
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардан немесе міндеттемелерден бас тартуына қатысты ешқандай норма көзделмеген. Керісінше, ратификацияланған халықаралық шарттардың ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі болып қала беретіні айқын бекітілген. Өзгерістер тек халықаралық шарттарды қолдану тәртібін заңмен айқындауға бағытталған. Бұл халықаралық құқықты жоққа шығару емес, керісінше, оны ұлттық құқықтық жүйемен үйлестіруді көздейтін құқықтық айқындық шарасы.
Ахметов Бекет Толегенович,
Аудандық маслихат төрағасы



