Бейсенбі, 18 Тамыз 2022 09:38

Алматы облысында 35 мың оқушы бірінші сыныпқа барады

Алматы облысында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баяндап берді.

Өңірде 423 бюджеттік мектеп пен 44 колледж бар. Биыл мектепке 330 мың оқушы, оның ішінде 35 мыңы бірінші сыныпқа барады.

«Оның ішінде аз қамтылған отбасыдан шыққан 27 765 баланы тегін мектеп формасымен және кеңсе заттарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бір балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын 37 500 теңгеге алуға болады.
Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға 736 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оқулықтар сатып алу және кітап қорын жаңарту үшін 2,7 млрд теңге бөлінді», - деді Гүлсара Тастандықызы.

Облыстағы барлық мектеп 100 пайыз компьютерлік техникамен жабдықталған және интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ, «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 396 білім беру ұйымы қосылған. Цифрлық білім беру ресурстарына 385 мектеп (BilimLand - 384 мектеп, Daryn.online.kz - 1 мектеп) қосылған.

Биыл өңірде 20 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 12-ін биыл, 8-ін келер жыл ашу жоспарда бар.

Жаңа оқу жылында 1300 орындық 2 мектеп, сондай-ақ, 250 орындық 2 жекеменшік мектеп, қолданысқа беріледі. Қалған 10-ы жыл соңына дейін оқушыларға есігін айқара ашпақ.

18 білім беру нысанына 8,7 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның 3-інде жөндеу жұмыстары аяқталған.

 

Оқылды 706 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет