Бейсенбі, 19 Мамыр 2022 11:12

АУДАНДА РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАЛҒАСТЫРДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Республикалық партия штабының мүшелері Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы, Телпекбаева Жанна Тлеубекқызы және Кузиев Закиржан Пирмухамедович, Шелек ауылындағы «Шелек кәсіптік-техникалық колледжі» ұжымы мен студенттеріне референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесуде Алматы облстық мәслихат депутаты Құраметова Гулнара Съездбекқызы, «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, аудандық маслихат депутаттары қатысты.
ҚР Президенті ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз деді Ж.Әшімжанов.
Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді. Саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға дейін қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Әсіресе, жаңа партия құрудағы жеңілдіктер халықтың саяси белсенділігін арттырады. Ал партиялар Парламентке өту үшін бұрын 7 пайыз дауыс жинау қажет болса, ол меже қазір 5 пайызға дейін түсті. Бұның барлығы алдағы уақытта саяси партияға бірігемін деген азаматтар үшін, жаңа партия құрамын деген азаматтар үшін де жасалып жатқан оң өзгерістер, біздің мемлекетіміз де жаңа партиялардың құрылуына және қазіргі бар партиялардың да жаңаша форматта жұмыс істеуіне алып келетін болады. Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы түрлі кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік берері анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беретіні жайлы Ж.Телпекбаева айта өтті.
Кездесу барысында еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, қатысушыларды референдумға шақырды.

Құндыз ДАРБАЕВА,

аудандық филиал консультанты.

Оқылды 657 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…
Қаң 28, 2026

Цифрлық дәуірдегі құқық қорғау

Дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және жеке басының қол сұғылмаушылығы…
Қаң 28, 2026

Неке және отбасы институты

Конституцияда отбасы мен некенің құндылықтарын нығайту әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз…
Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық…

Сөз бостандығын және шығармашылық құқықтарды қорғау, сондай-ақ интеллектуалдық меншік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет