Сенбі, 11 Маусым 2016 09:54

Алты алаш баласы Ащысайда бас қосты

«Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының мазмұны азаттық үшін күреске сайып келеді. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі Желтоқсанға дейінгі санғасырлық шежіресі бар» – деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде. Тамыры тереңге бойлаған тарихымызға үңілер болсақ, қазақ халқында бостандық үшін күрескен батырлар, ел басқарған хандар мен билер аз болмады. Билік етті, елімізді елдікке жетеледі. Солардың бірі, ауданымыздағы Түргеннің сайы мен Бақай тауының аралығын, Шелек өзенінің орта ағысы бойын билеген қаңлы руынан шыққан Қараш би Теңізбайұлы. Патшалық биліктің кезінде Бақай болысын басқарған Қаңлы Қараш бидің туғанына биыл 190 жыл. Осыған орай, Ащысай ауылында орналасқан Қараш би кесенесінің маңында құран оқылып, ас берілді.

 

Сауабы мол тағылымды шараға облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, бөлім басшылары, аудан мен облыстың құрметті азаматтары, округ әкімдері қатысты. Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден, атап айтқанда, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Ресейдегі Башқұртстаннан арнайы қонақтар келіп, атақты бидің әруағына құран бағыштады.

Алдымен барша қонақтар Қараш би Теңізбайұлының кесенесіне тағзым жасап, Айтбекқали қажы құран оқыды. Мұсылмандық борышын атқарғаннан кейін жұртшылық Толымбек Әлімқұловтың Қаңлыларға арналған арнауын тыңдап, сахналық қойылымды тамашалады. Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театры әртістерінің қатысуымен Қараш бидің өмірі, оның атақты Шадай батырмен кездесуінен көріністер көрсетіліп, көпшілікке тарихтан сыр шертті. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы сөз сөйлеп, шараның шымылдығын ашты.

– «Әруақ күзеткен ұрпақ азбайды» – деген ғибратты сөз бар қазақта. Өткенді еске алу, ата-бабаларымызға лайықты құрмет көрсету – имандылықтың белгісі, жақсылықтың жоралғысы. Ата салтын ардақтап өткен тағылымы мол, ғибраты зор қайырымды іс-әрекеті деп білемін.

...Өз заманының дарынды перзенттерінің бірі, батырлықтың, ерліктің, әділдік пен теңдіктің қостаушысы Қараш би – аузы дуалы шешен, ел ішіндегі күрделі мәселелерді шешуде төреші, Ресей империясы саясатының алдында халқының мүддесін қорғап, озық ойлы қайраткер ретінде өзін таныта білген тарихи тұлға. Осындай тұлғаның ізін басқан біздер, өткенге тағзым етіп, екі білегімізді сыбана алға қадам басып, Мәңгілік елдің ұрпағына дұрыс тәрбие беруге міндеттіміз – деген Бинәлі Әбдіқапасұлы сол Мәңгілік елдің иесі жастар екенін ерекше атап өтті. Қазақстан Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, профессор Марат Тоқашбаев Қараш би Теңізбайұлы жайлы мәліметтер келтіріп, оның өмірінен сыр шертті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт:

– Мың өліп, мың тірілген қазақ бүгінде есін жиып, еңсесін көтеріп, әлемге танылып жатқан жайымыз бар. Қазіргі күнге біз оңайшылықпен жетпедік. Қаншама батырларымыздың қаны төгілді. Би-шешендеріміз даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешті. Осының арқасында бүгін Жетісу жерінде болашақта ел тұтқасын ұстайтын жастарға үлгі болатын салиқалы жиын өтуде. Облыстағы ақсақалдардың, облыс әкімінің атынан барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын – дей келе, сахналық көріністен үлкен әсер алғандығын жеткізді. Сонымен қатар, Қаңлы қоғамының алғашқы ұйымдастырушысы Нұрмахамбет Әжімбетов, ауданның құрметті азаматы Өмірғали Кенжебеков сөз сөйлеп, келелі ой қозғады. «Қараш би» қорының төрағасы Елеусіз Сұлтанғазиев шараны ұйымдастыруға ерекше атсалысып, көмек қолын созған аудан әкімдігіне алғысын білдіріп, әр рудың ақсақалдарына шапан жапты. Үлкендерге құрмет көрсете отырып, адамзаттың басты құндылығы – кітап болса, сол құндылықтан қонақтарға тарту жасады.

«Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық – балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» – деген Елбасының сөзі осы тұста еріксіз еске түседі. Ұйымдастырушылар ата-бабалар рухына тағзым етіп қана қоймай, жастарға арғы тегінің қандай батыр, би, шешен болғандығын көрсете отырып, оларды құрметтеп, қастерлеуге шақырды.

Мерекелік шараның екінші бөлімін-де Алматы қаласынан келген «Отырар сазы» ұлттық этно-фольклорлық оркестрі ұлттық астпаптармен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін орындады. «Сүйінбай сазы» оркестрі әуезді әндерімен, күмбірлеген қара домбыраның қоңыр үнімен даланы тербетіп, жұртшылықты әсем күйге бөледі. Аудан өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мереке көркін еселей түсті. Ақ дастархан жайылып, жұртшылыққа ас тартылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, ата-бабалар рухына арнап құран бағыштады. Дүбірлі тойдың соңы бәйгеге ұласып, жиылған көпшілік ұлттық өнермен сусындады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3128 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет