Қадірлі Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары!
Міне, жыл басы – Наурыз мерекесі сағындыра келіп жетті. Сіздерді осынау 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – жыл басы, құт-береке бастауы. Бұл күнi Күн мен Түн теңеседi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойына қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Халқымызда: «Әз-Наурыз келгенде Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады» – деген тамаша сенім бар. Бұл кезеңде Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды- жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже пісіріп, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап келеді. Өткенімізге көз жүгіртсек, бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болуды мақсат еткен. Ақсақалдарымыз: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» – деп батасын берген. Көгілдір көктем мерекесін – Наурыз мейрамын аудан тұрғындары да еңбектегі лайықты табыстарымен, ынтымақ-берекесімен және ыстық ықыласымен қарсы алып отыр. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, шағын және орта бизнес салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, және т.б. мәселелер күн тәртібінен түскен емес.
Өздеріңізге белгілі, мемлекетте болып жатқан оқиға короновирустың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуін жариялаған болатын. Үндеуде Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізген болатын. Сол себепті аудан бойынша 22 наурыз мерекесі тойланбайтынын естеріңізге салғым келеді. Алайда өз үйлеріңізде отбасыларыңыздың арасында атап өтсеңіздер болады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады, - дейді. Олай болса, қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен жеңістер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық пен бақ-береке сыйласын!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҮНДЕУІ
Қымбатты отандастар!
Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз.
Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда.
Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді.
Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс – шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде.
Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық.
Басқаша айтқанда, біз қазір «дүлей дауыл» деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз.
Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды.
Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік.
Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын.
Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады.
Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам.
Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау.
Қазір коронавирус инфекциясының залалалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатыр.
Азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалуда.
Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің бәрі де орындалуда.
Елдегі құқықтық тәртіп қамтамасыз етіліп отыр.
Отандық кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.
Жұмыс орындарын сақтауға барынша күш салынуда.
Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынды.
Мен мұны толық қолдаймын!
Сонымен қатар, қазіргі дағдарыс ұзағырақ уақытқа созылар болса, Үкімет оған қарсы шаралар әзірлеуге тиіс.
Ондай жағдайда елімізді және азаматтарымызды қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек.
Құрметті қазақстандықтар!
Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» деген ұлағатты сөз барын білесіздер.
Осынау сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауға тиіс.
Біріншіден, Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің, студенттердің, шағын және орта бизнестің ауыртпалығын жеңілдету бағытындағы нақты қадамдарын жария етті.
Бірақ тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады.
Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн.
Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс.
Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын.
Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетеді деп сенемін.
Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет.
Ол жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс.
Бүкіл халық, қалың ел, жалпақ жұрт болып жұмылудың жарқын үлгісі мен тиімділігін біз Арыс қаласын апаттан кейін жедел қалпына келтірген кезде көрсеткен едік.
Екіншіден, мен қазірдің өзінде ұлттық бизнес өкілдерінің ел-жұртқа көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығымды білдіремін.
Мұндай мәрттік жалғасын тауып, оған қосылатын бизнес өкілдерінің саны көбейе түседі деген үміттемін.
Компаниялар иелері өздерінің қол астында еңбек етіп жүрген жандарға қаржылай да, моральдық тұрғыдан да жәрдемдеседі деп сенемін.
Мәселен, уақытша демалысқа жіберуге мәжбүр болған жағдайда еңбеккерлерді ақылы түрде босатқан немесе қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен абзал.
Отандық бизнес өкілдерін жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан шығармауға шақырамын.
Сіздер жұмыс орындарын сақтау арқылы қоғамға қамқорлықтарыңызды көрсетесіздер.
Еліміздің кен өндірісі мен шикізат ресурстарын өңдеу және өнеркәсіп саласындағы ірі инвесторлар да Үкіметпен, әкімдіктермен бірлесе отырып, өздері жұмыс істеп жатқан өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсетуге тиіс.
Қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қасиет.
Үшіншіден, қазіргі уақытта ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көрсету керек.
Менің тапсырмаммен «Nur Otan» партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бөлінді.
Бұл қаражат карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін менің шешіммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион теңге бөлінді.
Жалпы, коронавирусқа қарсы күреске арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын «Nur Otan» партиясы бақылауында ұстайды деп ойлаймын.
Төртіншіден, үлкен кісілерді, балалар үйі тәрбиеленушілері мен арнаулы аураханалардағы науқастарды қажетті заттармен үзбей қамтамасыз етуге баса көңіл бөлген жөн.
Еліміздің көмекке мұқтаж әрбір азаматына қамқорлық көрсетілуге тиіс.
Қазақстандықтар қиын кезеңдерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен.
Бұл іске еріктілер қозғалысының өкілдері де атсалысады деп сенемін.
Бесіншіден, біз пандемиямен күрестің «алдыңғы шебінде» жүрген дәрігерлер мен медбикелерді, құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерді қолдауымыз керек.
Олардың иығына ауыр жүк түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр.
Жұртшылықтың оларға көмектесіп, түсіністік танытуға және барлық нұсқауын жауапкершілікпен орындауға тырысқаны жөн.
Қадірлі отандастар!
Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұдан да күрделі кезеңдерді бастан өткердік.
Барлық ауыртпалықты жеңіп, әрдайым ортақ Отанымыздың гүлденуі жолында еңбек етіп келеміз.
Осы жолғы сынақты да ел болып еңсереміз деп сенемін.
Қазақстанның жолы қиындықсыз болмайтынын мен тәуелсіздіктің бастапқы кезінде-ақ білгенмін.
Бұл ретте тарих пен уақыт біздің жоспарымызға өзгерістерін енгізетінін ескерген едім.
Жайма-шуақ кездердің өзінде де біз алдымыздан шығуы мүмкін сын-қатерлерге дайындалып, алмағайып уақыттарда қажет болатын резерв қалыптастырдық.
Жинақталған алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор қаражаты әрдайым біздің қабылдаған шараларымыз бен жалпы ұлттық экономиканы қолдауға септігін тигізді.
Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті.
Бұл – біздің «Алдымен экономика, сосын саясат» қағидатына негізделген бағыт-бағдарымыздың нақты нәтижесінің бірі.
Жаңадан мемлекет құру оңай емес, ал оны сын-қатерден қорғау және тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын.
Бізде тәжірибе де, нақты іс-әрекет алгоритмі де бар.
Мен ұлтты ұйыстырудың, бірлік пен қоғамдағы келісімнің маңыздылығын үнемі айтып келемін.
Тұтастығымызды тағы бір рет дәлелдейтін күн туды.
Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын.
Бірлік барда алынбайтын асу жоқ.
Келе жатқан Наурыз мейрамы – біздің бірлігіміздің нышаны.
Шуақты мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тілеймін!
Барлық ауыртпалық бізді айналып өткей.
Қазақстан бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін.
Біз біргеміз!
Дүниежүзілік тарих айту күні
Алғаш рет Швецияда 1990 жылдардың басында Барлық жыршылар күні ретінде аталып өтілді. Мереке ауызша әдебиетін насихаттайтындарға арналған. 1997 жылы оны түрлі атаумен Аустралия мен Латын Америкасында атап өтті. 2001 жылы Интернеттің арқасында бұл мереке Скандинавияға таралды. Кейін Швециядан Норвегияға, Данияға, Финляндия мен Эстонияға, Канадаға жайылды. 2005 жылдан бері мереке Дүниежүізілк тарих айту күні ретінде рәсімделді.
Бүкіләлемдік астрология күні
Астрология (грек тілінде astron - «жұлдыз» және logos - «сөз, ілім») - жер шарына және адамға жұлдыздардың әсер етуі туралы ілім. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).
Халықаралық бақыт күні
БҰҰ бастамасымен аталып өтетін мереке. 2012 жылы бұл күнді Бутан корольдігі ұсынды. Ұйымның Бас Ассамблеясы өзінің разолюциясында бақытқа ұмтылу адамзаттың негізгін қалаушы күш екенін атап өтіп, бұл күні көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын шараларды жүзеге асыру қажеттігін алған тартқан.
Жер күні
1971 жылы БҰҰ шешімімен наурыздың 20 күні көктемгі күн мен түннің теңелуіне байланысты Жер күнін атап өту ресми түрде бекітілді. Дегенмен, халықаралық мерекелер күнтүзбесінде Жер күні мерекесі екі рет рәсімделген. Яғни, көктемнің күн мен түннің теңелуіне байланысты бүгін өтуде. Ал, екінші дата - 22 сәуірге бекітілген. Бұл датаның негізін қалаған американың қоғам қайраткері Джон Мортон. 1840 жылдары ол табиғатты қорғау және оған күтім жасау бағдарламасы аясында әр адамды аймақты көгалдандыруға шақырады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1935 жылы «Төте оқу» деген атпен апталық газеттің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру болды. 1939 жылдан «Сауатты болуға көмекші» деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан «Жаңа жазу» деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан «Қазақстан мұғалімі» деген атпен жарық көрді. Бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оку орындарының студенттеріне арналған.
1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумның Жарлығымен Ақмола қаласының (1830-1961) атауы Целиноград (1961-1992) деп өзгертілді. Тәуелсіздік жылдары Ақмола атауы қайтарылды. 1998 жылғы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Казақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің «Жамбыл облысы «Фурманов» ұжымшарына Жазылбек Қуанышбаевтың атын беру туралы» Қаулысы қабылданды.
1992 жылы республика тәуелсiздiгiнiң символына айналған «Алтын Сарбаз» атты Қазақстанның алғашқы пошта маркасы шығарылды. Дәл осы кезден қазақстандық маркалар дүниежүзi пошта тізбелеріндегі пошта миниатюралары арасында және филателистер каталогтарында өз орнын тапты. Қазiргi күнге дейін 300 жуық марка мен блок шығарылды.
1994 жылы Алматыда Польша Елшілігі ашылды.
2009 жылы «Қазпошта» АҚ көктем мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы аумағында «Наурыз» сериялы пошталық марканы айналымға шығарды.
Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі - 50 х 38 мм, тиражы - 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші - Николай Соколов.
2010 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тоныкөк және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанаты өтті.
Түркі қағанатының бас қолбасшысы болған Тоныкөктің ерлік істері туралы баяндайтын екі тас ұстыны Күлтегін ескерткішінің жанында орналасса, Біріккен түркі қағанатын құрған Ел-етміш Білге Тұр-айын есіміне арналған Теркін ұстынының бірінші ескерткіші Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайында қойылды.
Тоныкөк (646 - 738 ж.ж.) - Елтеріс Құтлұғ қағанмен бірге 679 жылы Таң патшалығына қарсы көтеріліп, II Түркі қағанатын орнатқан тұлға. Ол үш бірдей қағанның - Елтеріс Құтлұғ, Қапаған және Білге қағанның кеңесшісі әрі қағанат әскерінің бас қолбасшысы болған.
Зиялы қайраткер «ел абызы» атанған. Тоныкөк - шығыста Таң патшалығының солтүстігіндегі Шандунға, ал батыста Темір қақпаға (Дербент) дейінгі аралықта 10 мың шықырымдық жорық жасап, 22 мәрте алапат соғысқа қатысып, атақ-даңққа бөленген қаһарман сардар. Аталған ескерткіш қазіргі Моңғол жеріндегі Туул дариясының бойында 739 жылы орнатылған. Ескерткіштерді жасанды тастан қашап шығарған алматылық шебер - Қырым Алтынбекұлы.
Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін ұлы қолбасшы, түркі тарихының жарқын тұлғасы Күлтегін батырдың өміріне арналған деректі фильм көрсетілді.
2014 жылы Алматыда ҚР халық жазушысы, алғашқы қазақстандық гимн авторларының бірі Тұманбай Молдағалиевтің құрметіне соңғы жылдары тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды.
2015 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы және Тонга Корольдігінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Махи Улиули Сандхарст Тупоюниюа екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.
2015 жылы София университеті Шығыс тілдері және мәдениеті орталығында қазақ тілі мен тарихы және Қазақстан мәдениеті кабинетінің ресми ашылымы өтті.
2017 жылы Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында Юнус Эмре атындағы жаңа саябақ ашылды.
2019 жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан елордасына елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданды. Астана ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
2019 жылы 12 сағат 00 минутта ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін уақытша атқарушы ретінде Қазақстан халқына ант берді.
Дереккөз: inform.kz
Медициналық масканы дәріханалардан іздеп, таппай жатқан халық көп. Маска қашан болады деп күтіп отырмай, өздеріңіз қолдан жасап алуларыңызға әбден болады. Оған түрлі мысалды интернет беттерінен таба аласыздар. Солардың бір түрін назарларыңызға ұсынамыз.
19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картада белгіледі.
«Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді. Шартты түрде Талғар ауданынан Қарасайға және басқа аудандарға қалай жетуге болатыны белгіленген. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полиция маршруттарды алдын ала жоспарлап, реттеу, төтенше жағдай мен карантин ережелерін, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтау және короновирус инфекциясымен күресу және алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Қазір бүкіл әлем, соның ішінде біздің еліміз де коронавирустың таралуына байланысты туындаған жаһандық қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлық шығарып, вирустың кең таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында отандастарымыздың арасында инфекция жұқтырған оқиғалар тіркелді. Осыған байланысты мемлекет басшылығы ертең түнгі сағат 00-ден бастап Алматы қаласында карантин енгізу туралы шешім қабылдады.
Қалаға кіреберісте блокпосттар қойылып, кіру жолдар жабылады. Бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады, сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мейрамханалар жабылады. Біз бұл мәселені Алматы қаласының әкімдігімен бірге қарастырып жатырмыз.
Сіздердің көпшіліктеріңіз Алматы қаласындағы мекеме-кәсіпорындарда жұмыс істейсіздер, қалаға қандай да бір шаруаларыңызбен, базарға, дүкенге барасыздар. Осыған байланысты түсіністікпен қарап, карантин кезінде қалаға баруды қоя тұруларыңызды сұраймын.
Қазір бірінші кезекте өз денсаулығымызға ерекше назар аударып, санитарлық дәрігерлердің барлық ұсыныстарын толық сақтауымыз керек. Біз биліктің үндеуіне құлақ аспай, қауіпсіздік шараларына жеңіл-желпі қараған бірқатар еуропа елдері (Италия сияқты) тұрғындарының қателіктерін қайталамауымыз керек. Оның арты неге әкеліп соққанын өздеріңіз білесіздер.
Біздің облыста барлық азық-түлік дүкендері штаттық режимде жұмыс істейді. Бірінші кезектегі қажет азық-түліктер толық көлемде жеткілікті. Тауарлар мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ. Бағаны тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.
Құрметті жерлестер, қабылданып жатқан барлық шаралар сіз бен біздің қауіпсіздігімізді, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ең бірінші кезекте өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарай білейік!
Жағдайдың салмақты екенін түсініп, вирустың таралуына жол бермеуіміз керек.
Рақмет!
Халықаралық клиенттер күні
Алғаш рет 2010 жылы атап өтілген. Содан бері жыл сайын бұл мерекені Еуропа және Америка елдері қолдап келеді. Атап айтқанда бұл күні кәсіпкерлер клиенттеріне ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, өздерінің ризашылығын білдіреді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1931 жылы Қазақстандағы алғашқы әрі алдыңғы қатарлы медициналық оқу ордасының бірі - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясы ашылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің бірінші мәжілісі өтті.
2007 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Катардың жоғары мемлекеттік наградасы – «Тәуелсіздік» орденімен марапатталды. Орденді 1978 жылы Катар әмірі Халифа бин Хамад әл-Тани елдер арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін шетелдік мемлекет басшыларын, үкімет басшыларын марапаттау үшін бекіткен.
2013 жылы Алматыда қаржыгерлер аллеясы ашылды. Оған 70 Тянь-шань шыршасы отырғызылды.
2014 жылы Қытай астанасының орталығында «Чаоян» саябағында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды (мүсінші Юань Сикунь).
2015 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығында ұлттық нақыштағы «Астана» мәслихат залы салтанатты түрде ашылды. ШОС хатшылығының бірнші қабатында орналасқан залдың ауданы 60 шаршы метрден асады.
2017 жылы қазақстандықтар Сұңғат Закарин мен Аслан Қанатбек джиу-джитсудан Грекия астанасы Афинада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында әлем чемпионы атанды.
Жеке және командалық есепте үздік атану үшін әлемнің 45 елінен жиналған 1000-нан астам спортшы күрес жүргізді.
2018 жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде - 89) Американың Ирвинг қаласында өткен жүлде қоры 150 000 доллар Челленджердің жеңімпазы атанды.
2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтататынын мәлім етті. Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысты.
Дереккөз: inform.kz
Мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар, ұйымдар да қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі тиіс. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«Біріншіден, барлық мекеме, ұйымдар мүмкіндігі болса, бүкіл жұмысшыларын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруы қажет. Кеше ел Президенті бүкіл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйым қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеу режіміне ауыстыру туралы тапсырма берді. Басқа мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар, ұйымдар да осы тәртіпке көшуі қажет. Бұл жұмыс тәртібі Еңбек кодексінің 138-бабымен реттелетін болады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, мекеменің, ұйымның басшысы бұйрығын шығарады және жалақы төлеу тәртібі өзгермейді.
«Егер жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеу режіміне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқылы. Бұл жағдай Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші апта ішінде жұмыс күнін немесе бір күнгі жұмыс сағатын азайтуына болады. Бұл ретте жұмыс істеп жүрген азамат жалақыны сол жұмыс істеген сағатына байланысты алатын болады», - деді Біржан Нұрымбетов.
Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, жұмысын мүлдем тоқтатқан мекемелер жұмысшыларына ең төменгі жалақыдан төмен емес айлық төлеуге міндетті.
Еліміздегі ең төмені жалақы көлемі - 42 500 теңге.
Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссияның жұмысы және ел аумағында коронавирус індетінің таралуына қарсы қабылданған шешімдер жайында баяндады.
Мемлекеттік комиссияның төрағасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің енгізілуі, экономика субъектілерін қолдау шаралары, коронавирус жұқтырғандардың пайда болу ықтималдығына өңірлердің дайындығы туралы айтты.
Қазақстан Президенті комиссия мүшелері жүйелі жұмыс істеп, аймақ басшыларымен өзара ынтымақтаса әрекет етуінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, фискалды саясатты тиімді жүзеге асыру мәселесіне баса мән беру керек. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді іс-қимылдары аса маңызды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы қаулы қабылдады.
2004 жылы ҚР Үкіметінің № 1355 Қаулысына сәйкес, «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» АҚ құрылды. Оның қызметін «Қазғарыш» реттейді.
2006 жылы Прагада Чехиядағы Қазақстан студенттерінің «Бәйтерек» клубының тұсаукесер рәсімі өтті.
2010 жылы Көксарай су реттегішінің ашылу рәсімі өтті. Көксарай - Арыс ауданында, Сырдария өзенінде салынған су қоймасы.
2013 жылы Нью-Йорктегі Шетелдік консулдар қоғамы (SoFC) бірқатар мемлекет өкілдерінің еңбегін тану туралы сертификаттармен марапаттады. Қазақстан атынан бұл құжатДана Каппароваға берілді.
Диаспораларды дамытуға сіңірген еңбегі және екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайынғы марапаттау дәстүрінің негізі Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бастамасы бойынша қаланды.
2016 жылы Қазақстан Республикасында Қазақстан дипломаттарының қауымдастығы құрылды, оның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу, Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қазақстандық дипломаттар әулеттеріндегі сабақтастықты нығайту.
2017 жылы Қазақстанның 28 спортшыдан тұратын Арнайы Құрама құрама командасы Австрияда өткен Бүкіләлемдік Қысқы Арнайы Олимпиада ойындарына қатысты.
«Спешиал Олимпикс» Қазақстан» ҚБ (СОҚ) – республикалық қамқоршы спорттық ұйым, оның негізгі мақсаты интеллектуалдық дамуы бұзылған адамдардың спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету арқылы олардың қоғамның нағыз мүшесі болуына көмектесу.
2017 жылы немістің Галле қаласында химиктер кубогына арналған жыл сайынғы турнирге қатысқан қазақстандық боксшылар Азамат Исақұлов, Әбілхан Аманқұл, Василий Левит, Қамшыбек Коңқабаев алтын медальға ие болды.
Галледегі халықаралық турнирді «шағын әлем чемпионаты» деп атайды. Оған түрлі құрлық боксшылары қатысады. Ол 1970 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.
2018 жылы Қостанай облысының Затобольск кентіне қала мәртебесі беріліп, Тобыл деп аталды.
2019 жылы Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Манас эпосының кітабын латын әліпбиімен басып шығарды. Кітап белгілі манасшы Медер Мергенбаевтың қалдырған қолжазбасы негізінде жинақталып, басып шығарылды. Көне қолжазба араб графикасымен жазылған. Аталған қолжазбада эпостың басқа нұсқаларында жоқ оқиғалар мен тілдік оралымдар бар. Бұған дейін ол тек қолжазба күйінде сақталған және ешбір жерде жарияланбаған. Осы уақытқа дейін бұл жұртшылыққа таныс емес болып келген қолжазбаны 1993 жылы қыркүйек айында Бішкек Гуманитарлық университетінің сол кездегі ректоры, белгілі түрколог-ғалым Қадыралы Қоңқабаев сатып алып, 2018 жылы шілдеде Түркі академиясына табыстады.
