Бейсенбі, 23 Қазан 2025 09:12

Өндірістік шудың адам денсаулығына әсері

Қазіргі заманғы өндіріс ошақтарында жұмысшылар әртүрлі зиянды факторлардың ықпалында еңбек етеді. Солардың ішінде ең жиі кездесетіні – өндірістік шу.

       Шу – әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстардың ретсіз қосындысы, ол адамның есту мүшесіне және жалпы ағзасына кері әсерін тигізеді.

    Мамандардың айтуынша, 85 децибелден жоғары шу деңгейі ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда есту қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Ал кейбір өндіріс орындарында бұл көрсеткіш 100–110 дБ-ға дейін жетіп, жұмысшылардың жүйке, жүрек-қан тамыр, ас қорыту және эндокриндік жүйелерін зақымдауы мүмкін.

      Тұрақты шу адамды тез шаршатады, ұйқының бұзылуына, ашушаңдық пен еңбек өнімділігінің төмендеуіне себеп болады. Мұндай жағдайда жұмыс орнында жазатайым оқиғалардың орын алу қаупі де артады.

      Шудың зиянды әсерін азайту мақсатында кәсіпорындарда санитариялық-гигиеналық талаптар қатаң сақталуы қажет. Ең алдымен, шуды шағаратын механизмдерді оқшаулау, жабдықтарға уақтылы техникалық қызмет көрсету, дыбыс сіңіретін қаптамалар орнату, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен (құлаққап, тығын) қамтамасыз ету маңызды. Сол сияқты шудың көзі болып табылатын құрылғыларды басқаруды барынша қашықтықтан жасап, жаңа технологиялық үрдістерді қолданысқа енгізу.

      Сонымен қатар, еңбеккерлердің денсаулығын бақылау үшін медициналық тексерулер мен шу деңгейін өлшеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыруы тиіс.

       Өндірістік шудың адам ағзасына әсері алғашқы кезде байқалмауы мүмкін, алайда ұзақ мерзімде оның зияны орасан. Сондықтан әрбір жұмысшы мен жұмыс беруші өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі болуы керек.  Шуды азайту – денсаулықты сақтау кепілі.

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 328 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет