Бейсенбі, 27 Қазан 2016 11:21

Тұрғындар мәселесі оң шешімін таппақ

Жақында Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов ауданымызда болып, құрылыстарды, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады. Ауданымыздың жеткен жетістіктерімен аудан басшысы Бинәлі Ысқақ таныстырды.

 

Есік пен Шелек өңірлеріндегі бірқатар елді мекендерді шолып шыққан Жайсаң Қуатұлы ауданның даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақтағы жос-парлармен танысты. Кейіннен, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан азаматтарын қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Қабылдауға аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев және басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері қатысты. Қабылдауда болған ақшилік зейнеткер Мәткәрім Қауыспаев Ақши ауылының атауын өзгерту туралы ұсынысын айтты. Ақши атауының орнына ата-бабамыздың есімін қойсақ деген ұсынысына Жайсаң Қуатұлы барлығын заң аясында жасау керектігін айтты. Себебі, заң – баршамызға ортақ. Алдымен құжаттарын жинап, ономастикалық комиссияға өткізу тиіс екендігін жеткізді. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Саймасай дәрігерлік амбулаториясында меңгеруші болып қызмет атқарып жүрген Бағлан Саматаев «Бағдарлама шартындағы уақыт өтпей жатып жұмыс ауыстыруға бола ма?» – деген сұрағымен келді. Айтуынша, қызметтік өтілі үш жарым жыл, алайда, бағдарламаға сәйкес, ол Саймасайда бес жыл жұмыс атқаруы тиіс. Басқа дәрігерлік амбулаторияға ауысуға ниетті екендігін жеткізді. Жас маманның сұрағына да Жайсаң Ахметов мәселені заң аясында шешуді тапсырды:

– Өзің үш жарым жыл еңбек етсең. Арғы жағындағы бір жарым жыл ғана қалыпты. Бағдарламаның шарттарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ – деп кесіп айтты. Қордаланған бірнеше мәселесін арқалай келген Қазақстан ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Зәмзәгүл Мамырбаева Қазақстан орта мектебінің директоры Ұлбосын Тасирова кәсібіне кедергі келтіріп жүргендігін айтты. Алайда, анықталғандай, кәсіпкер мектеп ішінен кеңсе тауарларын сататын орын сұраған. Ал мектепте сауда жасау заңға қайшы келеді. Осыны түсіндірмек болған мектеп директорына кәсіпкер арыз жазып, өзін оқу орнына жұмысқа алуды талап еткен. Арнайы дип-ломы болмағандықтан, бұл да жүзеге аспаған. «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмеуді» меңзеген мемлекеттік инспектор мектепте сауда-саттық жасауды тоқтатып, кәсіпкерлерге мектеп ғимаратының сыртынан жер беруді ұсынды. Кәсіпкерлер сол маңға дүкен ашып, ісін жүргізсін деп мәселені шешу жолын көрсетті. Сонымен қатар, Зәмзәгүл Мамырбаеваның бірнеше жеке мәселесін қарауды округ әкімі Марат Сүгірбековке жүктеді. Жетім немерелеріне тұрғын үй алып берудің қамымен жүрген сол ауылдың тұрғыны Мариям Хожаниязова балалардың кезегі жылжымай тұрғандығын алға тартты. Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібековтың сөзіне сүйенсек, бүгінде 500-ден астам жетім бала үй кезегінде тұр. Мариям Хожаниязованың ата-анасынан айырылған үш бірдей немересі кезектегі үш жүз адамның ішінде. Бұл жайдан аудан әкімі де хабардар екен.

– Бірнеше жыл болды аудан аумағында тұрғын үй салынып жатқан жоқ. Сондықтан үй кезегі де жылжымай, бір орында тұр. Десе де, биыл екі ауылда тұрғын үй салу үшін жерге инфрақұрылым жасалып жатыр. Баспана салуға жағдайы келетіндерге жер телімін беріп, үй кезегін жылжытуды жоспарлап отырмыз – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы. Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндаған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әділбай Талқанбаев Жайсаң Қуатұлына ауданда атқарылып жатқан игі шаралар жайлы айтты. Бүкіл Шелек өңірінің проблемасын арқалай келген мектеп мұғалімі Алишер Матхалыков Шелек өңіріне аудан мәртебесін беруді сұрады. Себебі, Шелек ауылында барлық бөлімдердің филиалдары болғанымен, кейбір құжаттарға мөр басу үшін шелектіктер аудан орталығына сабылып жататындығын жеткізді. Ал Райымбек ауданымен шекаралас орналасқан Көкпек ауылының тұрғындары үшін Есік қаласына жету үлкен «жыр». Шелектіктердің мәселесіне қаныққан Жайсаң Ахметов аудан әкіміне мөр мен қол қою үшін сол жақтың тұрғындарын Есікке келмейтіндей жағдай жасауды тапсырып, қазіргі дағдарыс әлемді шарпыған уақытта Шелекке аудан статусын қайта беру оңай шаруа еместігін алға тартты. Сондай-ақ, Шелек тұрғындарының мәселесімен келген Әбілбек Айтақыновқа да тұщымды жауап берілді. Шелектегі емхананы жөндеуге қаражат бөлгізуге қол ұшын беретіндігін айтты Жайсаң Қуатұлы.

Осылайша, аудан тұрғында-рын жеке-жеке қабылдап, мәселесімен танысқан мемлекеттік инспектор құзырлы органдарға тапсырма беріп, түйіткілдердің түйінін тез арада тарқату керектігін жеткізді. Сонымен бірге, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткішіне көңілі толатындығын сөз етті.

 Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3592 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет