Бүгін, 18 мамырдан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылды.
Кейбір аймақтағы мешіттер карантин жағдайына, өңірдегі індет қаупіне байланысты кейінірек ашылады. Әзірге ешбір мешітте жамағат намазы оқылмайды. Мешіттер өңірлік уақыт ерекшелігін ескере отырып, таңғы 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында бұл шарт ертеңгі Қадір түнінде де сақталады. Бұл жайында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте атап айтқан болатын.
«Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара» деп атап өтті Бас мүфти.
Сондай-ақ мешіттердің ашылуымен байланысты карантин режимінің талаптарын, сақтық шараларын қатаң сақтау талап етіледі.
Мешіттерде жеке намаз оқуға қойылатын талаптар:
Мешітте Құран оқытуға қатысты талаптар:
Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты талаптар:
Дереккөз: muftyat.kz
Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті Telegram боты арқылы брондауға болады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдісі көбейтілді. Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығында, сондай-ақ eGovKzBot2.0 Telegram ботының көмегімен брондайды.
«Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.
Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады», делінген хабарламада.
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы SMS хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 Telegram боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлды тексеру, медициналық мекемелерсінен анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама және т. б.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар қызметіне қайта кірісе бастаған өңірлерде ғана істейді.
17.05.2020 ж. №11 Қаулы
Талдықорған қаласы
Мен, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері К.К.Баймухамбетов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, Қазақстан Республикасының аумағында және Алматы облысының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың шешімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында короновирус инфекциясының алдын алу шараларын әрі қарай күшейту туралы» 2020 жылдың 10-шы мамырдағы №36 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Карантинді жалғастыру және Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен босаңсыту. Карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
2. Аудан және қала әкімдері, Облыстың денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:
2.1 Байланыссыз термометрия жүргізу үшін медицина қызметкерлері, полиция, әскери қызметшілер қатарынан, мемлекеттік шекарада, көрші облыстармен шекарада және Алматы мен Талдықорған қалаларының айналасында блок-бекеттердің болуы. COVID-19 ауруы тіркелген ауылдық елді мекендерді полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тарта отырып қоршауды.
2.2 Коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша қолайсыз аумақтарды қоспағанда, коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық және қалалық ведомствоаралық комиссиялардың шешімі бойынша, тиісті аумақтағы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларын шығара отырып, облыстың аудандары мен қалалары арасындағы блок-бекеттерді алуды.
2.3 Көрші облыстармен шекарадағы блок-бекеттерде іске қосылған қызметтерді жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір реттік бетперде, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері және/немесе экрандары) және азық-түліктермен қамтамасыз ету.
2.4 Көршілес облыстар арасындағы блок-посттардағы санитарлық-карантиндік бақылауды Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес ұйымдастыруды.
2.5 Барлық тұлғалар мен көліктің Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен облыс аумағына кіруіне келесілерді қоспағанда тыйым салу:
1) үй карантинінде медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе шет мемлекеттерінен қайтып келе жатқан Алматы облысының тұрғындарын;
2) жергілікті атқарушы органдармен берілген арнайы рұқсат қағаздары бар адамдар мен көліктерін;
3) жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын тұлғалар мен көліктерін;
4) растайтын құжаттар болған жағдайда, Алматы облысы арқылы транзитпен өтетін тұлғалар мен көліктерін;
5) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар, сондай-ақ карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарды;
6) Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтаған авиарейстер;
7) ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін өз жұмысын қайтадан бастаған ұйымдарға бару және келу үшін жұмыс орыны бойынша елді мекенде тіркеуде тұратын және жұмыс орнынан анықтамасы бар адамдарды;
8) карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аймақтарына медициналық көрсеткіш бойынша келетін және кететін азаматтар және еріп жүретін адамдар 2 адамнан аспауы керек, келесі құжаттар болуы қажет:
- денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;
- бірінші басшы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және жеделдігін растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру-хат;
9) осы қаулының 2.5 тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, жеке санаттағы адамдарға жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл ретте көрсетілген адамдар келген жері бойынша 14 күнге үй карантиніне жатады.
2.6 Аудандар мен қалалар арасында адамдарды автокөлік, теміржол транспорттары арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын вокзалдардың, қызметін тоқтата тұруды.
2.7 Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.
2.8 Сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салуды.
2.9 Әкімдік жанындағы мобильды топтардың нысандарға іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізуді.
2.10 Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді.
2.11 Қазақстан Республикасыынң Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аула балалар алаңдарын және басқа да нысандарға санитарлық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізуді.
2.12 Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді.
2.13 Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.
2.14 Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салуды.
2.15 Бетпердесіз барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көлікте болуға тыйым салуды.
2.16 Медицина қызметкерлерді тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұруын, тамақтануын. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыруын.
2.17 Медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлуін. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізуді.
2.18 Халықтың тұратын жерінен 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып еркін шығуына рұқсат беруді.
2.19 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің бетпердені кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар)шығуына рұқсат беруді.
2.20 Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып аулаларға шығуына рұқсат беруді (3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен).
2.21 Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бекітілген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып басқа облыс аймақтарына кіруіне / шығуына (авиарейстер) рұқсат беруді.
2.22 Саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен келуге/кетуге рұқсат беруді.
2.23 Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді.
3. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстық полиция департаменті, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:
3.1 Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, үйірмелердің, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын алаңдарының, отбасылық демалыс орындарының және басқа да адамдар көп жиналатын орындары.
3.2 Қазақстан Республикасының өңірлері, аудандар, қалалар, елді мекендер арасында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар, темір жол вокзалдары, автостанциялар.
3.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 30 орыннан асатын қоғамдық тамақтану нысандары.
3.4 Түнгі клубтар, кальян барлар.
3.5 Ойын-сауық нысандарды (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.).
3.6 Барлық меншік нысанындағы спорт нысандары (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.), 50 орынға дейінгі стадиондарды қоспағанда.
3.7 Қонақ үйлер, отельдер.
3.8 Қоғамдық моншалар.
3.9 Діни нысандар.
4. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:
4.1 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар (нысандар).
4.2 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып алдын ала жазылу бойынша қабылдайтын меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар), оның ішінде стоматологиялық ұйымдар.
4.3 Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
4.4 Зертханалардың барлық түрлері.
4.5 Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
4.6 Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
4.7 Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
4.8 Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық нысандарға, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда нысандарына қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу).
4.9 Арнайы бұқаралық ақпарат құралдары.
4.10 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
4.11 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
4.12 Толымдылығы отыратын орындардың санынан аспайтындай, қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер, таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған белгі) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.
Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.
4.13 Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
4.14 Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
4.15 Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
4.16 Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
4.17 Тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтер, жұмыс рұқсаты сағат 17:00-ге дейін.
4.18 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.
4.19 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар.
4.20 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және медициналық бетперде киген келушілерді жіберуді қамтамасыз ететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша).
4.21 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б).
4.22 Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар.
4.23 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдениет нысандары (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін).
4.24 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және жиналуды, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.
4.25 Туристерді қабылдау және қызмет көрсету құқығынсыз санаторийлерде, туристік базаларда, шипажайларда, демалыс үйлерінде, балаларды сауықтыру мекемелерінде, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, мұражайларда адамдарды орналастыру және демалу орындарын жазғы туристік маусымға дайындау жөніндегі қызмет.
4.26 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес жұмыс алгоритмі сақталған аэропорттар.
4.27 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, толымдылығы отыратын орындар санынан көп емес қоғамдық көліктер.
4.28 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету орталығы.
4.29 Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар.
4.30 Жұмыс режимі 10.00-15.00 рұқсат етілген банктік емес айырбастау пункттері.
4.31 Күзет ұйымдары
4.32 Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.
4.33 Сыйымдылығы 30 отыратын орынға дейінгі, сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, жазғы алаңы бар ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану.
4.34 Барлық азық-түлік емес дүкендердің, оның ішінде сауда үйлерінің (орталықтардың) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.
4.35 Азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
4.36 Моншалар (қоғамдықтан басқа), сауналар, СПА, массаж орталықтары және т.б. күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызмет көрсету саласының нысандары.
4.37 Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың (жасы бойынша) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес.
4.38 Қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (дене қызуын өлшеумен), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып шағын жинақты білім беру орталықтары, үйірмелер (жазба бойынша).
4.39 Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздік бойынша жауаптыларды, күзет жән басқа мамандандаырылған ұйымдарды қайта оқыту үшін мамандандырылған оқу орталықтарын.
4.40 50 орынға дейінгі ашық стадиондар.
4.41 Қапшағай қаласының РМҚК «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы»
4.42 Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін нысандарды хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.
5. Алматы облысының аудандары мен қалаларының ведомствоаралық комиссиялары, облыстың аудандары мен қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ведомстволық бағынысты аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзге де шектеу шараларын қабылдауға құқылы.
6. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, құқық қорғау арнайы органдары және де басқа да тартылған мемлекеттік органдар (ұйымдар) қамтамасыз етсін:
6.1 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып кеңселердің, мемлекеттік органдардың қызметтерін. Бұл үшін қызметкерлердің 50% қашықтан жұмыс жасау формасы (штат кестесі сәйкес 30 қызметкерден көп болса) сақталады.
6.2 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес облыс ішінде және шекарада блок-бекеттерде санитарлық-карантиндік пункттерді ұйымдастыруды.
6.3 Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды.
6.4 Қызметті жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).
6.5 Көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарын, спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен орындықтарды, банкоматтарды, банктердің терминалдарын, POS-терминалдар алдында қоғамдық көліктің жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді.
7. Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CОVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулауын қамтамасыз етісін. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.
8. Аэропорттың басшылары қамтамасыз етсін:
8.1 Шетелге келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялауды.
8.2 Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
8.3 Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды.
9. «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетперде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.), жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етсін.
10. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін нысандарға мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:
10.1 Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру.
10.2 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.
10.3 Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперде мен қолғаптарды пайдалану.
10.4 Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу.
10.5 Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу.
10.6 Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.
11. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары осы қаулының қолданылуының барлық уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруға тиіс және өз қызметін қашықтықтан жалғастыра алады.
12. Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы (Ысқақ Б.) қамтамасыз ету:
12.1 Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19-бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды қамтамасыз етсін. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (ПТР РНК SARSCoV-2 оң нәтижесі, шағым жоқ, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде клиникалық симптомдар және патологиялық өзгерістер жоқ) пациент Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің аудандық және қалалық басқармаларының эпидемиологының келісімі бойынша емдеуші дәрігердің шешімімен шығарылуға жатады;
12.2 Клиникалық хаттамаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдардың үйдегі карантинін және медициналық бақылауды;
12.3 Үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;
12.4 Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалауды;
12.5 Үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;
12.6 COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін шетелден келген адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;
12.7 СОVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шетелден/өңірлерден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды;
12.8 Медицина персоналының орнын ауыстыруын болдырмай оларды карантиндік стационарларға бекітуді (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шетелден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді);
12.9 Карантиндік стационарлардың медицина персоналының қорғау деңгейі 2 ЖҚҚ-ны пайдалануын;
12.10 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес тиісті контингенттерді COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;
12.11 COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді;
12.12 Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині);
12.13 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес Халыққа профилактикалық егуді жүргізуді қамтамасыз етсін.
13. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы 30 орыннан асатын кәсіпкерлік субъектілеріне (нысандарына):
13.1 Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру;
13.2 Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
13.3 Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
13.4 Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;
13.5 Есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу және үй-жайларды желдетуді, дәретханаларды, оның ішінде аулаларды жұмыстың әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.
14. Алматы облысының полиция департаменті қамтамасыз етсін:
14.1 Аумақтағы Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулауды;
14.2 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолдануды;
14.3 COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеуді;
14.4 Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзетуді.
15. Аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына қамтамасыз ету:
15.1 COVID-19 науқасынан COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сауалнама алуды.
15.2 COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19-дың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді.
15.3 COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежесін анықтауды.
15.4 COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді.
15.5 Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдануды.
16. Облыстың ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:
16.1 Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту.
16.2 Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).
17. Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
18. Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті.
19. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
20. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Алматы облысының аумағында үшінші сатыны іске асыру кезеңінде карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы» № 10 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
21. Осы Қаулы 2020 жылы 18 мамырдың 08:00 сағаттан бастап күшіне енеді.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері К. Баймухамбетов
«Дереккөз: zhetysu.gov.kz
Всем известно, что в Алматинской области с 26 марта в целях предотвращения распространения коронавирусной инфекции закрыты ЦОНы. Но, на сегодняшний день, с послаблением карантинных мер и с прекращением действия режима ЧП,в некоторых регионах возобновляется работа ЦОНов. В этой связи было принято решение об изменении порядка работы центров обслуживания населения.
«Гражданам доступны все услуги в онлайн формате. В связи с этим, теперь в ЦОНе люди могут получить услуги только в бумажном формате и результаты обращений, оформленных через портал egov.kz. А для посещения ЦОНа, талдыкорганцам будет необходимо предварительнозабронировать очередь через специальный сервис на сайте egov.kz или через Call-центр 1414. А»,– сообщила пресс-секретарь филиала Государственной корпорации "Правительство для граждан" Айна Файзулдина.
Напомним, что гражданам доступно более 80% всех государственных услуг на портале электронного правительства.И их может получить каждый. Ведь для удобствапо области функционируют секторы самообслуживания не только в ЦОНе, но и в офисах при акиматах, учебных заведениях, медицинских организациях и других государственных объектах.
Жители города Талдыкорган могут получить онлайн госуслуги в семи секторахсамообслуживания (ул. Абая 24, ул. Тауелсиздик 35, управление государственных доходов ул. Жансугурова, ул. Конаева 47, НПП «Атамекен» в 8 микрорайоне, акимат Отенайского сельского округа, акиматЕркинского сельского округа).
Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады.
Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық бақыты небары бірнеше минутқа созылады.
Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
Айша бибі кесенесі ХІІ ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде тұрғызылды. Қазір мемлекеттік дәрежедегі архитектуралық ескерткіш. Кесенені өңдеу үшін Қазақстанның ертеректегі андрон, сақ тайпаларының геометриялық, зооморфты мотиві бар ою-өрнектері пайдаланылған. Төрт бұрышында батпан тіреуіші бар. Оның қалай салынғандығы жайлы тарихта нақты деректер жоқ. Алайда, халқымызда Айша бибінің сүйген жігітіне деген махаббатын баяндайтын аңыз бар. Ол аңыздың 28 нұсқасы сақталған. Жоғарыда сол аңыздың 1 нұсқасы келтірілді. Алғаш Айша бибі кесенесін 1893 жылы орыс археологы Василий Бартольд зерттеген. 2002 жылы кесене мен оның айналасындағы саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Нишан Рамето сайланған.
Кесененің жалпы көлемі – 7,6 х 7,6 метр. Кіру есігі шығыс бөлігінде орналасқан. Ал керегесі – 80 сантиметр, қалыңдықтағы – 3 қабаттан құралған. Бұдан өзге кірпішінде 60 түрлі ою-өрнек түрлі пайдаланылған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында берген тапсырмаларымен Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының ұжымы мұқият таныстық.
Әсіресе, денсаулық саласына қатысты нақты шешім біз үшін үлкен қолдау болып табылады. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің құрылуы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, медициналық мекемелерді жаңа технологиялық жабдықтармен толық жабдықтау және ең маңыздысы медициналық қызметкерлердің құзыретін арттыру біз үшін үлкен мәртебе әрі нақты бағыт-бағдар. Ауданымыздың медицина қызметкерлері өз тарапынан халық денсаулығын қорғау үшін бар күшін салып, қазіргі қиын кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сынақтан сүрінбей өтетінімізге бек сенемін. Біз әрдайым біргеміз!
Диана СУЛЕЙМАНОВА,
Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы
директорының сапа жөніндегі орынбасары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті.
Жаңа қанатқақты жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:
– несие мөлшерлемесі 5%;
– бастапқы жарна 10%-дан бастап;
– несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.
«5-10-20» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және мына параметрлер ұсынылуда:
– Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды;
– Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды;
– басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.
Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша мынадай баға параметрлері белгіленген:
240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;
160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.
«5-10-20» пилот жобасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде әзірленіп жатыр.
«Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол тұрғын үйді есепке алу, тіркеу және бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ жанұялар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады», – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде ендіріледі. Бір мүше үшін бір КМ-нан (күнкөріс минимумы) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилот жобасына қатыса алады.
ИИДМ ұсынған 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдарда 540 мыңнан астам адам кезекте тұр. Оның ішінде:
– мемлекеттік қызметкерлер, бюджет ұйымдар қызметкерлері – 212,5 мың адам;
– толық емес отбасылар – 120,5 мың адам;
– ата-анасыз балалар – 60,8 мың адам;
– 1 және 2-топтағы мүгедектер – 43,5 мың адам;
– мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 21,1 мың адам;
– зейнеткерлер – 18 мың адам; – басқа санаттар – 16 мың адам.
«Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалы індетпен күресуде ауқымды жұмыс атқаруда.
Қытай Халық Республикасынан тараған «аты жаман» кеселдің таралуынан бастап, станция қызметкерлері Қазақстан Республикасында аурудың алдын-алуға және таратпауға барын салуда.
Мамандар Қытаймен шекаралас СБП-де жұмыс істеп жатыр. Медицина мамандарды даярлықтарын пысықтап, өткізу пунктерінде қызмет жасап жүр. Сондай-ақ, дезинфекциялық шараларды жүргізіп,халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізіп жүр.
COVID-19 пандемиясымен күресуде жедел және сапалы диагноз қажет дейді мамандар. Бұл жерде ПТР диагностикасы жетекші рөлге ие.
«М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы»филиалы Алматы облысында Талдықорған қаласында орналасқан және Қарасай ауданында орналасқан екі ПТР зертханасын ұйымдастырды.Зерттеулер ҚХР тест- жүйелерін қолдана отырып жүргізіле бастады, қазіргі таңда «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК өндірген тест – жүйелер жұмысқа берілді. Бұл тест- жүйелері сынақтан сәтті өтті және орталық референс- зертхана жұмысында қолданылады»,- деді Алмас Тоқтамысұлы.
Қазіргі таңда жаппай тест жүргізу өзекті болып тұр. Сол мақсатпен Алматы облысында тест жүргізуге жататын контингенті анықталды. Оған медициналық қызметкерлер, блокпостарда жұмыс істейтін күш құрылымдары, әкімдік жұмысшылары, әлеуметтік нысан тұрғындары мен қызметкерлері және тағы басқа тұлғалар кіреді.
1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы «Өскемен» қонақ үйіне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақ үйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан мәртебелі қонақ үйге Түркиядан аса қадірлі мейман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді. Бопты, дедік те, өз жайымызға кеттік... Қонысымызға қайта оралсақ манағы даладағы дүрлігіс біз жатқан қабатқа көшіпті. Сақшы-қосшылар осында жүр. Себебі, қадірлі қонақ бізбен көрші бөлмеде екен.
Бастабында, қызметтік-іскерлік шаруамен жүрген көп түріктің бірі шығар деп аса мән бермедік. Десе де, пендеауи қызығушылық қалған ба, қадірлі қонақты бір көрмекке ынтамыз ауып, ақырын барып барлай-шолып байқасақ... о, жасаған, күллі жұрт түрік деп дүрлігіп жүрген қонақ кәдімгі өзіміздің Халифа Алтай атамыз екен. Жарықтық көзіме оттай басылды. Бір көруге арман боп жүрген ардақты қарияның кездескен жерін қарамайсыз ба!? «Ассалаумағалейкумді» азандата созып, иіліп барып атаның ыстық алақанын қос қолдап қымқыра ұстадым. Атамыз бәсең дауыспен сәлемімді алды. Шүйдесі еңкіш тартқан жұқалтаң адам екен «бұл кім болды» дегендей, бетіме бажайлап қарап алды да, үнсіз отыра берді.
Қасында жары Бәтіш апа (Бибәтіш Жүнісқызы) бар екен. Қайта апамыз: «Төрлет, қарағам, қайдан жүрсің?» деп, қазақы әдетпен жөн сұрай қалғаны. Маған да осы сұрақ керек еді... Қайда туып, қайдан келгенімді айтып сарнадым кеп. Атамыз үнсіз тыңдап отыр. Бір кезде бұрылып қарады. – Жөн, қарағым, Қобда бетінің қазағы екенсің ғой... – деп әңгіме ауанын өзі кеңітіп, ана-мынаны сұрап... әңгіменің көші түзелгендей болғаны. Мен де қарап қалмай, ақсақалдың бұл қалаға неге келгенін сұрадым. Жарықтық көпті көрген көрік кеудесін бір көтеріп қойып, шанағы кепкен көне домбыраның үніндей қоңыр дауысымен сөз бастады. Менің түсінгенім: атамызды бала кезінде оқытқан руы найман-сарыжомарт ұстазы болған екен. Сол кісі 1960-шы жылдары арғы беттен осы жаққа өтіпті. Соны іздеп келген беті. Тірі болса көзін көріп батасын алмақ, жоқ болса үрім-бұтағын тауып батасын бермек.
Осы мәселе бойынша ертеңінде атам екеуміз іздеуді бастадық. Алдымен облыстық «Дидар» газетінің редакциясына бардық. Ол жерде қаланың зиялы қауым өкілдері жиналып күтіп отыр екен. Барлығымыз фотоға түстік (суретте). Ақсақал ұстазының дерегін де тапты. Ертеректе Күршім жаққа қайтыс бопты. Кейін жарықтық сол ұстазының немере қызын әдейі Алматыға алдырып, өзінің үйінде тұрғызып, оқуын аяқтатты. Өз басым әлі күнге дейін осы оқиғаны есіме аламын. Ұстазға деген неткен құрмет, неткен адалдық...
Күн бесін ауғанда атаммен бірге қоналқы орынға келіп жайғастық. Бұл кісілер таңмен таласа жолға шықпақшы. Содан қарап отырмай әңгіме өрбіттім. Бір жыл бұрын от орнымнан ұшып атажұртқа қоныс тепкенімді айта келіп, тұрмыстық жағдайдың онша болмай тұрғанын, «атамекен деп аңсап жеткенде...» өзімше іштегі шер-шеменді төгіп жатырмын. Атам жарықтық үңіліп бетіме қарады (бұл не айтып кетті дегендей). Орыннан тұрып келіп қарсы алдыма отырды. – Қарағым, - деді. – Сен бақытты адамсың, мен сияқты жер әлемді шырқ айналып, тісі барға тістетіп, азуы барға алдырып, арман болған атамекенге зорға жетіп отырған жоқсың. Мені тыңда, шырағым, 1930-жылдары Алтайдан ауа көшіп Гансу өлкесіне келгенде біз 18000 адам едік. Осылардан 5000 адам Тибетке тірі өттік. 1941 жылы Үндістанға 3000 адам өтіп, 1942 жылы осыдан 1000 адам ғана тірі қалдық. Ақсақал осыны айтып, терең күрсінді. Өткен өмірі, бастан кешкен қиын күндері елес берсе керек. Үнсіз қалды. Аздан соң еңсесін қайта тіктеп алып:
– 1941 жылдың күзінде босып жүріп Үндістанның Мұзапар-Абат қаласына зорға жетік. Қаланың айналасын қалың қарағайлы тау қоршаған. Біз өзеннің бергі шетіне шатыр тігіп орналастық. Күнде жаңбыр. Су тамшылары баспанамыздан өтіп, көрпе-жастық, киім-кешек түгел көгеріп кетті. Алды иістеніп шіри бастады. «Жұт жеті ағайды» дегендей, ұзақ жауған жаңбырдың салдары ма, жаппай ауру-дертке ұшырадық. Аурудың сырын ешкім білмейді. Көп адамдар есінен ауысып жынданып кетті. Біреулердің бет-аузы ісіп, тұлабойына жара қаптап, тіпті тірідей тістері шіріп кеткендер қаншама. Күн сайын оншақты адам ажал құшады. Өлген адамдарымызды қалалық зиратқа немесе қоныс сыртына жерлетпейді, ұлықсат жоқ. Шатырдың сыртында қарулы әскери күзет. Амалсыз өлген адамдарды шатырлардың арасындағы бос жерлерге көміп, өзіміз олардың зиратын жастанып, өлгендермен бірге өмір сүрдік. Бітіретін жұмысымыз күні бойы тек зират қазу. Мүлде түтіні өшіп қалған отбасылар да болды... Осылай Үндістан мен Пәкістанда 12 жыл тұрдық. Ешкім бізді азаматтыққа қабылдамады. Жанымызды жалдап күн көрдік. Ел бөтен, жер бөтен, салт бөтен елде өмір сүрудің қиынын бастан өткердік. Алғаш барған алты жылда әйел затының жатыры шошынып, бірде-бір нәресте дүниеге келмеді. Егер бір жаққа көшпегенде сол күйі тұқым-тұяғымыз құрып жоғалар еді... Шырағым, құдай берген құтты шаңырағыңа реніш айтушы болма! Қазіргі азаттықтың қадірін білмесең, ешқашан ел болмайсың, балам! Тыныштық бар жерде бақ тұрады, деп аталық өсиетін айтты.
*****
Атамның бұл әңгімесі сол кезде қатты әсер етті деп айта алмаймын. Бірақ, бір үтірін қалдырмай жазып алыппын (қолжазба әлі сақтаулы). Бірақ бұл сөз көкейімде әрқашан жаңғырып жүрді. Кейін, тіпті бертінде түсінгендей болдым. Атам жарықтық азаттықтың не екенін, басында өзінің жеке шаңырағы бар тәуелсіз мемлекет болудың қадірі қанша қымбат екенін, терең де, толық түсінген һәм соны өмір бойы аңсаған жан екен. Сондықтан да қазақ елінің амандығын тілеп, көзі жұмылғанға дейін ел-жұртты жақсылыққа шақырудан таймады.
Сонау 1992 жылы табанының ізі қалған Өскеменде бертінде сән-салтанаты келіскен мешіт тұрғызылды. Сол мешітке оқымысты діндар, ағартушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының тұңғыш лаураеты Халифа Алтайдың есімі берілді. Қазақ айтатын: «Жақсының аты, ғалымның хаты қалады» деген осы шығар.
Кешегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған мәлімдесінен кейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы қабылдады.
«Алматы облысының аумағында үшінші сатыны іске асыру кезеңінде карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы» қаулыда карантин шараларын жеңілдету шарттары белгіленген.
Қаулыға сәйкес көршілес облыстармен шекараларда блок-посттар, аудандар мен қалалар арасында мобильді посттар жұмысы жалғасады.
Сол сияқты санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтай отырып, өз жұмысын бастайтын нысандардың тізімі кеңейтілді.
Бұл қатарда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын азық-түліктік емес дүкендер, автобөлшектер, құрылыс материалдарын сататын, тұрмыстық химия, тұрмыстық техника сататын сауда орындары бар.
Сонымен қатар күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл сататын дүкендер, зоодүкендер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар, алдын ала жазылу бойынша медициналық бетперде киген келушілерге қызмет көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б) да жұмысына кіріседі.
• 30 адамға дейін қатысатын жеке және топтық дайындық жасайтын мәдениет нысандары да іске кіріседі.
• Типографиялық қызметтер, тігін ательелері, аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, кір жуу және сол сияқты тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу қызметтері кешкі сағат 17:00-ге дейін ашық болады.
• Әуежайлар, халыққа қызмет көрсету орындары да жұмысын бастайды.
• Сол сияқты сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін банктік емес ақша айырбастау пункттері де есігін қайта ашады.
• Қоғамдық көлік сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жүреді, бұл ретте қоғамдық көліктің толымдылығы отыратын орындардың санынан артық болмауы тиіс.
• Қаулы күшіне енді. Барлық санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң сақтау талабы сақталады.
Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен, бірқатар аймақта карантин шаралары сақталатын болады. Оның ішінде Алматы облысы да бар. Карантин уақыты мамыр айының соңына дейін созылады деп күтілуде.
ТЖ кезінде Алматы облысы бойынша арнайы штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Олар күніне 500 электронды түрде өтінім мен 100 қоңырау қабылдап отырды. Сонымен қатар, Call- орталықта елмен етене қызмет жасады. Ондағы мамандар әлеуметтік сауалдарға жауап беріп отырды. Осы күнге дейін 6 мың сұрақ келіп түскен. Барлығына тұшымды жауап қайтарылған.
Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ТЖ кезеңінде табысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған еді. Алматы облысы бойынша аталған көмекке 658 мың адам қол жеткізген. Ал, тегін азық-түлік жиынтықтары 11 мың адамға таратылған. Ол үшін жалпы сомасы 618 млн. теңге қаражат игерілген.
« Біз біргеміз» қоғамдық қоры да халықтың осал топтарына көмек қолын созуда. Облыс орталығының 10-ға жуық тұрғыны аталған қордан 50 мың теңге жәрдемақы алған. Игі іске 497 млн. теңге қаржы қарастырылған. Одан өзге « Біргеміз Жетісу» облыстық қоғамдық қордан 985 отбасына материалдық көмек көрсетілген. Саупты амал жолында 9,5 млн. теңге жаратылған.
5 мамырдан бастап облыста карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету басталған болатын. Қазір үшінші кезеңі жүзеге асуда. 8 сәуірден бері бірқатар кәсіпорындар жұмысына кіріскен. Соның арқасында Алматы облысының 75 мың тұрғыны жұмыстарына қайта оралды.
Алдағы уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ХҚКО, қоғамыдық көліктер, бизнес орталықтары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, аумағы 500 метірден аспайтын азық-түлік дүкендері жұмысқа кіріседі.
Сондай-ақ, мәдениет саласының іс-шараларға дайындалуына рұқсат етілген. Тек адам саны 30-дан аспауы тиіс. Бұл санатқа, шеберхана, баспа үйі, тігін шеберханасы, аяқ киім жөндеу орындары да кіреді.
Айта кетер басты жаңалықтың бірі, әуежайда әуе көлігі тасымалы іске кірісті.
ТЖ режмі енгізілгеннен күннен облыс аумағында 12 бекет жұмыс жасаған. Оның 4-і тұрақты. Яғни, карантин аяқталғанша жұмысын жаслғасырады.
Осы екі айдың ішінде қалаға 301 мың көлік пен 627 мың адам кірген. Карантин шараларын сақтамаған жағдайдар тіркеліп, 300-ге жуық хаттама толтырылған. Барлығы 6 млн. 250 мың айыппұл салынған.
Баршаны алаңдатып отырғаны білім саласындағы өзгерістер. Оқушылардың қашықтықтан оқу жүйесіне ауысқаны сол еді, ел соңғы қоңырау салтанаты мен ҰБТ жайы туралы сұрап әлек.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, ҰБТ уақыты өзгеріссіз қалады. Демек, жылдағыдай 20 маусым мен 5 шілде аралығында түлектер сынақ тапсырады.
Биылғы жылы облыста 15 мың 122 оқушы мектептен түлеп ұшқалы тұр. Соның ішінде 11 мыңы ҰБТ –ден өтеді екен. Ал, мектеп бітіру кеші 3-4 маусым аралығында өтетін болады.
Қызметтеріне кіріскен өндіріс орындары мен өзге де нысандардың санитарлық талаптарды сақталауына басым назар аударылады. Егер аталған талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше тәулікке қамауға алынуы мүмкін.
Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзін толықтай оқырман назарына ұсынамыз.
Құрметті кеңеске қатысушылар!
Соңғы екі ай еліміз үшін оңай болған жоқ. Дағдарыс әлі толық еңсерілмей тұр.
Дегенмен, індеттің шарықтау шегінен өттік.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды.
Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылды.
Енді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады.
Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды.
Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.
Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.
Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады.
Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты.
Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады.
Саябақтар ашылады.
Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді.
Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады.
Көптеген шектеулер алынып тасталды.
Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн.
Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек.
Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс.
Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.
Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді.
Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі.
Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек.
Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.
Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс.
Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе.
Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет.
Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін.
Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек.
Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды.
Өздеріңізге мәлім, менің тапсырмам бойынша елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылуда.
4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде.
1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілуде.
Коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетілді.
Оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алады.
2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді.
Қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлінді.
700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылды.
Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды.
Жұмыс барысында олқылықтардың болғанын да мойындауымыз керек.
Індет көп таралып, экономикалық мәселелер қатты ушығып кеткені рас.
Соған орай, біз дер кезінде шұғыл шаралар қабылдадық.
Көптеген мәселе қоғам өкілдерінің белсене қатысуы арқылы шешілді.
Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды.
Коронавирус пандемиясы әлемдік рецессияның басталуына себеп болды.
Тіпті ұзаққа созылатын экономикалық дағдарысқа да алып келуі әбден мүмкін.
Жер-жерде протекционизмнің күшеюі белең алуда.
Экономиканың тұтас салалары тоқырауға ұшырап жатыр.
400 миллионнан астам кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр.
Әлемдегі еңбекке жарамды халықтың жартысына жуығының табысы азайды.
Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр.
Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді.
Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас.
Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз.
Енді дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарына тоқталып өтейін.
Ең бастысы, барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
Азаматтардың табысын арттыру.
Бизнесті қолдау және оны дамыту. Білім және ғылым жүйесін жетілдіру.
Жуық арада ең өзекті деген мынадай мәселелерді шешуіміз керек.
Первое. Повышение самодостаточности казахстанской экономики.
Для этого следует развивать новые переделы в промышленности на основе имеющейся мощной сырьевой базы.
Нам придется по-новому взглянуть на будущую структуру казахстанской экономики. Определить роль каждого из ее главных секторов: промышленного, энергетического, сельскохозяйственного, сервисного. Другими словами, нужно в срочном порядке выстроить новую структуру экономики.
Очевидно, что значительных реформ потребует энергетический сектор. После кризиса он не будет прежним. В среднесрочном периоде движение в сторону «зеленой энергетики» – насущная необходимость.
Потребует пересмотра наш подход и к индустриализации – следует определить реальные возможности на экспортном и внутреннем рынках, наметить достижимые цели, инструменты и идти вперед.
Грамотное использование госзакупок и закупок квазигоссектора необходимо рассматривать как средство восстановления экономической активности.
Особый порядок государственных закупок, направленный на поддержку отечественных товаропроизводителей, продолжит свое действие до августа текущего года.
Максимальное использование отечественных материалов и оборудования будет зафиксировано как приоритетное условие развития бизнеса.
По инфраструктурным программам предстоит повысить текущий уровень локализации с 40 до 60-70%.
Оценка работы Правительства, акимов и руководителей компаний квазигоссектора будет основываться, в основном, на этом показателе.
Текущая ситуация наглядно, подтвердила известную истину: продовольственная безопасность – ключевой элемент безопасности государства в целом.
Поэтому мы продолжим оказывать максимальную поддержку аграриям.
Дополнительно к уже реализуемым форвардным закупкам будут расширены механизмы финансирования путем введения оффтейк-контрактов и реструктуризации задолженности по кредитам «КазАгро».
В Казахстане порядка 1 миллиона 700 тысяч личных подсобных хозяйств.
Однако их продукция не продается официально через торговые объекты и не поступает на перерабатывающие предприятия.
Государство не получает от них налогов, занятые в таких хозяйствах практически не защищены социально.
Поручаю Правительству совместно с НПП «Атамекен» запустить в нескольких регионах пилотный проект по развитию кооперационной цепочки на селе «от поля до прилавка».
Затем можно приступить к масштабированию проекта и к середине 2021 года разработать полноценную Программу.
В ходе реализации данной программы будет применено льготное микрокредитование по ставке 6% годовых по линии «КазАгро» с использованием инструментов гарантирования Фонда «Даму».
Следует также наладить систему постоянного закупа и сбыта, запустить обучение и повышение агрокомпетенций участников.
Все это повысит доходы около 2 миллионов сельчан, увеличит загрузку отечественных сельхозпредприятий с 53 до 70% и снизит импорт социально-значимых продуктов.
Екінші. Біз «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөліп отырмыз.
Бұл – қомақты қаражат. Оны шағын бизнесті несиелеуге де пайдалануға болады.
Соның бәрі құзырлы орындардың бақылауында болып, толығымен мақсатқа сай жұмсалуға тиіс.
Осы күрделі кезеңде қаржыландырылып жатқан жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.
Бұған жұмысшыларды барынша көптеп тарту керек.
Үнемі экономикалық табыс әкелетін немесе адами капиталды дамытатын бастамалар қолға алынуы қажет.
Осыған орай, мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуге тиіс.
Біркелкі нысандардың әр аймақтағы құны өте алшақ болуына жол бермеу аса маңызды.
Өкінішке қарай, мұндай жағдай бізде көп кездеседі.
Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады.
Третье. Мощным стимулом развития экономики, роста занятости и фактором социальной поддержки должно стать строительство доступного жилья.
Инициированная Елбасы программа «7-20-25» придала большой импульс ипотечному кредитованию и жилищному строительству.
Для решения вопросов очередников поручаю запустить новый проект по обеспечению кредитным жильем «5-10-20». На эти цели в рамках антикризисных средств мы направим 390 млрд. тенге.
В этом году запланированы рекордные объемы строительства в стране – 15 млн. кв. м или 150 тысяч квартир и домов.
Важно продолжить работу по улучшению жилищных условий наших граждан. По сути, это одно из стратегических направлений работы Правительства. Для этого предстоит модернизировать институциональную структуру.
Правительству следует до конца года создать на основе АО «ЖССБК» («Жилстройсбербанк Казахстана») полноценный институт развития и поддержки – «Отбасы банк», который будет централизовано осуществлять учет, постановку и распределение жилья.
Продолжением системных преобразований в этой сфере станет использование нашими гражданами части своих пенсионных накоплений на цели улучшения жилищных условий.
Я ранее давал такое поручение, но в связи с режимом ЧП обсуждение затянулось. Пора принять решение. Правительство должно определиться со своими подходами до 1 июля.
Четвертое. Считаю, что во имя социальной справедливости пришло время проработать вопрос введения прогрессивной шкалы ИПН в отношении заработных плат и других видов дохода.
Смысл прогрессивной шкалы в том, что граждане с невысокими зарплатами будут платить меньше, чем сегодня, а для высокооплачиваемых работников сумма уплачиваемого налога возрастет.
Наша основная цель – вывести из «тени» наиболее массовый, непрозрачный нижний сегмент заработных плат. Если ставка по ним сократится, будет меньше стимулов платить в конверте.
В условиях снижения доходов населения важно продолжить мониторинг состояния рынка потребительского кредитования, чтобы не допустить рост долговой нагрузки граждан.
Агентство по регулированию финансового рынка должно рассмотреть возможность реабилитации заемщиков, имеющих проблемные займы.
Следует также пересмотреть подходы к расчету ставки вознаграждения по займам в зависимости от типа заемщика и типа продукта.
Для защиты интересов граждан будет усилен контроль за небанковскими кредитными организациями, а со следующего года вводится лицензирование микрофинансовой деятельности.
Хочу остановиться еще на одном аспекте нашей социальной политики.
Условием получения новой социальной выплаты была уплата ЕСП. Более 40% ее получателей – люди, впервые выплатившие ЕСП.
Это именно те граждане, которым нужна реальная государственная помощь. Их необходимо максимально вовлекать в экономику.
Нельзя допустить, чтобы эти люди опять ушли «в тень», остались один на один со своими проблемами.
Ведь на государственную поддержку, социальную защиту при наступлении неблагоприятных условий, достойную пенсию в будущем может рассчитывать прежде всего тот, кто работает официально, платит налоги.
Поэтому именно такие граждане наряду с временно безработными должны стать предметом пристального внимания Правительства и акимов.
В рамках рыночной экономики временно потерять работу может каждый, в связи с чем Правительству следует максимально упростить регистрацию на бирже труда, сократить процедуры, время получения статуса безработного и соответствующего пособия.
Пятое. Поддержка национального бизнеса.
В условиях падения спроса, снижения рыночной стоимости активов и залогов крайне важно использовать инструмент гарантирования кредитов Фондом «Даму».
Гарантии фонда будут распространены на займы, выдаваемые в рамках программы Нацбанка по кредитованию оборотных средств.
Ее объем, напомню, составляет 600 млрд. тенге и при необходимости будет увеличен.
Для расширения кредитования экономики Агентством по регулированию и развитию финрынка приняты меры по ослаблению пруденциальных нормативов и снижению давления на ликвидность.
Это позволило высвободить в банковском секторе около 600 млрд. тенге, которые должны быть направлены в экономику страны.
Следует выработать дополнительный комплекс временных пруденциальных мер, расширяющих возможности банков кредитовать экономику.
Отдельного внимания требует микро- и малое предпринимательство. Их возможности полноценно пользоваться стандартными банковскими продуктами сильно ограничены.
В связи с чем поручаю предусмотреть специальные меры для малого бизнеса в рамках программы «Дорожная карта бизнеса».
Правительства и «Атамекен» должны определиться по объему финансирования данного направления.
Еще одной мерой поддержки бизнеса станет расширение перечня отраслей, которым банки и другие финансовые организации предоставляют отсрочку платежей по кредитам.
Туда должны быть включены торговля, обрабатывающая промышленность, транспорт и складирование, проживание и питание, информация и связь, образование и здравоохранение.
Создание диверсифицированной экономики с упором на обрабатывающую промышленность остается нашим приоритетом.
Для реализации долгосрочных проектов в этом секторе нужно обеспечить дополнительную капитализацию Банка развития Казахстана.
Кроме того, за счет средств, собираемых в рамках расширенных обязательств производителей, можно создать Фонд развития промышленности. Его работа будет направлена на обеспечение доступного кредитования прорывных обрабатывающих предприятий по ставке не более 3%.
Шестое. В условиях усиленной конкуренции за иностранный капитал следует перейти на прямую работу с каждым держателем капитала.
Предстоит разработать индивидуальные меры поддержки для каждого инвестора на основе приоритетности и потенциального эффекта на экономику в целом.
В рамках этой важной работы Правительство должно обеспечить режим стабильности всего инвестиционного законодательства для стратегических инвесторов в приоритетных отраслях.
Предстоит активизировать использование потенциала Международного финансового центра «Астана» для привлечения инвестиций и развития фондового рынка.
Это особенно важно в свете предстоящей приватизации госактивов.
Следует также обеспечить доступ казахстанских предпринимателей к использованию преимуществ английского права и арбитража МФЦА при решении бизнес-споров.
Нужно начать работу по поэтапному переводу отдельных структур, принадлежащих национальным компаниям, из иностранных юрисдикций в МФЦА.
Мы не сможем добиться доверия иностранных инвесторов, если наши собственные компании выбирают иностранные юрисдикции.
Правительство, МИД и загранпредставительства должны усилить продвижение программы инвестиционного налогового резидентства МФЦА.
Администрация Центра работает над новой Стратегией до 2025 года.
В текущих непростых условиях ключевую роль приобретает доверие инвесторов, бизнеса к национальной валюте, денежно-кредитной политике.
В этой связи чрезвычайно важно добиться уменьшения спекулятивных атак на национальную валюту. Это задача Национального Банка и Агентства по регулированию финансового рынка.
Седьмое. К сожалению, как и во всем мире, нам не удастся сохранить все предприятия и все рабочие места, обеспечить стабильность каждого бизнеса.
Поэтому важно на нормативном уровне признать введение режима чрезвычайного положения форс-мажорным обстоятельством для секторов экономики, наиболее пострадавших от введения режима ЧП.
При этом при обращении в суд представителей индивидуальных предпринимателей и малого бизнеса чрезвычайное положение должно признаваться форс-мажорным обстоятельством.
Также важно в этот непростой период поддерживать экономическую активность действующих предпринимателей, защищать частную собственность и конкуренцию.
С целью недопущения давления со стороны недобросовестных кредиторов поручаю приостановить возбуждение процедуры банкротства в отношении юридических лиц и индивидуальных предпринимателей до 1 октября текущего года.
Далее. В результате предыдущих кризисов на балансах банков скопилось значительное количество неработающих активов, которые исключены из экономического оборота.
Банковским структурам необходимо разработать предметные планы по реализации неработающих активов, одновременно усилив контроль и оценку ответственного персонала банков.
Агентству по регулированию и развитию финансового рынка в рамках риск-ориентированного надзора требуется усилить мониторинг и контроль работы банков со стрессовыми активами.
Системным решением является создание цивилизованного рынка неработающих активов. Следует создать простой и рабочий механизм секьюритизации и страхования.
* * *
Азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған осы және басқа да шараларды жүзеге асыру үшін Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
Бұл жоспар жуық арада бекітіледі.
Мемлекеттік органдар оны жүзеге асырудың барлық жолдарын мұқият пысықтауы қажет.
Сондай-ақ, олар өздерінің орынсыз әрекеттері арқылы бұл шаралардың маңыздылығын жоққа шығаруға жол бермеуі керек.
Дағдарыстың күрделі кезеңін қалай еңсеретініміз, елімізді және экономиканы одан әрі дамуға қалай бейімдейтініміз осыған байланысты.
Біз дағдарыс салдарынан әлемдегі ахуалдың және ұлттық экономиканың түбегейлі өзгергенін анық көріп отырмыз.
Қазіргі ахуал мен факторлар, алдағы өзгерістер 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасында ескерілуге тиіс.
Жоспарда экономиканы және мемлекетті басқару ісін барынша жандандыратын институционалдық және құрылымдық реформалар қамтылуы қажет.
Уважаемые коллеги!
Текущий кризис показал всему миру, насколько важны вопросы социальной сферы: медицины, образования, социальной защиты.
Нам необходимы коренные преобразования, направленные на повышение качества системы охраны здоровья, полноценное технологическое переоборудование медучреждений, повышение компетенций медицинского персонала.
Требуется адаптация системы к быстрому реагированию на чрезвычайные ситуации любого характера.
Должны быть выработаны подходы для инфекционного контроля населения, внедрения телемедицины и удаленной диагностики.
Предстоит кардинально усилить национальную санитарно-эпидемиологическую службу.
По всей видимости, COVID-19 и подобные ему вирусы не являются одноразовым явлением. Поэтому нам следует быть постоянно готовыми не только с практической, но и с научной точки зрения.
Правительству следует сформировать Совет по биологической безопасности с привлечением авторитетных ученых и экспертов.
Образование следует сделать гораздо более гибким, следует разработать протоколы и методики обучения детей и студентов в удаленном режиме, завершить реальную цифровизацию всех учебных заведений страны.
Необходимо форсированно внедрять современные дистанционные технологии. Предстоит пересмотреть содержание образовательных программ, сделать их доступными и интерактивными.
Подготовка самих педагогов должна осуществляться с учетом новых требований.
Важнейшим направлением Стратегического плана страны станут преобразования системы государственного управления.
Новые подходы будут внедряться, в том числе и в соответствии с постпандемическим переосмыслением обстановки.
Успешно реализованный удаленный формат работы показал востребованность и адекватность применения современных технологий при принятии важных государственных решений.
Предлагаю в качестве устоявшегося новшества максимально проводить совещания и заседания Правительства, министерств, акиматов в дистанционном формате.
Следует исключить ненужные процедуры, согласования, совещания, пустую трату времени и средств. Эта практика изжила себя. Решения нужно принимать быстро, и, самое главное, выполнять их.
Важно сохранить определенный заряд инициативности, принятия ответственности на себя и в поствирусный период.
Нам нужен обновленный эффективный и компактный госаппарат, быстро и оперативно принимающий решения в ответ на изменение обстановки.
Продолжится реформа государственных институтов развития.
В рамках реализации моего Послания народу реформирование их структуры, уточнение целей и задач, наконец, началось.
Предстоит до конца решить вопросы дублирования ряда функций, вопросы дальнейшей приватизации, доступа отечественных предпринимателей к закупкам квазигоссектора.
Следует переосмыслить суть концепции электронного правительства, полностью вывести в режим онлайн операции по получению консультаций, справок, подачи заявлений, а язык «egov» сделать простым и понятным для населения.
Общение между бизнесом и государством полностью перейдет в цифровой формат и станет бесконтактным.
Для этого будет завершена оцифровка всего процесса получения государственных услуг и мер поддержки.
Важно придать новый импульс всем процессам цифровизации экономики и общества.
Құрметті әріптестер!
1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды.
Бұл – техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылдың 1 мыңнан астам тұрғын үйін су басып қалды.
Сондай-ақ 9 елді мекенді су басу қаупі туындады.
Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында су тасқынының әрі қарай таралуына жол бермедік.
Қазір су тасқынының зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда.
Біз ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз.
Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады.
Зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.
Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі.
Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз.
Зардап шеккен ауданға көмектесіп жатқан азаматтардың бәріне ризашылығымды білдіремін.
Тасқын болған жерде әкімдік, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай жөніндегі комитет бөлімшелері және полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Отандық және шетелдік ірі бизнес өкілдері де зардап шеккен тұрғындарға айтарлықтай көмек бергенін ерекше атап өткен жөн.
Мұндай азаматтарды халқымыздың шынайы патриоттары, тілеулестері деуге болады.
Баршаңызға алғыс айтамын!
Қазақстандықтар бұл жолы да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді.
Біз бірге болсақ, барлық қиындыққа төземіз.
Кез келген міндетті орындауға мүмкіндігіміз жетеді.
* * *
Біз күрделі кезеңді бастан өткерудеміз.
Халқымыздың бекем бірлігі бәрімізге күш-қуат береді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Біз бұған дейін талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да еңсереміз деп сенемін.