Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді. Ең алдымен, депутаттың пікірінше, жаңа конституциялық редакцияға сәйкес, Құрылтайдың заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілгені – бұл заң шығару процесіндегі артық бюрократияны, палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды және халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз етеді. «Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Бұл дегеніміз - Құрылтай жай ғана заң…