Сенбі, 12 Шілде 2025 18:06

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев қаласында заманауи Балалар үйі туралы

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен салынған жаңа үйге көшірілуі жоспарлануда.

171 бала заманауи қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына толық сай келетін жаңа үйге қоныстанады. Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында жаңадан салынған мекемеге көшіру туралы шешім қабылданды.

1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.

– Бұл жерде балалардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Қателіктің құны – тым жоғары. Ескі ғимарат моральдық әрі физикалық тұрғыда ескірген. 1,8 млрд теңгеге жоспарланған күрделі жөндеу жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Сондықтан біз салмақты әрі жауапты шешім қабылдадық, – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова.

Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.

Ғимараттың қауіпсіздігі мен функционалдық аймақтарға бөлінуіне ерекше назар аударылған. Нысан өндірістік аймақтардан алыс, белсенді дамып жатқан тұрғын ауданда орналасқан. Жанында тұрғын үйлер мен халықаралық іс-шаралар өтетін мәдени кешен бар.

Нысанды аралаған қонақтар оның сапасын жоғары бағалап, Балалар үйін республикалық деңгейдегі үлгілі әлеуметтік мекеме деп атады. Аула аумағы абаттандырылып, ондаған ағаш отырғызылған.

– Жаңа Балалар үйі – бұл ең алдымен, әр бала үшін қауіпсіз және қолайлы орта, сондай-ақ тең мүмкіндік беретін мекен, – деді Ақмарал Атенбекова.

Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.

Оқылды 454 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет