Сейсенбі, 21 Қазан 2025 09:01

Темір тапшылығы ауруларының алдын-алу

 Темір тапшылық анемиясы - ең көп тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі болып табылады. Кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай.  Адам көбінесе өзінде темір тапшылықты ауру дамығанын ұзақ мерзімге дейін байқамайды. Теміртапшылық анемия нашар тамақтану мен нашар денсаулықтың индикаторы. Бұл анемия ағзаның темірді аз сіңіруінен  болатын түрі.

       Анемияның белгілері: шаршағыштық, бас айналуы, шаштың түсуі, терінің бозаруы және тырнақтың сынғыштығы, кейде тіл ұшының шаншуы және ашу сезімі.    

       Адамда бұл элементсіз шаш пен тырнақтың дұрыс өсуі мүмкін емес.

        Қазіргі таңда тұрғындар арасында темір жетіспеушілік анемиясының алдын-алу жолдарының бірі витаминді-минералды кешенді қоспалармен байытылған (фортификацияланған) жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеументтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.

      Фортификация дегеніміз- бұл ұн тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерді темір мен фолий қышқылымен байыту болып табылады.

      Темір тапшылығы адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, эмоциялық тонусы пен көңіл күй түседі, жылауықтық, ашуланшықтық, қыңырлық туындайды. Қоршаған ортаға,  өмірге деген қызығушылық жоғалады. Анемияның алдын-алу үшін дұрыс тамақтанудың принциптерін сақтау қажет. Адамның күнделікті рационында кем дегенде 20 мг темір, ал жүкті әйелдер үшін бұл көрсеткіш 30 мг болуы керек. Әйелдер ай сайын еркектерге қарағанда темірді 2 есе көп жоғалтады және олар ағзадағы бұл элементті толтыруды ұмытпағаны абзал.

      Анемиямен ауыратын науқастардың мәзіріне алма, сәбіз және анарды көбірек енгізу ұсынылады. Жаңа піскен көкөністерді тек ет тағамдарымен бірге тұтыну қажет. Сондай-ақ темірге бай тағамды жегеннен кейін бір стакан апельсин шырынын ішу пайдалы және сіңірілген темірдің мөлшері екі еселенуі мүмкін. Балдың  құрамында жеткілікті мөлшерде болатын  темір фруктозаның сіңуін жақсартады. Балдың қара сорттарын қолданған дұрыс, себебі олар пайдалы микроэлементтерге бай.

       Темір тапшылықты анемия қан сарысуында, сүйек кемігінде темір мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Бұл эритроцидтердің (қызыл қан жасушалары) бөлігі болып табылатын және біздің органдар мен тіндерге оттегінің жеткізілуіне жауап береді. Қандағы гемоглобин деңгейі біздің денсаулығымыздың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Гемоглобиннің төмендігімен ауыратын адамдарда әлсіздік, шаршау, бас айналуы мүмкін, сонымен қатар бозғылт және құрғақ тері болады, яғни дене жеткілікті оттегімен  қамтамасыз етілмейді. Гемоглобин деңгейін қан анализі арқылы анықтауға болады. Әйелдер үшін норма- 120 г/л, ерлер үшін – 130 г/л және одан жоғары, өмірдің бірінші  жылындағы балалар мен жүкті әйелдер үшін -110 г/л.   

         Темір тапшылығы анемиясының  белгілері туындаған кезде уақытында дәрігерге жүгініп, білікті көмек алу қажет.  

       Дәрі-дәрмек, дәрумендер тек дәрігердің бақылауымен тағайындалады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д. Бақберген

 

 

Оқылды 334 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет