Бейсенбі, 23 Қазан 2025 09:15

Диспенсерге арналған пластик құтыдағы суларға қойлатын санитариялық талаптар

        Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған пластикалық құтыдағы сулар кеңінен қолданылады. Мұндай сулардың сапасы мен қауіпсіздігі адам денсаулығына тікелей әсер ететіндіктен, олардың өндірісі мен айналымына қойылатын санитариялық талаптар ерекше мәнге ие.

       Диспенсерлік су — қосымша тазартудан өткен, ішуге арналған табиғи немесе өңделген ауыз су.  Ол химиялық және микробиологиялық тұрғыдан қауіпсіз, дәмі мен иісі жағынан табиғи суға сәйкес болуы қажет.

       Суды өндіру процесіне қойылатын талаптарға:

     Су өндіретін кәсіпорындар санитариялық талаптарға сай жабдықталған үй-жайларда жұмыс істеуі тиіс.

      Өндірістік процесте келесі шаралар орындалуы қажет:

      Су көзінің сапасы жүйелі түрде тексерілуі;

      Су бірнеше сатылы сүзгіден және зарарсыздандыру кезеңдерінен өтуі;

      Қолданылатын жабдықтар мен құбырлар тағамдық затпен қарым қатынас кезінде зиянды заттарды бөлмейтін  материалдардан жасалуы;

      Барлық өндірістік аймақтарда тазалықтың сақталуы.

      Құтылар мен қаптамаға қойылатын талаптарға:

      Суды құюға арналған пластикалық құтылар тағамдық затпен қарым қатынас кезінде зиянды заттарды бөлмейтін материалдардан жасалуы тиіс.

       Құты бетінде жарықтар, сызаттар, бөгде иіс немесе түс өзгерісі болмауы керек;

       Қайта пайдаланылатын құтылар әр толтыру алдында жуу және зарарсыздандыру жүйесінде өңделуі тиіс;

        Бір реттік құтыларды қайта қолдануға тыйым салынады;

       Құтыда өндіруші туралы ақпарат, өндірілген күні және жарамдылық мерзімі көрсетілуі қажет.

      Суды сақтау және тасымалдау тәртібі:

      Суды сақтау температурасы +5°С пен +20°С аралығында болуы тиіс;

      Күн сәулесі тікелей түсетін және жылыту құралдарының жанында сақтау рұқсат етілмейді;

     Тасымалдау кезінде құтылардың бүтіндігі сақталуы және көлік таза болуы қажет;

     Диспенсер орнатылған бөлмелерде санитариялық тазалық қамтамасыз етілуі керек.

     Судың сапасы жүйелі түрде зертханалық бақылаудан өтуі қажет.

    Судың сапасына қойылатын негізгі талаптар:

    Ішек таяқшасы тобы бактериялары анықталмауы тиіс;

    Жалпы микробтық көрсеткіш рұқсат етілген деңгейден аспауы қажет;

    Химиялық құрамы адамның денсаулығына зиянды заттардан таза болуы тиіс;

    Судың дәмі, иісі және түсі табиғи ауыз суға тән болуы керек.

     Диспенсерлерге жасалатын күтім шараларына:

    Диспенсерлер таза және гигиеналық жағдайда ұсталуы тиіс.

     Аппараттар кемінде айына бір рет жуу және дезинфекциялау шараларынан өтуі қажет;

   Суды ауыстыру кезінде аппараттың ауыздық бөлігі мен қолдардың тазалығы қатаң сақталуы қажет;

    Құрал-жабдықтарға тек рұқсат етілген дезинфекциялық заттар қолдануға жатады.

     Жауапкершілік және бақылау:

  Су өндірушілер мен таратушылар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

      Тұтынушылар тарапынан да құтылардың жарамдылық мерзімін, бүтіндігін және сақтау шарттарын қадағалау маңызды.

   Диспенсерге арналған пластикалық құтыдағы сулардың сапасы мен санитариялық қауіпсіздігі — қоғам денсаулығын қорғаудың маңызды бөлігі.          

     Судың өндірісінен бастап тұтынушыға дейінгі әр кезеңде санитариялық талаптардың сақталуы — қауіпсіз және сапалы ауыз судың басты кепілі болып табылады.

 

 

  Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 255 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет