Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 09:56

Саяжай карантинге жабылды

Аты жаман аурудың ауданымызға да жеткенінен баршаңыз хабардарсыздар. Билік тарапынан сақтық шаралары барынша күшейтіліп жатыр. Вирус ошағы анықталған аудандағы 4 саяжай массиві – «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» кеше ғана карантинге жабылды.

Алматы облысында 11-пациент ретінде тіркелген азамат – осы саяжайлардың бірінің тұрғыны. Соңғы анықталған 9 адам да – коронавирус жұқтырған 11-пациенттің жақын туыстары. Олардың барлығы Еңбекшіқазақ аудандық емханасының инфекциялық аурулар бөліміне жатқызылып, сол мезетте КВИ анализі алынған. Ал бұл бөлімда жұмыс істейтін медқызметкерлер отбасыларынан оқшауланып, Түрген ауылының жоғары жағындағы «Таусамалы» шипажайына орналастырылды. Бүгінде 50 медицина қызметкері жатқан сауықтыру орталығында барлық жағдай қарастырылған. Фитнес залы, жабық бассейн, емдеу орталығы бар. Ақ халаттылар бос уақытында таза ауамен тыныстап, денсаулықтарын қалыпқа келтіреді.

Ал карантинге жабылған аумақ толықтай полиция қызметкерлерімен қоршауға алынған. Сондай-ақ саяжайдың айналасына ор қазылып, сақтық шаралары күшейтілді. Көше-көшеге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға карантин кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілуде. Әкімдік қызметкерлері көшедегі жағдайды дрон (квадрокоптер) арқылы бақылауға алған. Саяжайда екі жылжымалы дәріхана жұмысын бастады. Сондай-ақ газ баллоны мен отын-көмір тасушылар да жұмылдырылған. Ал дүкендер бұрынғысынша жұмыс істеп тұр.

Есік қаласымен жалғасып жатқан саяжайдағы жағдайды ескеріп, қала аумағында жер-жерде тексеру бекеттері орналастырылды. Ондағы қауіпсіздік қызметкерлері өткен-кеткен көлікті түгел тоқтатып, жолаушыларды жіті қадағалап тұр. Бекеттен өткендердің барлығының ыстығы өлшеніп, бетпердесіз жүргендерге ескерту жасалуда.

Көзге көрінбей, жер әлемді жаулап жатқан жаман аурудың алдын алу үшін ауданымызда жасалып жатқан істің барысы осындай.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Оқылды 2126 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тұрғындар арманы орындалды Саяжай карантинге жабылды »

Соңғы жаңалықтар

Там 01, 2025

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы…

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында…
Там 01, 2025

В СЦК запущен Центр по борьбе с…

В структуре Службы центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан начинает…
Шіл 31, 2025

Қадағалаусыз тәртіп орнамайды

2025 жылдың шілде айында Қырбалтабай ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі…
Шіл 31, 2025

Кассационные суды – доступ к…

Правовое регулирование защиты прав на судебную защиту в соответствии с Конституцией…
Шіл 31, 2025

Алматы облысында "JASYL EL" жастар…

2025 жылдың 1 тамыздан бастап Алматы облысы аумағында "JASYL EL" жастар еңбек…
Шіл 31, 2025

Заң үстемдігі — ел егемендігінің…

Конституцияның 30 жылдығы Белгілі бір терреториясы шекарасы, рәміздәрі, ұлты бар, жалпы…
Шіл 31, 2025

Жүрек қалаған мамандық

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

Адал еңбек – адамдықтың нышаны

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп…
Шіл 31, 2025

«Дети в ночном городе»

С 27 по 29 июля 2025 г. на территории Енбекшиказахского района было проведено оперативно…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет