Бейсенбі, 23 Қазан 2025 18:39

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып, бүгінде шетелдерде өмір сүріп жатқан, ұлты қазақ азаматтар. Қазақстанға қайта қоныс аударған кезде оларға «қандас» мәртебесі берілді. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап мемлекет қазақ диаспорасын тарихи Отанына көшіру саясатын ресми түрде жүзеге асыра бастады. Сол жылы 18-қарашада қабылданған «Иммиграция туралы» заң аясында алғашқы қандастар легі елге орала бастады.

Жыл басынан бері облыс бойынша 1494 адамға қандас мәртебесі берілді. Қандастардың әлеуметтік бейімделуі мен табысты интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында оларды мемлекеттік тілге оқыту, кәсіптік дағдыларын жетілдіру және еліміздің заңнамалық негіздерімен таныстыру ерекше маңызды. 2025 жылғы 14 сәуірде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аппараттық жиында қоныс аударған қандастарға мемлекеттік тілді оқыту және бейімдеу шараларын тиімді ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осыған орай облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық және қалалық филиалдарында мемлекеттік тілді оқытумен қатар, «Бір терезе» қағидаты негізінде әлеуметтік көмек алу, кәсіптік дағдыларын жетілдіру, құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттары бойынша да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда тиісті құзырлы мекемелер – халыққа қызмет көрсету орталықтары, еңбек мобильдігі орталықтары, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары бөлімдері бірлесе әрекет етуде.

Атап айтар болсақ, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік    орталығы Шелек ауылдық округі филиалында «Бір терезе» қағидаты негізінде қандастардың қоғамға тез бейімделуіне, азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал ету және Қазақстан республикасының мемлекеттік мекемелеріндегі құқықтық, әлеуметтік мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ауданның Шелек ауылындағы № 2 аудандық сотының сот әкімшісінің басшысы Румин Турсунов түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қандастардың көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Сондай-ақ, тағы бір маңызды кездесудің бірі – ауылымыздағы «Halyk Bank» филиалының білікті мамандары банк саласындағы өзекті ақпараттармен таныстырды. Кездесу барысында жеке және заңды тұлғаларға арналған банк өнімдері мен қызмет түрлері, онлайн банкинг мүмкіндіктері, сандық сервистерді тиімді пайдалану жолдары, несие алу, депозит ашу, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру тетіктері туралы кеңестер айтылып, көптеген сұрақтарға түсінікті етіп жауаптар берілді.

Бүгінде ел ішінде қандастарды мемлекеттік тіл – қазақ тіліне оқыту ісі күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы бағытта Алматы облысы әкімінің бастамасымен қолға алынған ауқымды жоба – шетелден келген қандастарымызды қазақ тілінде еркін сөйлету, қоғамдық өмірге бейімдеу және ұлттық мәдениетіміздің қайнарынан сусындату ісі қолға алынды. Аталған бастаманы жүзеге асыруда Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Шелек ауылдық округі филиалы біршама істер атқаруда.  Мұнда қандастарға арналған арнайы топтар ашылып, жүйелі тіл сабақтары өтуде. Қазіргі таңда Шелек ауылдық округі филиалында осы жылдың екінші жартыжылдығы бойынша, жалпы 150 тыңдаушы бар. Мемлекеттік тілде этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тіл курсы бойынша 90 тыңдаушы, 6 топ бар. Оқу мерзімі 6 ай. Ал қандас бауырлардан іс жүргізу курсы бойынша 60 адам, 4 топ құрылып, тыңдаушылар  тұрақты түрде білім алуда. Оқу мерзімі 3 ай.

Жобаның негізгі мақсаты – қандастардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау, сөйлеу, түсіну, жазу және тыңдау дағдыларын дамыту. Бұл тек тіл үйрету ғана емес, сонымен бірге олардың мәдениетіміз, дәстүріміз, тарихымызбен жақын танысуына мүмкіндік береді.Сабақтарда тыңдаушылар қазақ тіліндегі тұрмыстық қарым-қатынас үлгілерін меңгеріп, күнделікті өмірде қолдана алатындай деңгейге жетуді көздейді. Оқыту процесі заманауи әдістемелермен, көрнекі құралдармен және интерактивті тәсілдермен жүргізіледі. Әр топ аптасына екі рет оффлайн және онлайн форматта жиналып, ауызекі сөйлесуді жаттықтырады, тақырыптық мәтіндермен жұмыс істейді, ұлттық мерекелер мен дәстүрлерді таныстыратын іс-шараларға қатысады. Мұндай сабақтарда тек тіл ғана емес, қазақ  халқының  салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, тарихы мен өнері жайлы да мол мағлұмат беріледі. Қандастар сабақтарға зор қызығушылықпен қатысып, үй тапсырмаларын да тиянақты орындауға тырысып жүр.

Қандас ересек азаматтардың сауатын ашуда кирилл жазуын меңгерту – олардың мемлекеттік тілде сауатты және еркін қарым-қатынас жасауына негіз болатын маңызды қадам. Қазақстанда ресми құжат айналымы, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру және іс жүргізу жүйесі кирилл графикасында қалыптасқан. Сондықтан бұл әліпбиді үйрену қандастардың күнделікті өмірге тез бейімделуіне септігін тигізеді. Мұндай игі бастамалар – ел бірлігін нығайтып, болашағымыздың берік болуына қызмет ететін қадамдар.

Сонымен қатар, этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылық пен құрметті арттыру, «Бір күн тек қазақша сөйлейміз» атты акция ұйымдастырылды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына қарасты Шелек полиция бөлімінің қызмметкерлерінің мемлекеттік тілде сөйлеу деңгейлерін анықтау мақсатында диогностикалық Қазтест тапсырды. Бұдан басқа да көптеген мәдени-ағарту шаралары өткізілді.

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Шелек ауылы округінің филиалының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және қазақ тілін кеңінен насихаттау. Тіл – ұлттың жаны, ана тіліміздің абыройы. Мемлекеттік тілді жетік білу жолында осындай жобаларға қатысуы – әрбір азаматтың парызы. Өйткені, мемлекеттік тіл – ортақ құндылық.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 537 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет