Жұма, 31 Қазан 2025 15:07

Бір жыл бірге – белсенді өмірге

Шелек ауылында ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылғанына да бір жылдың жүзі болды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру және дамыту, бос уақытын пайдалы мәдени шаралармен айналысуға ұйымдастыру болып

 табылады.

 

Республика күнінің 35 жылдығы қарсаңында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Белсенді ұзақ өмір орталығы Шелек ауылдық округі бойынша филиалында «Бір жыл бірге – белсенді өмірге» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Бұл шараға аудан, округ басшылары, ардагерлер мен аналар кеңесі, әлеуметтік, кәсіподақ, оқу ордаларының басшылары және облыс аумағындағы барлық Белсенді ұзақ өмір орталығы филиалдарының өкілдері қатысты.

Аталмыш филиалдың тек бір жылдық мерекесі емес, белсенділік, достық, шығармашылық пен өмірге деген құштарлықтың мерекесіне айналған шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы құттықтау сөзімен ашып, ауданның құрметті азаматы, Шелек ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақынов бұл орталықтың құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі ұйымдастыру жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайлы әңгімелеп берді.

Одан кейін Алматы облысы аналар кеңесінің төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері, облыс координаторы Гүлнар Жошыбаева сөз сөйлеп, Белсенді ұзақ өмір орталығының мүшелеріне әр шығармашылық жағынан үйретушілердің еңбегін бағалап, оларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Жания Сакташева облыс бойынша атқарылып жатқан игі істерден, алдағы атқарылар жұмыстардан ақпарат берді. Осы орталықтың белсенді мүшесі, Қазақстан Рес-публикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі әрі ардагері, ауданның құрметті азаматы, Шелек әкімдігі жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Гүлжан Умекова әріптестерін мерекелерімен құттықтап, «Есіңе мені алғайсың» атты әнді әуелете шырқап, зор қошеметке ие болды.

Одан кейін орталықтан қызмет алушы әжелер тобы «Сусамыр – елдің жайлауы» әнін хормен орындаса, осы жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткен «DANCE MANIA» би байқауында бірінші орынды, ал сәуір айында Түркістан қаласында өткен халықаралық көпжанрлы «Nuray ART FEST»  байқауында бас жүлдені  жеңіп алған және Ташкент, Дубай елінде өтетін байқауға жолдама алған «Гүлдер» бишілер тобы орыс биі «Ивушкиді» билеп, құрметке бөленді.

Сондай-ақ, осы мерекенің шырайын кіргізіп, түрлі шығармашылық қолөнер туындыларын көрмеге қойып, қонақтарды күмбірлеген күймен, дәмтатар дастарханымен қарсы алған Балалар өнер мектебінің оқушылары әсем әндері мен тәтті күй, мың бұралған билерін көпшілік назарына ұсынды.

Мерекелік шара соңында Белсенді ұзақ өмір орталығының мүшелері шығармашылық өнерлеріне сай «Шебер қолдар», «Мерекелік көңіл сыйлаушы», «Көркем биші», «Әсем дауыс иесі», «Спорт саңлағы» және «Ең әдемі жұп» номинациясы бойынша марапатталды.

Шелек ауылдық округі Белсенді ұзақ өмір орталығы филиалының директоры Нұржан Жақсыбаев келесі шараны жалғастыру үшін эстафетаны Талғар аудандық филиалына жолдады. Шара соңы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебінің оқушысы Арай Жақыптың орындауында «Қазақстаным менің» әнімен қорытындыланды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 211 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас балуандар белдесті Ізгі бастаманың берері мол »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет