Бейсенбі, 23 Қазан 2025 18:03

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырушы тұлға, ол – кітапханашы. Яғни ұстаздан кейінгі құрметті мамандық иесі десе де болады. Өйткені олар өздерінің күнделікті еңбегімен әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, шектеусіз ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін адам. Олар білімге деген ықыласты ынталандырып, мәдени дәстүрлерді одан әрі дамытуға үлес қосады. Сондықтан да кітапханашы киелі орданың құрметті маманы, мәртебелі иесі.

 

Кітапханашы деген құрметті мамандық иелерінің бірі – Адиша Кегенбаева. Адишаның әжесі Елтай, анасы Баянды  да кезінде кітапханашы болса, сіңілісі Асел Кегенбаева да Шелектегі М.Мәметова атындағы орта мектебінде кітапханашы болып істейді. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, оны насихаттап, ел игілігіне жаратып  жүрген Адиша Ерболқызы кішкентайынан кітапқұмар болып өсті. Кітапханадағы көп кітаптарға қызығып, кейін өскенде қалаған кітабымды оқитын кітапханашы апайлардай болсам деп армандайтын. Ақыры ол арманы да орындалды.

Адиша Кегенбаева 1983 жылы Қаратұрық ауылында дүниеге келіп, осы ауылдағы орта мектепті бітіріп, Қаскелең мәдени ағарту колледжіне оқуға түсті. Дипломмен ауылына оралған ол үш жылдай Қаратұрық ауылдық округі әкімдігінің аппаратында қызмет етті. 2009 жылдан бастап кітапханашылық мамандығы бойынша алты жыл Қаратұрық орта мектебінде, одан кейін Шелек модельді ауылдық кітапханасында, 2018 жылы Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмысын жалғастырды. 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін оқырмандарына Қаратұрық ауылдық кітапханасында қызмет көрсетіп келеді.

Қаратұрық ауылдық әкімдігі Ащысай ауылындағы бұрынғы кеңшар кеңсесіне қоныс аударғанда, босаған нысанды кітапхана етіп ашқан болатын. Сөйтіп, міне, өз ауылындағы кітапханаға Адиша ие болды. Жібек Жолының бойында орналасқан, жалпы ауданы 45 шаршы метр, үш бөлмелі кітапханада еңбек жолын одан әрі жалғастырды. Ескі ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізіп, қызметіне қызу кіріскен Адиша кітап қорын қазір 3 280-ге жеткізді. 563 тұрақты оқырманы болса, келушілер саны 5 мыңға жуықтаған.

Үш жылдан бері мерекелі, атаулы күндерден басқа республика, облыс, аудан, ауылға танымал тұлғалардың,  ақын, жазулылар, ғалымдар мен басқа да кәсіп иелерінің мерей жасқа толу құрметіне орай  кездесулер, пікірталас, әдеби кеш, тағы басқа да іс-шаралар өткізіп келеді. Әр шараға округке қарасты ауыл мектептерімен тығыз байланыс жасап, оқушыларды іс-шараларға тартып, білім деңгейінің өсуіне, өмірдің сан қилы кезеңдерін түсініп, сезінуге оң қөзқарасын қалыптастыруға ықпал етуде. Мысалға, желтоқсаншы, Ауған соғысы, Чернобль атом электр станциясының апатын залалдандыруға қатысқан, Семей атом полигонында қызмет еткен, басқа да түрлі қауіпті аумақтарда Отан алдындағы қызметтерін атқарған ардагерлермен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, жергілікті ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастыруды да қолға алды. Атап айтқанда, таусүгірлік ақын Болат Үсенбаев, достықтық Анарбек Бердібаев, ауданызыздан шыққан ұйғыр ақыны Иминжан Тохтияров, ұйғыр балалар жазушысы Авут Масимов, жас талант иесі Тоқтарбек Жұмагелді, тағы басқалармен А.Бертаева атындағы, С.Аманжолов атындағы, Ш.Уәлиханов атындағы, М.Мәметова атындағы орта мектептермен тығыз байланыста болып, кездесулер, әдеби кештер, түрлі іс-шаралар өткізуде. Үш баланың анасы атанған Адиша Ерболқызы  осындай еңбектері еленіп, халықаралық, облыстық аудандық, ауылдық деңгейдегі Алғыс хаттар, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Оқырмандардың білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершіліке тәрбиелеп, олардың ой-өрістерінің жан-жақты дамуына үлес қосып жүрген Адишадай кітапхана мамандары әрқашан да киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 526 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет