Мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау міндетінің Конституцияның жаңа редакциясында тікелей көрсетілмеуі бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың әлсіреуін білдірмейді. Бұл норма өтпелі кезеңге тән сипатта болды және құқықтық институттар толық қалыптасқаннан кейін салалық заңнама деңгейінде реттелетін мәселеге айналды. Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту, қолдау және дамыту «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет өз міндеттемелерін нақты тетіктермен, инфрақұрылыммен және тегін қолжетімді ресурстар арқылы жалғастыруда.
КУРАМЕТОВА Гульнара Съездбековна
Директор, ГКП на ПХВ «Районная больница», с.Шелек



