Жұма, 11 Шілде 2025 14:48

Алдымен адам папилома вирусы дегеніміз не және оның алдын алу шаралары

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы шақыратын жұқпалы ауру.

        Бұл – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның көптеген түрі бар. Қазіргі уақытта 200-ден астам штамы зерттелген. Адамның папиллома вирусы (АПВ) – жыныстық жолмен берілетін инфекция. Ауру әдетте адамдарға симптомсыз өтеді. Ғалымдардың зерттеуінше, АПВ инфекциясы әлемдегі барлық қатерлі ісіктің шамамен 5 пайызын тудырады екен. Оның ішінде ең көп таралғаны – жатыр мойны обыры. Сонымен қатар, бұл вирустың салдарынан ерлер мен әйелдерде сирек кездесетін өзге де қатерлі ісік аурулары пайда болады.

        Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырын жұқтырудың 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі.  600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

  Адам папилома вирусы адамнан адамға келесі жолдармен беріледі:

        1.Тұрмыстық жанасу жолымен - адам папилома вирусы қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға-сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

        2.Жыныстық жолымен – вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

        3.Тікелей жолмен – вирус анадан сәбиге босануы жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

        4.Өзіне –өзі жұқтыру жолы - адам папилома вирусы қырыну немесе эпиляция  кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.

       Бүгінгі таңда адам папилома вирусын емдеу жолы жоқ. Алдын алудың бірден бір әдісі – ол вакцинация.

       Жатыр мойны обырының дамуыны әйелдің адам папилома вирусы инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.

       Адам папилома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді, бүгінгі күні көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынуда.

Вакцина ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп, біздің елде адам папиломасына қарсы вакцинаны 2024 жылғы күзден бастап  енгізу жоспарлануда. Вакцинация 11 жасар қыз балаларға жасалады. Себебі, бұл жаста вакцинация ең күшті иммундық жауапты қамтамасыз етеді және егер вакцина ерте жаста енгізілсе, ең тиімді болады. Вакцинаның ережесі бойынша қыз балалар жыныстық белсенділікке кіріскенге дейін, яғни ерте жасында егілуі керек.

Адам папилома вирусына қарсы вакцина еліміздегі барлық мектептер мен тұрғылықты мекен жайларыңыз бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді болады.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда,

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, дәрігердің қарап тексеруінен және кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе заңды уәкілінің жазбаша рұқсатынан кейін жасалады. Вакцина 2 дозадан тұрады,  6 ай аралықпен екі рет салынады.

Адам папилома вирусы ауруына қарсы вакцина қалай жұмыс істейді?

Вакцина адам ағзасына түскен соң иммундық жүйеге адам папилома вирусы инфекциясымен күресуіне көмектесетін антиденелер түзуді шақырады.

Адам папилома вирусына қарсы вакцинаның құрамында рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланумен алынған, вакцина құрамындағы әрбір адам папилома вирусы типінің ақуыз қабықшасынан вирус тәрізді бөлшектері (VLP) бар. Бұл вакцина құрамында вирустың ДНҚ –сы жоқ, әрі тірі емес және адам папилома вирусы инфекциясын немесе обырды тудыру мүмкіншілігі жоқ.

Адам папилома вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкелмейді, Вакцина әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

  Вакцинациядан кейін қалыпты саналатын кейбір ығзайсыздықтыр туындауы мүмкін, оларға:

Инъекция орнының ауырсынуы, қызаруы немесе існуі, бас ауыру немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар әдетте, бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін.

 Адам папилома вирусы ауруына қарсы алғашқы вакцина 2006 жылы табылған. Бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адамға екпе егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллиннан астам дозасы пайдаланылды, осы вакцина алған адамдарда күрделі теріс реакциялар болмаған.

       Құрметті ата-аналар,  тек алдын алу шараларын қолдана отырып, жатыр мойны обырын тоқтата аламыз. Еліміздің болашағы, қыздарымыздың денсаулығын ойлайық.

Қ.Нурбатырова

                                                                                               Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының эпидемиологиялық

                                                                                                      бақылау және қадағалау          

                                                                                                                     бөлімінің басшысы                                                                                                                                   

дәрігердің қарап тексеруінен және кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе заңды уәкілінің жазбаша рұқсатынан кейін жасалады. Вакцина 2 дозадан тұрады,  6 ай аралықпен екі рет салынады.

Адам папилома вирусы ауруына қарсы вакцина қалай жұмыс істейді?

Вакцина адам ағзасына түскен соң иммундық жүйеге адам папилома вирусы инфекциясымен күресуіне көмектесетін антиденелер түзуді шақырады.

Адам папилома вирусына қарсы вакцинаның құрамында рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланумен алынған, вакцина құрамындағы әрбір адам папилома вирусы типінің ақуыз қабықшасынан вирус тәрізді бөлшектері (VLP) бар. Бұл вакцина құрамында вирустың ДНҚ –сы жоқ, әрі тірі емес және адам папилома вирусы инфекциясын немесе обырды тудыру мүмкіншілігі жоқ.

Адам папилома вирусына қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке әкелмейді, Вакцина әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

  Вакцинациядан кейін қалыпты саналатын кейбір ығзайсыздықтыр туындауы мүмкін, оларға:

Инъекция орнының ауырсынуы, қызаруы немесе існуі, бас ауыру немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар әдетте, бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін.

 Адам папилома вирусы ауруына қарсы алғашқы вакцина 2006 жылы табылған. Бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адамға екпе егілген, осы мақсатта вакцинаның 270 миллиннан астам дозасы пайдаланылды, осы вакцина алған адамдарда күрделі теріс реакциялар болмаған.

       Құрметті ата-аналар,  тек алдын алу шараларын қолдана отырып, жатыр мойны обырын тоқтата аламыз. Еліміздің болашағы, қыздарымыздың денсаулығын ойлайық.

Қ.Нурбатырова

                                                                                               Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының эпидемиологиялық

                                                                                                      бақылау және қадағалау          

                                                                                                                     бөлімінің басшысы                                                                                                                                   

Оқылды 799 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет