Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды алаң болды. Отырыста көтерілген неке мен отбасы институтын қолдау, отбасылық тәрбиенің рөлін күшейту мәселелері елдің тұрақты дамуының берік негізі екені айқын атап өтілді.
Отбасы – ұлттың тірегі, ал некенің беріктігі қоғамдағы сенім мен тұрақтылықтың кепілі. Құрылтайда айтылған бастамалар жастарды саналы таңдау жасауға, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға үндейді. Бұл өз кезегінде қоғамда жарық ой, оң көзқарас пен өзара сыйластықты қалыптастырады.
Ұлттық құрылтайдың V отырысында ұсынылған идеялар қоғамда ізгілік, бірлік және өзара қолдау мәдениетін дамытуға бағытталып, отбасы құндылықтарын сақтау арқылы ел болашағын нығайтуға қызмет етеді.
аудандық маслихат депутаты Қасымбаева Шолпан Булетаевна



