Жұма, 13 Наурыз 2020 12:11

Депутаттар тұрғындарды қабылдауда

Жуырда Асы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық мәслихат депутаты А.Сайдуллаев, Асы ауылдық округінің әкімі Ұ.Сағымбеков ауыл азаматтарын қабылдап, олардың мәселесін тыңдады.

Ең алдымен Жаңашаруа ауылының жігітбасы А.Боқашев ауылдағы мәдениет үйінің жайын сөз етті. А.Боқашевтің айтуынша, мәдниет үйі бүгінгі күнде әбден тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрғандықтан пайдалануға келмейді. Сондықтан оны түгелдей сүріп тастап, жаңа ғимарат тұрғызу керек. Сонымен бірге ауыл тұрғындарының құдайы тамақ, ас секілді дәстүрлі жиындарын өткізуге арналған қатымхана салу жайын да атап өтті. Ауыл тұрғындарының өзара келісімі мен ұйымшылдығының арқасында қатымхана тұрғызуға 5 млн теңге көлемінде қаржы жиналған. Ендігі кезекте ғимарат тұрғызуға керек жердің құжаттарын рәсімдеуге көмектесулерін сұрады. Әңгіме барысында ауылдың ауыз су мәселесі де көтерілді. Бұл ретте ауданымыздың жомарт кәсіпкерлерінің бірі Ж.Осан өз қаражатымен жаңартып, онда туындаған проблемаларды шешіп беруді өз мойнына алғандығын атау керек. Тек дихандардың жер суарудан қиналып отырған жайы бар. Тіптен жердің биіктігіне байланысты Көктерек ауылына мүлдем су бармайды.  А.Боқашев осы мәселені де оңды шешіп беру туралы  ауыл тұрғындары атынан өз өтінішін айтты.

Ал Қайрат ауылынан келген В.Зунунов ауылдың ауыз су мәселесін ортаға салды. Бүгінде ауылдағы ауыз су жеткізтетін құбырлар өте ескірген. Кезінде 385 мың теңгеге арнайы насос сатып алынса да құбырдың ескіруіне байланысты жоғарғы қысыммен жұмыс жасауға болмайды. Осы себептен күніге екі сағат су жіберілсе, екі сағат тоқтатуға мәжбүр. Жалпы қыста он сағат, ал жазда он екі сағат су беріледі. Тіршілік нәрін пайдаланып отырған 390 отбасы бар. Оның тек 318-і ғана ақша төлейді. Барлығы 1100 адам болып, адам басына 250 теңгеден ақша алынады. Бірақ ай сайынғы электр шығындары 120 мың теңгені құраса, 80 мың теңге осында жұмыс істейтін адамдардың жалақысына жұмсалады. Сондықтан басқа қажеттіліктерді қамтамасыз етуге қаржы тапшы. Осы жағынан көмек сұрап келген В.Зуноновтың осы мәселені оңды шешіп беруге көмек сұрады.

Келесі кезекте Қызылшарық ауылынан Б.Шалданбаева жаңа түскен құрылыстардың тұрғындары атынан жарық пен ауыз су мәселесін көтерді. Бүгінде ауылда 50-дей жаңа үй салынған. Оның отызында тұрғындар бар. Жалпы 8 көшесі болса да ешқайсысына атау берілмеген. Ауыз суды тұрғындар қолмен қазып кіргізсе де, жарық мәселесі әлі шешілмеген. Жолы да нашар жағдайда. Бұл сұрақтарға байланысты ауылдық округ әкімі Ұ.Сағынбековтің жауабы бойын-ша бүгінде жаңа түскен құрылыстарға электр желілерін жүргізтуге 300 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Алдағы уақыттарда бұл мәселе толықтай шешілмек. Сонымен бірге, 24 көшеге атау беру туралы жоғарыға ұсыныс берілген. Оның ішінде аталып өткен 8 көше де бар.

Одан кейін Қызылшарық ауылының тұрғыны М.Сағат пен Қайрат ауылының тұрғыны Н.Нұрболатты да қабылдады. Олардың да мәселесін шешіп беретінін, мемлекет жағынан жәрдем алуға құжаттарына байланысты қолдан келгенше көмектерін аямайтынын жеткізді.

Одан әрі «Шелек-Болашақ» ЖШС-тың директорының орынбасары Аркен Сайдуллаевтің демеушілігемен екі отбасыға азық-түлік жағынан көмек көрсетілді. Бұл да олардың көңіліне демеу болатыны анық. Мұның тағы бір себебі жас кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына көптеп тартып, олардың елдің дамуына үлес қосуына үндеу болып табылады. Одан әрі Қызылшарық ауылында орналасқан жастарға арналған спорт сарайын аралап, ондағы жағдайлармен танысып қайтты. Айта кетейік, бұл ғимаратты аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер А.Сайдуллаев жастардың спортпен айналысуы үшін сыйға тартқан болатын.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Оқылды 1763 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет