Сейсенбі, 21 Қазан 2025 09:00

Эхинококкоз жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары

Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, бауырдың, өкпенің және басқа да мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын паразиттік ауру.  Ауру ошағында  көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, ауру көбіне науқастың еңбек қабілетінің жоғалуы мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынуларды тудырады және асқынған жағдайларда өліммен аяқталады.

         Аурудың қоздырғышы – гельминт «Echinococcus granulosus».     

         Эхинококкоздың қауіптілігі оның ұзақ уақыт бойы белгісіз, 5 тен  20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкіндігінде.

          Адамдар үшін эхинококкоздың негізгі көзі ауылшаруашылық малдар мен үй жануарлары, оның ішінде жиі жағдайда ит болып табылады.  

       Эхинококкозды жұқтыру жолдары - адамдар жұқпаны ауырған жануарлардан (ит, ірі және ұсақ мүйізді малдар) қарым-қатынас арқылы, жабайы жидектер жинау және оларды пайдаланған кезде,  гельминт жұмыртқасымен ластанған ашық су көздерінен (бұлақ, бастау) суды ішкен кезде, сол сияқты жеке бас гигиенасын сақтамаудан паразит жұмыртқасын тағаммен немесе ауыз сумен ішке өтеді. Ал, балалардың жұқтыруы жиі жағдайда үй жануарларымен (ит, мысық) немесе эхинококкоз қоздырғыштарымен ластанған ойыншықтармен ойнаған кезде, осы паразиттің жұмыртқасы ағазаға түсуі мүмкін.

       Эхинококкоздың таралу факторларының бірі топырақ болып табылады. Жануардың нәжісімен түскен эхинококк жұмыртқалары бау бақшалары мен ауладағы топыраққа түсіп, шаң-тозаңмен үйге тасымалданады. Адам бақша немесе саяжайда жұмыс жасау кезінде және дұрыс жуылмаған бақша көкөністері мен жемістерді тұтынуы гельминттерді жұқтыруға ықпал етеді.

        Эхинококкозды жұқтыру қауіпі жоғары топқа ауласында үй жануарларын ұстайтын ауылды жердің тұрғындары, аңшылар, мал шаруашылығы кәсіпорындары, мал соятын пункттер, жануарлардың қылдықтарын кәдеге жарату және көму объектілерінің жұмыскерлері, малшылар мен шопандар,  хайуанаттар саябағының жұмыскерлері саналады.

       Эхинококкоздың белгілері - аурудың белгілері таспа құрттың адам ағзасындағы түсу орнына (ағзасына) байланысты болады. Бауырды зақымдаған кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел  пайда болады.

        Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы расталады.  Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады, емнен кейін науқас диспансерлік бақылаумен қамтылады.

 

     Эхинококкоздың алдын алудың негізгі шаралары:

   Ең бастысы - жеке гигиена ережелерін сақтау;

   Үй жануарларымен (ит, мысық) және кез келген басқа жануарлармен байланыста болғаннен кейін немесе бақшада жұмыс істегеуден, аулада ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

   Қаңғыбас жануарлармен (ит, мысық) жақын араласпау, балалардың олармен ойнауына жол бермеу;

   Иттерді арнайы бөлінген жерлерде серуендету, оларға профилактикалық емдеу жүргізу;

    Білгісіз тоғандардың, өзендердің және басқа да табиғи су қоймаларының шикі суын ішпеу;

    Тағамға қолданылатын көкөністер мен жеміс- жидектерді  мұқият жуып-тазалаудан кейін, жануарлардан алынған өнімдерді тек жақсылап термиялық өңдеуден кейін пайдалануды.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

 

 

Оқылды 296 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет