Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:28

Республикада – Бірінші

12 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бүгінде тұрғындардың қордаланған мәселелерін шешуге ықпал етіп, жұртшылықтың алғысына бөленуде. Сәйкесінше, партиялық ұжымның еңбегі еленіп, марапаттарға ие болуда.

 

Жақында Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының мерекелік салтанатты жиынында Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының мерейі тасыды. Республикадағы 238 аудандық партия филиалының арасынан суырылып, «Ең үздік аумақтық қоғамдық қабылдау» республикалық байқауының жеңімпазы деп танылды. Аталған байқаудың ұйымдастырылғанына аз уақыт болған жоқ. Осы кезең аралығында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына 330 азамат өтінішпен келген. Оның 67 пайы-зы оң шешімін тауып, қалған 33 пайызына кеңес беріп, бағыт-бағдар сілтеген. Өтініштердің барлығы тасада қалмай, тиісті органдарға жолданып, оңтайлы шешілуіне партия филиалы тарапынан барынша ықпал жасалған.

– Бұл жеңіс – аудандағы партия мүшелерінің, партия филиалы ұжымының бірге бағындырған белесі десек, артық айтқандық емес. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауға келгендердің мәселесін шешуде үлкен рөл атқарған аудандық партия филиалының төрағасы, аудандағы басқарма мен бөлім басшыларының еңбегін атап өтуге тұрарлық – дейді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қуат Сұлтанұлы ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген партия белсенділерін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың Алғыс хатымен марапаттады. Бірнеше азаматқа патриялық билетін табыстап, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

 Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 3507 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Республикада – Бірінші Республикада – Бірінші »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет