
Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, білім беру жүйесінде оның атқарар рөлі күн санап артып келеді. Мұғалімдер оқыту процесін жеңілдетіп, білім сапасын арттыру үшін түрлі ЖИ құралдарын тиімді қолдана бастады. Бұл технология оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, танымдық қызушылығын оятуға ықпал етеді.
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, жақында Шелек ауылдық округіне қарасты Май ауылының М.Мәметова атындағы орта мектебінде «Сабақтағы жасанды интеллект: мұғалім тәжірибесін жетілдіру құралы» атты тақырыпта аудандық семинар жоғары деңгейде өтті. Семинар тәжірибе алаңынан бастау алып, ауданның 70 мектебінен мұғалімдер ЖИ-ні қолдану тәсілдерімен танысты.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Асылбаеваның ұйымдастыруымен «ЖИ мүмкіндіктері мен қолдану жолдары» атты тәжірбие алмасу алаңында платформаларды қолдануды теория және практика жүзінде көрсетті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Исаева «Worbwail. Net», ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Тегисбаева «Madic school», орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Каимова «Pix Verse», матиматика пәнінің мұғалімі А.Аупенова «Shyrag Al» (интернетсіз ойындар), тарих пәнінің мұғалімі М.Аусыдыкова «Gamer Varket» (сұрақ-жауап), бастауыш сынып мұғалімі А.Куанышпекова «Power point» гипер сілтеме арқылы тапсырма құрастыру, матиматика пәнінің мұғалімі С.Аралбай «Baamboozle» мүмкіндіктерін есептер шығаруда қолдану және георафия пәнәнің мұғалімі Г.Изиева «Power Point» интернетсіз мүмкіншіліктерін тексеру платформаларымен жұмыс жүргізді.
«Шабыт» жобасы бойынша Г.Исмаилова оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырып, практикалық жұмыстарды тамашалатса, М.Ракшев оқушыларға тоғызқұмалақ ойнау, асық ату сияқты ұлттық ойындар секциясын жүргізді.
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің педагогика кафедрасымен М.Мәметова мектебі меморандум жасаған болатын. Аталған унивеситеттің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гульмира Саудабаева «Сабақтағы жасанды интеллект – заманауи мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту құралы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, мақалалары баспа түрінде жарық көрді. Семинарға қатысқан Гүлмира Саутжанқызы Қазақстан жағдайындағы ЖИ және мұғалімдердің құзіреттілігі, ЖИ-ді қолданудың артықшылықтары және цифрлық сауаттылықты арттыру туралы ойымен бөлісті, ЖИ ешқашан мұғалімнің жүрегін, балаға деген мейірімін және оның тұлғалық қасиетін алмастыра алмайтынын, дегенмен білім алу мен өзін-өзі дамыту құралы ретінде пайдалануды үйрететінін нақты мысалдармен айтып берді.
Тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары З.Сүтбекованың ұйымдастыруымен мектеп бойынша бірнеше жоба жұмысы, ашық сабақтар өткізілді. «Под грибом» ертегісі желісінде сахналық көріністі орыс бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тамашаланды. Ұстаз Ш.Айтжанова «Абай даналығы» тақырыбында 6, 9 сыныптармен іс-шара өтті.
«Воркшоп» платформасында ЖИ қолдануы туралы А.Мухамадиева мен Г.Күзембаева сабағы да қызықты өтті. «Көне сурет тарихы» жобасы бойынша Г.Тегисбаева, Ә.Ермек және З.Асылбаева таныстырды. Сонымен қатар «Даналар» мектебі бойынша Д.Калдыбаевтың ұйымдастыруымен алты отбасы қатысқан «Мен және менің әкем» атты жарыс өтті. Сондай-ақ мектеп директорының оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары А.Химитованың ұйымдастыруымен 1 мен 10 сыныптарда мұғалімдер А.Куанышпекова, А.Бажылдакова, Г.Зайнаудинова, З.Абдужалил, А.Калдыбаева, З.Джамалова және М.Туражан әртүрлі пәндерден ашық сабақтар өткізді.
ЖИ тәсілдерімен авиация қызметтері көрсетіліп, Қазақстан паспорттары мен әр қалаға ұшатын билеттер жасалып, стюардессалар «тұтынушыларға» қызмет көрсетті. Педагог-ұйымдастырушы Г.Күзембаеваның ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
Семинар соңында мектеп директоры Ш.Абиткожаева қатысушыларға алғыс айтып, жасанды интеллектің білім беру ісіндегі маңызына тоқталып, семинарды қорытындылады.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.