2019 жылы Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасы тапсырылды. Құнды жәдігерді музейге Шәкәрімнің тікелей ұрпағы Медғат Құлжанов табыстады.
Домбыра - қос ішек пен 13 пернеден тұрады, тұтас ағаштан ойып жасалған. Домбыраны кім әрі қашан жасағаны белгісіз.
Дереккөз: inform.kz
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Дүниежүзілік әлеуметтік жұмыс күні
Әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтары және әлеуметтік даму үшін күресетін Халықаралық әлеуметтік жұмысшылар федерациясының бастамасымен жыл сайын наурыздың үшінші сейсенбісінде аталып өтеді.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі міндеті - көмекке және қолдауға мұқтаж әлеуметтік топ өкілдерінің (балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, аз қамтылған адамдар, әйелдер және т.б.) лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету. Ал әлеуметтік жұмыстың маңызды нәтижесі – тек жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас отбасы мен жалпы қоғамның әл- ауқатын жақсарту.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1990 жылы Алматыда Қазақстан кәрістерінің құрылтайы өтті. Онда республикалық кәріс мәдениеті орталықтарының қауымдастығы құрылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бұрынғы Югославия Республикасы Македонияның тәуелсіздігін мойындау туралы нота жіберді.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды.
1995 жылы журналистика саласының «Алтын жұлдыз» Жалпыұлттық сыйлығы тағайындалды. 2001 жылдан бастап «Алтын Жұлдыз» Қазақстан Журналистика академиясының ресми сыйлығы. Сыйлық - шығармашылық табыстарды және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге түсе алатындығын кәсіби және қоғамдық танудың жоғары белгісі. Қазіргі таңда Қазақстан журналистикасының дамуына өз үлестерін қосқан 100-ден астам тұлға осы сыйлықпен марапатталған.
2000 жылы экономикалық, саяси және мәдени салаларда Аустрия мен Қазақстанның арасындағы достық байланыстарын нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аустрия Республикасының алдындағы зор еңбегі үшін Үлкен Құрмет жұлдызы» орденімен марапатталды.
Аталмыш құрмет белгісі — Аустрияның 1952 жылғы 2 сәуірде бекітілген мемлекеттік наградасы. Оны Ұлттық жиналыс қабылдаған заңдарға негізделе Аустрия Федералды Президенті табыстайды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.
2012 жылы «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымына кіретін Қазақстанның үш қаласына (Қарағанды, Өскемен және Семей) республиканың тағы тоғыз қаласы қосылды, оның ішінде Шығыс Қазақстанның сегіз қаласы бар.
«Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының «Болашақ-2020» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Люк Деане қазақстандық Павлодар, Курчатов, Риддер, Зырян, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Аягөз, Серебрянск қалаларының әкімдеріне «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымы мүшелерінің сертификаттарын табыс етті. Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері мен «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық хатшылығы бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.
2013 жылы Семей қаласының шеберлері Түркістанда Ахмет Ясауидің кесенесінде орнатылған қола Тайқазанның көшірмесін жасады. Оның диаметрі - 2,45 м, салмағы - 2 тонна.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 17 наурызда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды.
2017 жылы Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық алғашқы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар – «Қазмедиа» орталығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Мақсаты - ең сапалы және өзекті телевизиялық өнімді анықтап, талантты кәсіпқойларды қолдау, сондай-ақ сапалы қазақстандық телевизияны дамыту.
2018 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кеңесі Қазақстанның Болат комитетіне кіру туралы өтінішін мақұлдады.
2019 жылы Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Айка» картинасындағы басты рөлі үшін «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.
2018 жылдың мамыр айында Самал Еслямова қазақстандық кинематография тарихында тұңғыш рет 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса деп танылған болатын.
Дереккөз: inform.kz
Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.
Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.
Бұл індет күннен-күнге ушығып барады.
Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.
Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді.
Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады.
Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады.
Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады.
Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады.
Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды.
Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін.
Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз.
Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді.
Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады.
Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.
Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын.
Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады.
Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді.
Ауруханаларда орын жеткілікті.
Осы шаралардың барлығы – азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын.
Сақтанғанды Құдай сақтайды.
Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді.
Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз.
Бұл – уақытша дүрбелең.
Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек!
Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.
Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін.
Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек.
Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет.
Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады.
Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз.
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды.
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар.
Осы орайда, азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді.
Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді.
Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз.
Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек.
Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет.
Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады.
Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет.
Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!
Уважаемые казахстанцы!
Как вам известно, министерство здравоохранения официально заявило, что на сегодняшний день у девяти казахстанцев диагностированы признаки коронавируса. Есть опасность распространения.
Вирус завезен извне. Зараженные граждане находятся под наблюдением врачей.
Люди, с которыми они контактировали, установлены и тоже находятся под медицинским контролем.
Казахстан раньше многих стран создал специальный экспертный штаб и межведомственную комиссию на уровне Правительства, принял план по противодействию распространению вируса.
Объявленная Всемирной организацией здравоохранения пандемия коронавируса приобрела угрожающий масштаб.
Поэтому в соответствии с казахстанским законодательством мной подписан Указ о введении чрезвычайного положения на территории нашей страны.
Режим чрезвычайного положения действует с 8 часов утра 16 марта 2020 года и продлится 30 суток. В случае необходимости действие режима может быть продлено.
Указом предусмотрены необходимые превентивные и профилактические действия.
Усиливается охрана общественного порядка.
Введен запрет на проведение массовых мероприятий.
Многие казахстанцы строили планы на предстоящие праздники, кто-то хотел посетить концерты, кто-то спортивные соревнования.
К сожалению, ради нашего всеобщего здоровья от этого придется воздержаться.
В то же время вводится ограничение функционирования крупных объектов торговли, но продуктовые и другие магазины, где продаются товары первой необходимости, в том числе находящиеся внутри торгово-развлекательных центров, конечно, продолжат работу.
Режим функционирования рынков определит государственная комиссия на основе предложений местных исполнительных органов.
Временно закрываются развлекательные центры, кинотеатры, театры, выставки и другие объекты с массовым скоплением людей.
Школьники отправлены на ранние каникулы, студенты вузов и колледжей переводятся на онлайн-обучение. Это внесет коррективы в учебный процесс, но здоровье детей – наш приоритет.
Гражданам надлежит отказаться от проведения массовых собраний, связанных с семейными и памятными торжествами.
Вводятся ограничения на въезд и выезд с территории Республики Казахстан. Прошу отнестись к этому с пониманием.
Но вышеуказанные меры не распространяются на грузовые перевозки.
В пунктах пропуска на госгранице, на вокзалах и в аэропортах усилен санитарно-эпидемиологический режим.
По моему поручению из резерва Правительства выделены средства для приобретения лекарственных средств, тест-систем, лабораторного оборудования. В больницах страны имеется достаточный коечный фонд.
Хочу особо отметить, что государственными органами разработаны планы по организации санитарно-профилактических и противоэпидемических мероприятий.
Призываю граждан Казахстана оказывать необходимое содействие уполномоченным службам.
Всем нам в данной ситуации нужно проявить ответственность и дисциплину.
При первых признаках недомогания необходимо незамедлительно обращаться в медицинские службы по месту проживания.
Уклонение от прохождения медицинского обследования и нарушение карантинного режима будут наказываться.
При этом нужно помнить о простых способах заботы о себе и о своих близких: регулярно мыть руки, соблюдать санитарную гигиену, стараться избегать мест массового скопления людей.
В эти дни большая нагрузка ложится на работников системы здравоохранения.
Многое зависит от их профессионализма и человеческого участия. Этот непростой этап в жизни страны наши медики должны пройти с честью и сделать все необходимое для сохранения здоровья казахстанцев.
Дорогие соотечественники!
Мы стали свидетелями крайне отрицательного влияния коронавируса на глобальную экономику.
По сути дела, речь идет о переформатировании всей мировой экономической системы.
Казахстан ощущает на себе последствия этого колоссального кризиса.
Но, несмотря на экономические катаклизмы, мы примем все необходимые меры, чтобы не допустить роста социальной напряженности, безработицы.
Благодаря дальновидной политике Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева международные резервы нашей страны достигли около 90 миллиардов долларов.
Это серьезная гарантия сохранения стабильности нашей экономики и выполнения социальных обязательств государства.
Мы переориентируем бюджетные расходы на те направления, которые дадут максимальный эффект для обеспечения занятости и бизнеса.
На поддержание отечественных предпринимателей и создание новых рабочих мест будет выделено не менее 300 миллиардов тенге.
Нельзя допустить снижения уровня кредитования бизнеса. Для наполнения внутреннего рынка и стимулирования производства будет увеличено финансирование программы «Экономика простых вещей».
На волне ажиотажа спекулятивное завышение цен недопустимо.
По моему поручению Правительство и акимы всех уровней возьмут этот вопрос на жесткий контроль.
Я также подписал Указ «О мерах по обеспечению стабильности функционирования государства».
Этот документ позволит повысить эффективность государственных органов, укрепить вертикаль власти и оперативно принимать все необходимые решения в условиях кризиса, в том числе в налоговой сфере, если это понадобится.
Указ дает право проводить необходимые закупки медикаментов и других средств в упрощенном порядке, в основном у отечественных производителей.
Таким образом, мы сэкономим драгоценное время и средства, что очень важно в сложившихся чрезвычайных обстоятельствах.
Убежден, что мудрость и высокая гражданская ответственность нашего народа, слаженные действия общества и государства позволят нам преодолеть все трудности.
Те, кто распространяют провокационную информацию и пытаются посеять панику, понесут наказание согласно закону.
Призываю всех граждан Казахстана сохранять спокойствие, помогать друг другу, беречь себя и близких.
Сила духа нашего народа, свойственный нам оптимизм и позитивное отношение к жизни сегодня особенно важны.
Құрметті отандастар!
Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз.
Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік.
Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын.
Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін!
Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Біз біргеміз!
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында коронавирусқа байланысты білім саласының алдында тұрған бірқатар мәселеге назар аудартты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттегенін білесіздер. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді», - деп жазды министр.
Сонымен қатар министр бірқатар мәселеге назар аудартты.
1. Мектепке дейінгі білім мекемелері штаттық режімде жұмыс істеуде. Балабақшаға балаларды апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауына байланысты. Келмегені үшін балабақшадан шығарылмайды. Яғни, балаңызды балабақшаға апармасаңыз, орны сақталады. Сондықтан, ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беріледі.
2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беретін ұйымдардың қызметі тоқтатылды. Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және т.б. жатады. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті қазіргі жағдайды ескере отырып, ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.
3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтан жұмыс істейді. Әріптестеріміз әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындай аады. Ал мектеп директорлары педагогтердің қашықтан жұмыс істеуі және каникул кезінде атқарылатын жұмыс көлеміне сай айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды.
Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтан оқыту үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ ақпараттық жүйені контентпен қамтамасыз ету, педагогтерді үйрету, сервистерді тестілеу және басқа бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарын 5 сәуірге дейін аяқтауымыз қажет. Бізде бірнеше электронды платформа бар, қарқынды жұмыс жүріп жатыр.
4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіледі.
5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «DDaryn.online» сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ «Coursera» өз курстарын тегін ұсынды және «ZOOM» оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.
«Айта кетейін, жоғары оқу орындары үшін қашықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. ҚР БҒМ бұйрыққа қол қойған сәттен бастап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО онлайн-форматта оқытуды бастап кетті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытудың шамалы күрделі жақтары бар. Дегенмен де колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылуда. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда», - дейді министр.
Колледждер мен жоғары оқу орындары педагогтерінің де қашықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырма берілген.
6. Жатақханаларға қатысты сауалдар жеткілікті. Билет немесе қаржы тапшылығы сынды әртүрлі жағдайларға байланысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмесінде болуы тиіс.
7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі биылғы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.
8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімі кейінге шегерілді.
9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс- шараларға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ бұқаралық іс- шаралар өткізуге болмайды.
10. Білім ұйымдарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ҚР БҒМ әдістемелік ұсыныстары берілді. Қажет болған жағдайда олар жаңартылып отырады.
«Пандемия кезеңінде кем дегенде 15 мемлекет мектептерді уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Тағы 14 елдің белгілі бір өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Осылайша, мектептерді уақытша жабу мәселесі Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ сияқты мемлекеттерді айналып өтпеді. Осыған байланысты балалар мен студенттерге білім беру және оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалау басты назарға алынып отыр. Бұл - біздің елдегі білім беру жүйесі үшін үлкен сын әрі маңызды міндет. Алға қойған тапсырмаларды біздің педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы бірге орындаймыз деп сенемін», - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.