Бейсенбі, 12 Маусым 2025 11:02

Шуақты мереке – кәделі күн

Құрбан айт – әрбір мұсылманның қасиет тұтып, асыға күтетін мерекесі. Осы орайда ауданнымыздың бас имамы Ибрагим Қондыбай ұжымымен бірлесіп, аудандық мешітте мерекелік шара ұйымдастырды.

Еңбек ардагерлері, мешіт жамағаты және жасөспірімдер қатысқан шараның басында қасиетті құран оқылды. Салтанатты бөлімде Ибрагим Қондыбаев:

– Бүгінгі шара – ұрпақ үшін соғыста, аштықта шейіт болған ата-бабаларымыздың рухтарына құран бағыштау, үлкендердің батасын алу,  құрбан айт мерекесінде балаларды қуанышқа бөлеу сынды игі амалдарды жасау мақсатында ұйымдастырылды. Егемендігіміздің арқасында көптеген жақсылыққа жете білдік. Ең бірінші үлкен нығ-метіміз – тыныштық. Тыныш-тықтың ішінен барлық жақ-сылықты табуға болады. Пайғамбарымыздың «үлкенге құрметі жоқ жастардың, бола-шағы жоқ» деген мағынадағы хадисі бар – дей келе, үлкенді сыйлау, отбасы құндылықтары, бірлік, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесі жөнінде келелі әңгіме өрбітті.

Шара барысында Есік қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Спатаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» га-зетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Исатаева, ардагер ұстаз Айша Рақышқызы сынды бірнеше үлкендер қауымы орамды ойларын ортаға салып, ақ тілек-баталарын арнады. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғам-дық бірлестігі аудандық фи-лиалының аналары халық әндерін шырқады. Мерекенің жүргізушісі, әнші, сазгер Алтай мырза діни терме-толғауларды орындады.

Еңбек ардагерлеріне дас-тархан жайылып ас берілді. Мейрамға жиылған барша балаларға тегін балмұздақ таратылды. Мешіт алаңында жастар мен жасөспірімдер арасында «арқан тартыс», «қол күрес», «қой көтеру», «садақ ату», «асық ату» секілді көп-теген ұлттық ойындар өтті. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға мақтау қағазы, медаль және ақшалай сыйлық-тар табысталды.

Жиылған жұрт шат-шады-ман көңіл-күй сыйлаған, тағы-лымы мен тәрбиесі қатар жүрген танымды мерекенің жылдан-жылға жалғасын табуына тілектес болып тарқасты.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 281 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет