Қазақстан Үкіметі мемлекттік шығыстар тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайту аясында қаржыны пайдалануды қатаң бақылауға алды. Мысалы, цифрлық құралдарды енгізу арқылы әлеуметтік саладағы бюджеттік қаражатты игеру реттелді. Атап айтқанда, балабақшаларды қаржыландыруда ашықтық қамтамасыз етілді. Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында мектепке дейінгі білім берудің ваучерлік жүйесі пилоттық режимде іске асырылып, 20 млрд теңге үнемделді. Биыл жыл соңына дейін бұл жүйені бүкіл ел аумағына тарату жоспарланып отыр. «Әлеуметтік әмиян» да атаулы мемлекеттік қолдауды күшейту құралына айналуда. Сол арқылы балалардың тамақтануы мен мұқтаж…
Елімізде биыл алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтілуде. «Қара алтынға» деген жоғары сұранысты ескере отырып, бұл жобаны іске асыру айтарлықтай коммерциялық әлеуетке ие. Атап айтқанда, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов оны өндіру мұнай-газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар биыл шикізат қоры шамамен 19 млрд м3 газды құрайтын «Батыс Прорва» және «Барханная» кен орындарында газ өндіру басталады.
Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы баяндады. Бектеновтің мәлімдеуінше, авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында салынады. Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда. Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті ашу мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы пысықталуда, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдары құрылысы басталады. Биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолы құрылысы аяқталады…
Тау-кен металлургия саласын дамыту аясында Абай облысында құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын толықтай өңдеуге мүмкіндік береді. «Qarmet» акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, оның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдың өзінде компания автокөлік, және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника…
Биыл Қазақстанда ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды. ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр айтқан ақпаратқа сәйкес, құны $7,4 млрд болатын полиэтилен зауыты салынады деп күтілуде. Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен Павлодар облысында алкилат шығаратын кәсіпорын салынады. Сондай-ақ «Qarmet» АҚ жылына 200 мың тас көмір шайырын қайта өңдеу жобасын іске асыруға кірісті. Жалпы құны $262 млн болатын жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15 түрін шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар қытайлық China Energy компаниясы…
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарларды атап өтті. Мәселен, 217 жайлы және 200 тірек мектептен тұратын үүздік білім ошақтарының желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде білім сапасын кезең-кезеңімен теңестіру. Сондай-ақ 2025 жылы кәсіптік-техникалық білім беруде басқа оқу орындары үшін негізгі ресурстық орталықтарға айналатын 10 технологиялық көшбасшы колледж құру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, биыл тағы 11 филиал…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет