілінен шығып келе жатқаны қуантады.

Балалармен жұмыс істеу-мен қатар, біздің басты назарымыз аналардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған. Аналар кеңестері әлеуметтік және балалар мекемелерімен, оқу орындарымен, мәдениет үйлерімен тығыз және жемісті жұмыс істейді. Көптеген әлеуметтік маңызы бар бастамаларымыз бен жобаларымыз осы серіктестіктің жемісі екені анық.

Осылайша, жыл басынан бері облыстық Аналар кеңесі 696 іс-шара өткізді, оған 52 878 адам қамтылды. Атап айтқанда, жобалар бойынша «Еліне азамат тәрбиеленген отбасы» – 112 іс-шара (7235 адам), «Бақытты ана – бақытты отбасы» – 130 іс-шара (10 108 адам), «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» – 89 іс-шара (5505 адам), «Жақсылыққа жетелейтін жандар» – 97 іс-шара (6729 адам).

Ал, шынында, бұл бос сандар емес, бұл – еліміздің тағдырын ойлайтын жастар. Жаңа Қазақстан идеясының терең мағынасын түсінетін және қабылдайтын жастардың саны күн сайын артып келе жатқаны қуантады. Бұл біздің жұмысымыз бекер еместігін растайды деген сөз. ҚХА рес-публикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи атап өткендей, республика заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға назар аударып, оларды қоғамға жеткізу қажет.

– Аналар кеңестері өз қызметінде әйелдердің құқықтық сауаттылығын арт-тыруға, ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және түрлі іс-шаралар арқылы берік және тату отбасын насихаттауға көңіл бөледі. Аналар мекемелерінде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Біздің міндетіміз – жастарды тәрбиелеу ғана емес, болашақ ұрпақты өз құқықтарын білетіндей етіп тәрбиелеу. Құқықтық салада сауатты болса, өзгенің құқығын бұзбайды, – дейді Нәзипа Ыдырысқызы.

Жиынның екінші бөлімінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республи-касының білім беру ісінің үздігі Абыхан Жексембековтің ұрпақтарымен кездесу өтті. Алматы мал-дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін А.Жексембеков жергілікті В.Ле-нин атындағы колхозға жұмысқа келеді. 90-жылдардың басында Абыхан Аманбайұлы Түрген ауылының әкімшілігін басқарды. Мемлекеттік қызметте ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін ойдағыдай шешіп, өзін тиімді басқарушы ретінде көрсете білді. Кейін ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған Абыхан Жексембеков Алматы облысында астық тұқымын өсіретін алғашқы тұқым шаруашылықтарының бірін құрды. Шаруаның жеке инвестициясымен Түрген ауылында 1994 жылы тұңғыш қазақ мектебі ашылып, бүгінде оның есімімен аталады.

Сонымен қатар, баяндамашылар кәмелетке толмағандар арасында діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өмірін суицидтен сақтаудың стратегиялары, жастар арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік тілді дамыту, отбасылық-демографиялық саясат саласындағы жобалар мен тапсырмаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кеңейтілген отырыс соңында сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Аналар кеңестерінің қызметі жан-жақты және ауқымды, олардың басты міндеті – ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар призмасы арқылы отбасы институтын нығайту.

Сонымен қатар, Аналар кеңесі отбасылық және тұрмыстық мәселелерді шешуге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті сақтауға және патриоттық тәрбие мәсе-лелеріне өз үлесін қосуда.

Әрине, отбасы – адами капиталдың сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік институт. Ол ұлттық мәдени кодты, адамгершілік қағидаларды және отбасылық дәстүрлерді сақтаушы, өйткені адамның көптеген көзқарастары мен ұстанымдары отбасылық ортада тәрбиеленеді. Ал бүгінде Аналар кеңестері бұл мәселеде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Ал, еліміздегі Қазақстан Республикасының отбасы және гендерлік саясат тұжырым-дамасында әке институтын нығайту да қарастырылған. Республиканың әр аймағында Әкелер кеңестері құрылды, олар қазірдің өзінде отбасылық береке-бірлікті сақтауда және бала тәрбиесіндегі ерлердің рөлін арттыруда белсенділік танытты. Жақын арада осындай кеңестер республиканың облыстары мен қалаларында да пайда болады.

 

 

Гүлнар ЖОШЫБАЕВА,

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы.

Оқылды 727 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет