Сейсенбі, 04 Қараша 2025 15:41

Дәрігерлер тәжірибе алмасты

Медицина – адам жанына араша болуға, денсаулығын нығайтуға бағытталған салалардың бірі. Ал осы саланың дамуы тікелей медициналық білімнің сапасына байланысты. Білікті дәрігерлер мен медбикелердің даярлануы –  бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі. Қазіргі таңда елімізде медициналық жоғары оқу орындары халықаралық стандарттарға сай білім беруге ұмтылуда. Осы орайда Есік жоғары медициналық колледжінде  «Медициналық білім мен ғылым дамуының заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми

конференция өтті.

Медицинаның басты мақсаты – аурудың алдын алу, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және ұзарту.  Бүгінде жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің арқасында медицина саласы қарқынды дамып келеді.  Диагностикалық құралдар мен емдеу әдістерінің жаңаруы көптеген дерттердің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.  Медицина тек қандай да бір дерттің алдын алу және оны емдеу ғана емес, медицина – денсаулық мәдениетін қалыптастырудың да маңызды бөлігі.

Халықаралық конференция Есік медициналық колледжінің директоры Айнұр Маралқызының құттықтау сөзімен басталды.

– Құрметті әріптестер және серіктестер! Бүгінгі халықаралық конференция екі ел арасындағы ұйымшылдықты арттырып қана қоймай, кәсіби түрде тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр. Бүгінгі кездесу  медицина және білім беру саласында кәсіби  деңгейде дамытуды мақсат ететін  барлық мекемелер үшін маңызды. Біздің колледж бен Өзбекстан   Республикасының орта медициналық және фармацевтикалық  қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру және мамандандыру  республикалық орталығы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум, ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ бауырлас елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады, – деді колледж басшысы.

Конференция барысында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саида Чачидзе  медициналық колледждің қызметі мен бағыты туралы презентациямен таныстырды. Ал шетелдік серіктес Лола Мусаджанова медицина саласының маңызы мен рөлі туралы баяндама оқыды. Баяндамада Лола Мусаджанова бұл конферецияның екі ел үшін де пайдасы көп екендігін айтып, алдағы уақытта ұзақ мерзімде жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Оған қоса арнайы оқу орнының  білім деңгейін жақсартуға арналған ұсыныстарымен бөлісті.

–  Жақында біз Өзбекстанда «Қазақстан күнін» атап өттік. Қазақстаннан 100-ден аса маман келіп, тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Мамандар өздерінің арнайы аппараттарымен келді. Тәжірибе алмасу барысында мамандар ота жасап, диагностика жүргізді. Осындай шаралар екі тарапқа да өз көмегін тигізері анық, – деп сөзін аяқтады шетелдік серіктес.

Конференцияға Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының қызметкері  Жанар Казиева «Практикалық бағытталған  оқытудың мамандар даярлаудағы рөлі» туралы баяндама оқыды. Өз баяндамасында Жанар Казиева практикалық бағытталған оқытудың мамандар даярлаудағы рөлі аса маңызды екенін айтты.

Айта кету керек, еліміздегі медицина саласының дамуы мен алға ілгерілеуі үшін осындай конференциялардың жиі болуы маңызды. Өйткені байқанымыздай, ғылыми конференцияда әр тарап өз ұсынысын айтып, белгілі бір шешімге келеді. Өз кезегінде ол шешім елдегі медицина саласының өркендеуіне өз септігін тигізеді.

Медицина саласын таңдаған жас дәрігерлерді өз өмірлерін қатерге тіккен нағыз батырлар деуге әбден болады. Өйткені 9 жыл бойы білім алып, сол бағытта қызмет ету  оңай емес. Дәрігер болу – жауапкершілік пен шыдамдылықты әрі білімділікті талап етеді. Әрине, кез келген сала жауапкершілік пен кәсібилікті талап етері сөзсіз. Алайда, дәрігердің арқалайтын жүгі өзге мамандықтарға қарағанда ауыр.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшылары. Олардың арқасында қаншама адам сауығып, кейде тіпті өмір сүруге тағы бір мүмкіндік алады. Сондықтан медицина саласының  дамуы –   мемлекеттің басты  басымдығы болуы тиіс.

Халықаралық конференция Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қоюмен жалғасты. Қол қойылған меморандум – болашақтағы бірлескен жобалар мен ғылыми серіктестіктің берік іргетасы болары хақ.

Конференция соңы колледжде оқып жатқан жас медицина қызметкерлерінің өз өнерлерін көрсетумен тәмамдалды. Шетелдік серіктес Лола Мусаджанова колледж директоры Айнұр Маралқызы мен колледж қызметкерлеріне Ташкенттен сәлемдеме үйлестіріп, ұлттық киімдерін тарту етті.

 

 

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 171 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет