Бейсенбі, 23 Қазан 2025 09:14

Тұмауға қарсы екпе алудың артықшылығы

Тұмау ауа тамшылы және қарым-қатынас арқылы берілетін өте жұқпалы ауру. 

     Тұмаудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың 3 типі бар А,В,С.

     Аурдың инкубациялық кезеңі: 12 ден 48 сағатқа дейін созылады (сирек жағдайда 3 күнге дейін).

     Тұмаудың белгілеріне:  басталуы жіті, кенеттен қалтырау пайда болады, дене қызуы +39+40 градусқа дейін жетуі мүмкін.  Толқын тәрізді қызба, жалпы әлсіздік, тершеңдік, мазасыздық (ұйқының бұзылуы), тәбеттің төмендеуі тән. Кейіннен көздің ауруы, жарыққа қарай алмау, маңдай тұсындағы бастың қақсап ауруы,  бұлшық еттердің қақсап ауруы, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, түшкіру мен дауыстың отырып қалуы пайда болуы мүмкін.  

   Тұмаудың негізі қауіпі - ол аурудан болатын асқынулары.

Оларға:

-Бактериалды өкпе қабынулары;

-Ринит;

-Синусит;

-Бронхит;

-Құлақтың қабынуы;

-Жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынуы;

      Сонымен қатар адам ағзасында бар созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі.

        Дүниежүзілік денсаулық сақту ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен жер шарының  әр бір 3 ші тұрғыны ауырады.

      Ал біздің елде инфекцияның осы түрімен жыл сайын 600 мыңнан 1 миллионнан  астамға дейін  адам ауырады, оның  ішінде 70-80 мыңдайы орташа ауыр не болмаса ауыр жағдайда медициналық көмекке жүгінеді.

      Өткен 2024 жылы ауданда тұмаудың зертханалық расталған жағдайы болмаса,  ағымдағы 2025 жыл басынан 20 жағдайы тіркелген, оның ішінде 17 жағдайда 14 жасқа дейінгі бала болса, 1 жасөпірім.  

       Тұмаудың алдын алудағы маңызды шара болып, вакцинация саналады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілетін міндетті профилактикалық екпелердің қатарына «тұмауға» қарсы вакцинация жатады.

       Жыл сайын тұмаудың эпидемиологиялық маусымы алдында келесі санаттағы тұрғындарды тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі:

-  медицина қызметкерлері;

- денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;

- балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті;

-және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да тұрғындар.

       Жыл сайын егу науқаны кезінде біздің елдің 10 нан 14 пайызға дейінгі тұрғыны осы вакцинаны қабылдайды. Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцина жер бетіндегі 59 пайыз елдердің Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген.

         Өткен 2024 жылы тұмауға қарсы екпені ауданның 29 мыңнан астам тұрғыны қабылдаған, осы егілген тұрғандардың арасынан егуден кейінгі жағымсыз әсерге шағымданып, медициналық ұйымға қаралғандары болмады.    

       Ағымдағы 2025 жылы ел аумағында тұмауға қарсы вакцинация науқаны 15 ші қыркүйектен бастау алды. Аудан бойынша тұмауға қарсы егуге 30 мыңға жуық адам жоспарланса, бүгінге 16 мыңнан астам тұрғын егуін қабылдады.          

      Тұмауға қарсы егуге қолданылатын вакцина Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігімен тексеріліп, тіркелуден кейін қана қолдануға ұсынылады.       

     Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцинаны қабылдау аурудан болатын асқынулар мен аурудың ауыр түріне өтуінен сақтанудың жолы саналады.       

      Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тұмауға қарсы вакцинациядан өтуге кеңес береміз!

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 307 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет