Сәрсенбі, 08 Қаңтар 2020 14:54

Президент Әкімшілігі жеңілдікпен қалай баспана алуға болатынын түсіндірді

ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында қандай санаттағы азаматтар жеңілдікпен баспана ала алатындығын түсіндіріп жазды.

«Белгілі бір санаттағы азаматтарға жеңілдікпен баспана беру бүгінгі күні Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Осыған қарай Өтініштерді бақылау бөлімі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдаралмасының 2020-2025 жылдарға ұзартылғандығын хабарлайды. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» бірінші міндеті аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіліп, онда айқындушы фактор халықтың кірісі болады», - делінген таратылған ақпаратта.

Өтініштерді бақылау бөлімінің мәліметінше, отбасы мүшесіне бір күнкөріс минимумына (29,7 мың теңге) дейін табысы бар кезекте тұрған азаматтарға (жетім балаларға, 1, 2-топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқаларына) сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы отбасы мүшесіне екі күнкөріс минимумына (59,4 мың теңге) дейін табысы бар азаматтар (көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар) пәтер алуына мүмкіндігі бар. Отбасы мүшесіне 3,1 күнкөріс минимумына (92 мың теңге) дейін табысы бар кезекте тұрғандар (әскери қызметшілер, бюджет және мемлекеттік қызметкерлер) «5-20-25» бағдарламасымен әкімдіктердің кредиттік баспанасына үміткер бола алады. Табысы 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады. Ал табысы 5 күнкөріс минимумынан (148,5 мың теңге) жоғары азаматтар «Баспана-хит», «Орда» ҚИК, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің «Өз үйім» нарықтық өнімдері арқылы бастапқы және қайталама пәтер сатып алуына мүмкіндік жасалған. «Баспана алу ашықтығын қамтамасыз ету және бірыңғай жүйелі есепке алу үшін Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізіледі. Аталған база кезекке тұрғандарға баспананың қолжетімділігін айқындау үшін қолданылады. Бұл мемлекеттік қолдаудың атаулығын және мемлекет қаражатын кәдеге жарату тиімділігін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы.


Дереккөз: https://www.inform.kz

Оқылды 1833 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 12, 2025

Глава государства Касым-Жомарт…

Уважаемые участники форума! Поздравляю Вас с Международным днем молодежи! Этот праздник…
Там 11, 2025

Химиядан халықаралық олимпиадалардың…

«Мақсатым – оқуымды жалғастырып, жаңа биіктерді еңсеру және ел дамуына үлес қосу» ***…
Там 11, 2025

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем…

Былтыр шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбектің арманы орындалып, Мемлекет…
Там 11, 2025

Биология пәнінен халықаралық…

«Байқауымша, Қазақстан ғана оқушыларға осылай қолдау көрсетеді» ** Бронзовый призер…
Там 11, 2025

Мемлекет басшысы салтанатты түрде…

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль иеленген…
Там 11, 2025

Касым-Жомарт Токаев отметил, что…

– В регионах страны открываются школы нового формата «Келешек мектептері». Придается…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән…

?Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен…
Там 11, 2025

Алматы облысында мобильдік…

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде білікті мамандар, Алматы…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет