Сейсенбі, 10 Ақпан 2026 12:55

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.


Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті.

?Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды.

Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол 2028-ші жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-на дейін қысқартуға ықпал етеді. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025-ші жылғы 50%-дан 2028 жылы 34%-ға дейін төмендейді?, — деді Олжас Бектенов.



Жүзеге асырылған реформалар кезеңінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізілді. Құндық мәнде ЖІӨ-нің өсуі $20,1 млрд-ты құрады.

Жалпы, 2025 жылы ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Экономикалық өсімді негізгі салалардың жедел дамуы қамтамасыз етті: Оның ішінде көлік – 17,8%-ға, құрылыс – 14,6%-ға, тау-кен өнеркәсібі – 17,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.

Оқылды 31 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет