Бейсенбі, 24 Қараша 2016 13:39

Қарыз – қатынас бұзады

Әлбетте, «тәртіпке бағынған құл болмайды». Сол секілді Ата-Заңды ардақтаған азамат жатқа күлкі, дұшпанға күң болмайды. Мұны ұғыну үшін ауыз толтырып айтарлықтай ақыл да қажет емес. Тек түйсікпен түсінсе болғаны. Осы ретте алғанын бермей, көрсе де көрмей жүрген борышкерлердің қытымыр қылықтары дөңгелек үстел басында сөз болды. Аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен шараға Алматы облыстық сотының судьялары Арыстанбек Стыбаев, Фархад Абдуллин,  Талғар аудандық сотының судьясы Нұрлан Шаймерденов, Іле аудандық сотының судьясы Айжан Устенова және Еңбекшіқазақ аудандық соты судьясының міндетін атқарушы Айдар Омаров қатысты. Аудандық прокуратура, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар Есік қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залынан орын алды. Дөңгелек үстелді Фархад Фазылжанұлы жүргізіп отырды.

 

Алғаш боп ««Борышкердің мүлігін өндіріп алуға үндеу жария-лау» тақырыбындағы баяндамасымен Айжан Устенова мінберге көтерілді. Жан-жақты әрі толыққанды оқылған баяндамадан кейін аудиториядан бірқатар сұрақтар қойылды. Оның ішінде «Борышкердің ақшасына қандай жағдайда шектеу қоюға болмайды?» деген сұраққа Айжан Омарғазықызы: «Банк шотында тұрған әлеуметтік жәрдемақыларға,  тұрғын үй төлемдері мен депозиттерге шектеу қойылмайды» деп жауап берді.

Адамнан амал артылсын ба? Қазіргі уақытта көп борышкерлер кепілдікке көліктерін қояды екен. Ал төлей алмаған жағдайда жүргізу құқығын беретін сақтандыру қағаздарымен сатады, болмаса басқа адамға береді. Ал іздестіру кезінде көлікті орнынан таба алмайсыз. Мүлікті бағалаушылар көлік суреті болмаса бағаламайды екен. «Осындай келеңсіз жағдайда не істейміз? деген сұраққа судьялар: «Жол патрульдік полициялары бар, күні-түні жұмыс істеп жатыр. Осынау органмен бірігіп, арнайы шара қолданыңыздар» деп жауап берді.

«Борышкердің мүлкін тәркілеу тәртібі» тақырыбындағы баяндаманы судья Нұрлан Шаймерденов оқыды.  Ол турасында қойылған сұрақтар легінің басым бөлігі борышкер мен сот орындаушысы арасындағы қатынасқа байланысты болды. Сонымен қатар «Тәркіленген мүлікті сату қалай жүзеге асырылады?» дегенге судьялар: «Тәркіленген мүлікті сату мүліктің түрі мен оның сапасына қарай ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының Мәртебесі туралы» Заңының 77 бабы, 3 тармағына сәйкес сот орындаушысының қатысуымен электронды аукцион түрінде жүзеге асады. Электронды аукционға қатысамын деушілер кепілдік алғашқы жарнасын төлеу керек және ұйымдастырушы атына өтініш жазу керек. Жеңімпаздың кепілдік жарнасы сатып алған бағаның есебіне жазылады да қалғаны 5 жұмыс күн ішінде қайтарылады» деді.

Иә, бүгінгі күнде күліп барып, жылап қайтатын қарыз иелерінің саны еліміз бойынша 5 млн-нан асыпты. Осылайша несібесін несиемен арттыруға ниеттілердің саны күн санап өсіп келе жатыр деген сөз. Алайда, қарызын қайтара алмай «қашқын» атанғандар да жетерлік. Мәселен, сол борышкерлердің 1 миллионы несиесін төлемей жүргеніне 3 айдан асқан. Демек, жоғарыда аталған борышкерлер, яғни банкирлер тілімен айтсақ, «проблемалы кредиторлар» дегеніміз осы. Сорақысы сол, қайтарылмаған 1несиелердің 85 пайызы мақсатсыз жұмсалады екен. Яғни, той өткізу, жөндеу жүргізу немесе алдыңғы қарызды қайтару.

Ал жеке сот орындаушы С.Байшығашевтің айтуынша, жеке тұлға санатындағы борышкерлердің қарызын өндіріп алу үш бағытта жүзеге асады екен. Ол турасында: «Адамға алғашқы кезекте аса қажетті боп есептелмейтін бағалы қағаздар, теңгелік бұйымдар, қымбат металдар және қымбат тастар, әшекей бұйымдары, сәндеу және өңдеу құралдар тәркіленеді. Ол аз болған жағдайда көлік құралдары, тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік және ең соңғысы тұрғын үй». Яғни, алған қарызыңның көлемі мен үстемақысына байланысты мүлкің тәркіленеді деген сөз бұл.

Ал заңды тұлғалар үшін жылжымалы мүлік, тауар өндіруге қатыспайтын жылжымалы көлік, дайын өнімдер, бағалы қағаздар, теңгелік бұйымдар, қымбат металдар және қымбат тастар, әшекей бұйымдары, сәндеу және өңдеу құралдар алғаш боп тәркіленеді. Кейіннен тауар өндіруге қатысатын жылжымайтын мүлік, және онда қолданылатын жылжымайтын мүлік объектілері, материалдар, сүргілер және басқа да құрылғылар. Бұнда да қарыз алғаныңа қарай салмағы ауырлайды.

Бәрін айт та, бірін айт, «Қарыз – қатынас бұзады» деген екен бұрынғылар. Ең бастысы, әр қарызды аларда «салмағын» ұмытпаған абзал. Кейіннен «Жығылғанда жүндеді, қиналғанда күндеді» деп «қашқын» атану Ар дейтін Кодекске де сыймайтыны белгілі. Сондықтан «он ойланып, бір өлшеген» абзал.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2631 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Табысты мемлекет – табысты ел Қарыз – қатынас бұзады »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…
Қырқ 30, 2024

70 процентов всех ТЭЦ Казахстана…

70 процентов тепловых электростанций в Казахстане устарели. Всего в стране насчитывается…
Қырқ 30, 2024

Астаналық инженер АЭС тиімділігін…

Алматы ядролық физика институты Астана филиалының инженері Мәлік Қалиекперов атом…
Қырқ 30, 2024

“Атомная энергетика помогает…

В пик своего развития атомная промышленность обеспечила более миллиона рабочих мест в…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет