Дүйсенбі, 09 Ақпан 2026 10:57

Білім ордасына бір жыл

 

Биыл «ALTYN ADAM» инновациялық мектебінің ашылғанына  бір жыл толып отыр. Осы орайда, мектеп өзінің алғашқы бір жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті.

Мерейтойлық кештің шымылдығы «Алтын адам» оркестрінің орындауындағы күмбірлеген күймен ашылды. Содан соң мерейтойға шақырылған қадірлі қонақтар мектептегі  мәдени мұраларға көз жүгіртті. Бұл күн біз үшін өте маңызды болды, себебі, қуанышымызды бөлісуге білім саласының жанашырлары арнайы келді. Қонақтар қатарында аудандық білім бөлімінің басшысы Шолпан Қошаханова, Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Руслан Қыдырғожаев, ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынұлы, композиторлар Жанайхан Мұхтар, Қанапия Омархан болды.

Салтанатты шарада мектебіміздің іргетасын қалап, бізге заманауи білім алуға шексіз мүмкіндік жасаған, білім жолындағы ерен еңбегімен танымал тұлға, «Kapital construction» компаниясының президенті және мектебіміздің құрылтайшысы Ринат Төренияздың орны ерекше екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, мектеп директоры Ботагөз Шәрібек алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп, білім ошағының болашақ даму жоспарымен бөлісті. Ардагер ұстаздарымыз бен ақсақалдар кеңесінің өкілдері де бізге ақ баталарын беріп, мерейімізді өсірді.

Мереке аясында мектебіміздің сазды әуеніміздің тұсауы кесілді. Астанадан арнайы келген композиторлар мен ақындарымыз сыйлаған бұл туынды біздің бірлігіміздің символына айналды. Ал «Алтын премия» марапаттау рәсімінде мектептің ең үздік шәкірттері мен ұстаздары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, кештің көркін қыздырды.

 Нұрсұлу Нұрхат,

«ALTYN ADAM»» инновациялық мектебінің

10 сынып оқушысы.

 

Оқылды 37 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет