Жұма, 19 Сәуір 2024 13:32

Мәһір маңызды ма?

Мәһір маңызды ма? https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fbugin.kz%2F34288-maqir-makhabbatqa-kedergi-me&psig=AOvVaw3naR88ljWV7ktO5Kmf1dqO&ust=1717687940496000&source=images&cd=vfe&opi=89978449&ved=0CBIQjRxqFwoTCKDDmYHlxIYDFQAAAAAdAAAAABAE

Соңғы кездері әлеуметтік  желіде  жастар  арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде  сұралатын мәһір мәселесі қоғамның  қызу  талқысында  жүр. Исламның неке қию шартындағы «Мәһір мөлшері өзгеріп кеткен бе?»  деген  сауал әркімнің ойында.  Себебі, қалыңдықтың  болашақ жарынан сый – мәһір  талап етерде қымбат көлік, соңғы үлгідегі  «Iphone» сұрауы сәнге айналып бара жатқандай. Ислам шартында неке қию дініміздің негізгі әмірі болғандықтан, мұсылман адамына ең бастысы –  діни некеге тұру.

Жақында әлеуметтік желідегі мына бір жайт көзге ілікті. Алматы қаласын-дағы мешітте некесін қидырған қалыңдық күйеуінен үй сұрады. Оны естіген жігіт имамның алдында ыңғай-сызданып, төмен қарап, амалсыздан алып беруге келісімін берді.  Мұндай жағдай елімізде бірінші рет емес, тағы да оңтүстікте қалыңдық мәһірге соңғы үлгідегі «Iphone» алып беруін сұра-ғанда, қасындағы куәгер достары оның бағасы 1 миллионға жақын тұратынын айтып қалды. Ал имам мәһірдің бері-летін уақытын сұрағанда жігіт үнсіз қалды.

Мәһір – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен  талап етуге  құқылы шариғат белгілеген ақысы. Шариғат бойынша  мәһір беру – уәжіп. Бірақ ол некенің шартына кірмейді яғни мәһір аталмаса да, неке қиылған болып саналады. Алайда неке шартындағы мәһірге қалыңдықтың талап етер сыйлығы ер азаматтарына ауырлық тудыруда. Екі жастың қосылуы үшін мәһір қаншалықты маңызды? Осы сұрақ бойынша Есік қаласының  бас имамы Сапархан Төреқұловтың  пікірін  сұрап білген едік.

«Қай қоғамда болмасын кісіге беріле-тін сыйлықтың көңілге қуаныш, жүрекке мейірім ұялататындығы сөзсіз. Дана халқымыздың үйге келген қонақтың «қуыс үйден құры шықпа» деп шапан жауып, сыйлық беріп жататынына көптен куәміз. Сол секілді шариғатымызда  ерлі-зайыптылардың  арасындағы мейірімділікті  арттыру  мақсатында берілетін арнайы  сыйлық  бекітілген. Жалпы мәһір дегеніміз – неке қию барысында күйеу жігіттің  қалыңдыққа дүние-мүлік немесе ақшалай беретін  сыйлығы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, хазіреті Али Пайғамбарымыздың қызы Фатимаға үйленген кезінде  өзінің құнды қалқанын мәһір ретінде берген. Қалыңдыққа берілетін мәһірдің жоғарғы шегі белгіленбеген. Ханафи мәзхабы бойынша мәһірдің ең төменгі шегі 10 дирхам  яғни  4,25 грамм алтынның бағасына  тең болатын шариғатымыз рұқсат еткен кез келген затты сыйға тартуға болады. Алайдамәһірдің мөлшеріне келгенде ер азаматтың  материалдық жағдайына қарап, отбасының әлеуметтік деңгейін ескерген жөн. Себебі мәһір ер адамды қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек. Қазіргі таңда жастар арасында қалыңдықтың мәһірге шамадан тыс нәрсе сұрап, күйеуін ыңғайсыз жағдайға қалдырып жататын сәттер жиілеп кетті. Сол үшін де көп жастар бір бірімен келіспей ажырасып жатыр. Сондықтан болашақта тұрмыс құратын қаракөз қарындастарымыз Пайғамбарымыздың мына хадистерін ескере жүрсек екен дейміз: «Ең жақсы әйел – күйеуіне сәлемі түзу болғаны және қанағатшылы», тағы бір хадисте:  «ең жақсы әйел – мәһірі аз болғаны», –дейді Сапархан Төреқұлов.

Исламдағы ер адамның әйелі ал-дындағы міндеттері туралы айтатын болсақ, негізінен олар материалдық сипатта екені мәлім. Мәһір ұғымының қай қоғамнан қазақ дәстүріне сіңгені белгісіз, алайда, қазақ халқында есте жоқ ескі заманнан келе жатқан қалың мал беру дәстүрі бар. Қалың мал – күйеу жігіт қалыңдықтың ата-анасы мен туған-туыстарына ақшалай немесе заттай берілетін сыйлық түрі. Ертеде қалың мал деп қыздың жасауына кіретін заттарды дайындау үшін қалыңдықтың ата-анасына берілетін төрт түлік малды айтса, қазір ол ақшалай беріледі. Мәһірге келетін болсақ, бұл ислам дінімен байланысты ұғым. Оның қалың малдан айырмашылығы мәһірді ер адам әйеліне тікелей береді және ол неке сыйлығы болып табылады. Мәһірге қалыңдықтың рұқсатынсыз ешкім қол сала алмайды, себебі ол – әйелдің жалғыз, қорғансыз қалған жағдайда материалдық, мұқтаждық көрмеуі үшін жасалатын қамқорлық.

«Мәһір қазіргі таңда әсіресе жас-тардың арасында сәнге айналып кеткен. Әйел затының күйеуіне қарсы шығып, мәһірді алып бермегені үшін дау шығаруы орынсыз, ер азаматым деп сенім арту керек, сол кезде ер адам мәһірді айтқызбай-ақ әйеліне тарту етеді. Егер сондай ұсақ-түйек нәрсеге ұрыс шығара берсе бізден қандай ұр-пақ тарайтынын түсінбеймін», – дейді Есік қаласының тұрғыны Самира Арыстанбекқызы.

Қазіргі таңда ажырасудың себебі, осы мәһірдің дұрыс өтелмеуінен, яғни арзан дүниемен алдауынан болып жатыр. Отбасы құрып, шаңырақ көтеру –өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі.Сондықтан оның шарттары мен талаптары заң жүзінде ғана емес дін негізінде де дұрыс орындалғаны абзал. Бақытты отбасын құру және сақтау екі жастың қолында. Отбасындағы құндылықтар, сыйластық пен махаббат осы мәһірмен шектеліп қалмаса екен дейміз. Мұндай қымбат дүниелерден де артық құндылық – отбасы екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

Бетті дайындаған

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

 

Оқылды 13441 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

Соңғы жаңалықтар

Маус 10, 2025

Жаз мезгілінде қандай сусындарды…

Күн сайын жеткілікті мөлшерде су тұтыну ағзаның барлық функцияларын, соның ішінде ас…
Маус 10, 2025

Балалардың жазғы демалысы

2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын…
Маус 09, 2025

Посевная-2025: завершение в…

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для…
Маус 09, 2025

Егіс науқаны – 2025: науқанның…

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар…
Маус 09, 2025

Экологиялық ахуал басты назарда

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күні қарсаңында Алматы…
Маус 09, 2025

Алматы облысында қаржы пирамидаларын…

Алматы облысында азаматтарды алдауға бағытталған қаржы пирамидаларына қарсы кешенді…
Маус 09, 2025

Алматы облысындағы табиғи…

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Алматы…
Маус 09, 2025

2025 жыл Құрбан айт: уақыты,…

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін аса маңызды рухани мереке. Бұл күндер мейірімділік пен…
Маус 09, 2025

Алматы облысында волонтерлік…

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет