Сәрсенбі, 29 Қараша 2023 12:00

AMANAT: Алматы облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдауда болған онға жуық тұрғынның мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, кептеліс, табиғи газ тарту және мәдениет үйін салу өтініші бар.

Мәселен, 73 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны облыстық маңызы бар Есік-Саймасай автожолына қатысты мәселе көтерді. Ол туристер мен тұрғындар санының артуына байланысты көлік ағыны артқанын айтты. Күн сайын 2 мыңнан астам көлік қатынайтын магистральда жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осыған байланысты, Есік-Саймасай автожолын төрт жолаққа дейін кеңейтуге әкімнен ықпал етуін сұрады.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, аталмыш облыстық маңызы бар автомобиль жолының белгілі бір бөлігі күрделі жөндеу жобасы әзірленген.

«Есік-Саймасай автожолының 0-11,82 км бөлігінің жобасы әзірленген. Қазіргі уақытта ведомстводан тыс сараптамадан өтіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияланатын болады. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары келесі жылдың екінші тоқсанында басталмақ», дейді өңір басшысы.

Ал Талғар ауданының тұрғыны Дүйсенов Ұлдақан газбен қамту мәселесін қозғады.

«Ауданға қарасты 18 мың тұрғыны бар 8 ауылға аса қажетті дүние – газ.  Бірнеше елді мекенде көгілдір отын әлі күнге дейін орнатылмаған. Осы мәселелер тез шешілсе деген өтінішіміз бар», деді Ұлдақан Дүйсенов.

Облыс әкімінің айтуынша, газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал 2024 жылы елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

«Талғар ауданына қарасты Нұра, Қаратоған, Туғанбай, Өстемір, Даулет ауылдары бойынша газ тарату желілерін салу бойынша жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. 2024 жылы мемлекеттік сараптамадан өң нәтижесі алынып құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Ал Қаратоған және Каменское плато ауылдарына жобалық сметалық құжаттама дайындау қажет, осы мақсатта келесі жылға экономика басқармасына бюджет қаражатын бөлуге  өтінім берілді» деді Марат Сұлтанғазиев.

Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Оқылды 721 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет