Бейсенбі, 30 Қараша 2023 12:18

Қоғамдық ұйымдарды белсенділендіру керек

«Аудан аумағында өзін-өзі басқаруды жетілдіру, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын жандандыру» мақсатында өтетін кездесудің кестесі бойынша аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы Т.Ұзақов ауылдық округ орталықтарында жиындар өткізіп, оған қатысушылармен пікір алмасу  барысында қол жеткізген жетістіктермен қатар шешуін күткен әлеуметтік, тұрмыстық мәселелермен де бөлісті.

Төрағаның баяндамасы негізінен аудан аумағында мекен ететін тұрғындардың ұлттық құрамын пайыздық мөлшермен анықтап, көпэтносты елді мекендеріміздегі татулық пен бірлікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, жасөспірімдер тәрбиесі кездесулер өткізілген барлық елді мекендерде көтерілуі заңды. Ел болашағы жастарымыздың білімді де білікті, дені сау азамат болып өсуіне елімізде барлық жағдайлар жасалуда. Ол жөнінде ақпарат құралдары жан-жақты жариялап жатыр, үлкенді-кішілі жиындарда айтылып та жатыр. Тұрғындарымыз өз көзімен көріп те отыр. Айталық ауданымызда футбол алаңы жоқ елді мекен кемде-кем, спортзалы жоқ мектептер азайды. Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жасөспірімдердің спортпен айналысуға қажеттілігін өтеумен қатар ел болашағының  зиянды әдеттерден аулақ болуына да үлкен әсер  етері анық.

Есік қаласындағыдай үлкен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы  Шелекте де аяқталып, көп ұзамай пайдалануға берілмекші. Кездесулер барысында  Рахат, Ават ауылдық округтерінде  ауылдарда өткізіліп жатқан спорттық шараларды «Еңбекшіқазақ» газеті жариялап тұрса деген өтініштерін де айтып қалды тұрғындар. Ал осының барлығы да жас өскіндерге деген қамқорлық болса, жастарымыз да зиянды әдеттерден мүлде аулақ болса дейміз. Өкінішке қарай ойынқұмарлық (лудомания) деген машақат жасты да жасамысты да оңай  табыс табуға итермелеп, өкіндіріп те, опындырып та жатқаны үлкен проблемаға айналуда.

Ал бұрынғы әлі де азаймай тұрған нашақорлық  деген кеселді синтетикалық аталған есірткі мүлдем ушық-тырып тұр.  Қоғам болып, құқық қорғау органдары  болып күресетін кеселдер аз емес. Тек ерік-жігер мен бірлесіп атқарар іс-қимыл керек.

Аудан аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында атқарылып жат-қан жұмыстар аз емес. Сонда дағы ақшиліктер көтерген мәдени  ошақтың жоқтығы сияқты мәселелер әлі де бар. Бір кезде жекешеленіп кеткен мәдениет үйін  атына сай қызмет ететін ету көптен бері айтылып келеді. Ия, айтылып келеді әзірше. Нақты іс жоқ. Бәйдібек би округінде де сөз ауыз сумен қамту және көшелерді абаттандыру жұмыстары өз ретімен жасалмағандықтан болар дұрыс атқарылмауы жайында болды.

Бүгінгі таңдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерімен қатар, бейкүнә сәбилерге қол көтеру, одан бетер айтуға ауыз бармайтын, жазуға қалам жүрмейтін оқиғалар белең алып тұрғанда оқу орындарының ғимаратына кіруге бет қойған азаматтарды тексермей кіргізбейтін тәртіп  құптарлық. Бірақ кейбір ауылдарда елді мекенге, тіпті аумаққа белгілі беделді азаматтарды, қоғамдық ұйымның тапсырмасымен келетін азаматтарды оқу орнының табалдырығынан аттатпау деген шектен шыққандық емес пе? Бұл сұрақты қойып отырған Бәйтерек ауылындағы мешіттің Әбдіғани имамы мектепке діни уағыз айту үшін емес, тәрбиелік, қоғамымыздағы тәртіптік мәселелер жайында ой бөліспек мақсатпен бет бұрамыз ғой дейді. Ең қиыны алпысқа келген Бәйтеректің тұрғыны өмірінің жартысынан  артық  бөлігін ауданымызда өткізген танымал да ақжарқын азаматты мектеп есігінен кері қайтарған әдептілік пе? Шелек  ауылында көп жыл орта мектепті басқарып, құрметті азамат атанған көптеген наградалары бар ардагер ұстаз  Виктор ивановичті (фамилия-тегін барша шелектіктер біледі) өзі басқарған мектепке кіргізбеу дегенің әдепсіздіктің ең сорақысы деп білу керек. Соңғы уақыттарда мұғалім кітап, газет, журнал оқу керек пе деген сұрақ әсіресе, ұстаздар газетке мақала жариялау керек болғанда, газетке жазылу кезеңі басталғанда туындайды. Менің редакторлық өз тәжірибемде зейнеткерлікке  шығуға аз ғана уақыт қалған мектеп директоры «Мен газетке жаздырмаймын мұғалімдерді» – деген мазмұнда басшылыққа қолхат бергенмін деп салды. Аман-есен зейнетіне шығып кетіпті ғой сол білім беру саласының ардагері. Енді бір Есік қаласының төңірегіндегі мектеп мұғалімдері редакцияға шағыммен келген жағдай да болған. Жоқ-жоқ, мәжбүрлеп жаздыру емес, керісінше жергілікті басылымға жазылам деп құлшынып тұрған ұстаздардың бетін қайтарған ғой.

Біз өзі қайда бара жатырмыз? Тарихымызда болған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының заманында газет шығарғаны үшін қудаланған еді патша жендеттері жағынан. Қазір бізге не көрінді?!

Міне, осындай  кем-кетіктер жергілікті өзін-өзі  басқаруды әлі де жетілдіре түсіп, бұл жауапты іске қоғамдық ұйымдарды батыл тарту керек екенін айғақтайды.

Х.Ахметжанов.

Оқылды 935 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет