Бейсенбі, 08 Қараша 2018 20:16

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие.

        Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

Аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтына ауданда орналасқан туризм нысандары мен бағыттары орналастырылған.

       Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. 

       Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

       Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдары жөндеуден өткізіліп, үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған  жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.

       Осымен қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолына биылғы жылы облыс орталығынан 500,0 млн.теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.

      Жол инфрақұрылымынан бөлек, біз туризмнің басқа да инфрақұрылымдарын дамытудамыз. Мысалы, ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың тоғыз айында 75407 адамға қызмет көрсетіп,  туристік сауықтыру қызметінің көлемі 63 млн. 200 мың теңгені құрады.(106,4 %)

      Туристерді қабылдайтын нысандардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында, тиісті жұмыстар алға қойылып, облыстық туризм басқармасының бастамасымен жыл басында Қапшағай қаласының «Виктория» қонақ үйінде туристерді қонақ үйге орналастыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары тегін өткізілген.   Сонымен қатар, облыс орталығында  ағымдағы жылдың 26-27 наурыз айында туризм саласында қызмет көрсететін субъектілерінің практикалық шеберліктерін арттыруға бағытталған мастер-класс өткізілді.

      Ауданда табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар қызмет көрсетуде. Олар: туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.

      Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен:

Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамытуда қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкері  қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынған 8 үйдің  құрылысы аяқталып, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап іске қосылды.

      Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-гі салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерьінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске асырылды. Жалпы жобалық құны 20,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.

Саймасай ауылдық округінде «ASSORTI RANCHO» жеке кәсіпкері тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30,0 млн.теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағын іске асырды.

«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда.  Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 06 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн.тенге.

«Ескене» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» Республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы, облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алып, бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. (жоба құны 600,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ )  

 

   Динара Тюлемисова                           

Оқылды 2475 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет