Бейсенбі, 10 Шілде 2025 16:03

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал мамандарға құрмет: Қонаев қаласында Ветеринария күні аталып өтті

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шараны облыстық Ветеринария басқармасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, сондай-ақ Облыстық ветеринариялық станция бірлесе ұйымдастырды.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Ветеринария күні ресми кәсіби мерекелер күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын 10 шілдеде атап өтіледі. Бұл күн – күнделікті еңбегімен жануарлар денсаулығын қамтамасыз етіп, соның арқасында халықтың санитарлық қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген ветеринар мамандардың еңбегіне деген қоғамның алғысы мен құрметінің белгісі.

Салтанатты жиында ветеринария саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің орынбасары 14 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Бұл көліктер аудандық ветеринариялық бөлімшелердің қажеттіліктеріне арналған. Жалпы техниканың құны – 104 миллион теңгені құрады. Жаңа автокөліктер шалғай ауылдық округтерде жұмыс істейтін мамандардың мобильділігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға сеп болмақ.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр өз сөзінде:

«Бүгінгі мереке – күнделікті ерен еңбегі көп жағдайда көзге көрінбейтін, бірақ стратегиялық маңызы бар мамандарға шынайы алғыс білдіру мүмкіндігі. Ветеринария жүйесінің мықты болуы – бұл жануарлар денсаулығы ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Мемлекет саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуды одан әрі жалғастырады», — деп атап өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында саланың ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, өнер ұжымдарының концерттік қойылымдары мен заманауи ветеринариялық жабдықтар мен бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жаңа технологиялармен танысып, тәжірибе алмасып, саланың өзекті мәселелерін талқылады.

Мұндай іс-шаралар ветеринария саласындағы кәсіби қауымдастықты нығайтып, мамандықтың беделін көтеруге және оның қоғамдағы маңызын арттыруға зор үлес қосады. Ветеринария күні – бұл мереке ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен қоғам денсаулығын қорғап жүрген жандарға деген құрметтің көрінісі.

Оқылды 316 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет